Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Uranium One Netherlands B.V. компаниясына "Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қытысу үлесінің 50 %-ын "УраниумУанГруп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
2. Uranium One Utrecht B.V. компаниясына "Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 30 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
3. Uranium One Rotterdam B.V. компаниясына "Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қытысу үлесінің 70 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.
4. "Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген немесе олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
74. | "Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесінің 50 % |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30. | "Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесінің 50 % |
".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |