"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) және 13) тармақшаларына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Steel manufacturing" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Қазтехнология" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) ұсынысы қабылдансын.
2. Серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызы "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғаммен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |