Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 6,28 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің электр беру желілерін салу үшін "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "КEGOC" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – акционерлік қоғам) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Акционерлік қоғам (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту шараларын қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 193 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | ||
орман | орман көмкермеген |
өзге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 4,18 | 2,88 | 1,3 | - |
"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 2,1 | - | 1,5 | 0,6 |
Барлығы: | 6,28 | 2,88 | 2,8 | 0,6 |