Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 222 қаулысы.

      "Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 1025 Жарлығының 2-тармағына, Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы (бұдан әрі – Нагоя хаттамасы) 13-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі:

      генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық үйлестіру орталығы;

      өсімдіктер дүниесінің, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

      2) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі генетикалық ресурстарға қол жеткізу және микроағзалардың генетикалық ресурстары (штамдары) саласындағы пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган;

      4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар (вакциналар) өндірісімен байланысты генетикалық ресурстар саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша ұлттық құзыретті орган болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрліктері Нагоя хаттамасының 17-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес:

      1) ведомстволық бағынысты ұйымдар қатарынан генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруды және ашықтығын арттыруды қамтамасыз ететін бақылау пункттерін белгілесін;

      2) Нагоя хаттамасының ережелерінен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізілсін.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Нагоя хаттамасына сәйкес ұлттық үйлестіру орталығы мен құзыретті ұлттық органдардың тағайындалуы туралы Биологиялық әралуандық туралы конвенцияның хатшылығын хабардар етсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 222 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      функциялары мынадай мазмұндағы 508-30), 508-31) және 508-32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "508-30) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті, сондай-ақ генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;

      508-31) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      508-32) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;".

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      функциялары мынадай мазмұндағы 323-2), 323-3) және 323-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-2) дәрілік заттарды (вакциналарды) өндіруге байланысты генетикалық ресурстар саласында генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті ұйымдастырады;

      323-3) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      323-4) дәрілік заттардың (вакциналардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;".

      3. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 664-11), 664-12), 664-13), 664-14), 664-15) және 664-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "664-11) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      664-12) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға, сондай-ақ осы генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;

      664-13) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;

      664-14) құзыретті ұлттық органдардың қорытындылары негізінде Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға және осы Конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін рұқсаттар береді;

      664-15) генетикалық ресурстарға қол жеткізу үшін реттеушілік талаптарды және ұлттық рұқсат нысандарын әзірлейді және бекітеді;

      664-16) генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеу тәртібін айқындайды;".

      4. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 177-12), 177-13) және 177-14) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "177-12) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және пайданы бірлесіп пайдалануды ұйымдастырады;

      177-13) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      177-14) микроағзалардың (штамдардың) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді.".

О реализации Нагойского протокола регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2023 года № 222

      В соответствии с пунктом 2 Указа Президента Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 1025 "О присоединении Республики Казахстан к Нагойскому протоколу регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии", пунктами 1 и 2 статьи 13 Нагойского протокола регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к Конвенции о биологическом разнообразии (далее – Нагойский протокол) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Назначить:

      1) Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан:

      национальным координационным центром по вопросам доступа к генетическим ресурсам и совместного использования выгод;

      компетентным национальным органом по вопросам доступа к генетическим ресурсам и совместного использования выгод в области генетических ресурсов растительного, в том числе лесов, и животного мира;

      2) Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан компетентным национальным органом по вопросам доступа к генетическим ресурсам и совместного использования выгод в области генетических ресурсов (штаммов) микроорганизмов;

      3) Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан компетентным национальным органом по вопросам доступа к генетическим ресурсам и совместного использования выгод в области генетических ресурсов сельскохозяйственных животных и растений;

      4) Министерство здравоохранения Республики Казахстан компетентным национальным органом по вопросам доступа к генетическим ресурсам и совместного использования выгод в области генетических ресурсов, связанных с производством лекарственных средств (вакцин).

      2. Министерствам экологии и природных ресурсов, науки и высшего образования, сельского хозяйства, здравоохранения Республики Казахстан в соответствии с подпунктом а) пункта 1 статьи 17 Нагойского протокола:

      1) назначить из числа подведомственных организаций контрольные пункты, обеспечивающие осуществление мониторинга и повышение прозрачности использования генетических ресурсов;

      2) принять иные меры, вытекающие из положений Нагойского протокола.

      3. Внести дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Секретариат Конвенции о биологическом разнообразии о назначении национального координационного центра и компетентных национальных органов в соответствии с Нагойским протоколом.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 16 марта 2023 года № 222

Дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан":

      В Положении о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 508-30), 508-31) и 508-32) следующего содержания:

      "508-30) организует доступ к генетическим ресурсам и совместному использованию выгод в области генетических ресурсов сельскохозяйственных животных и растений, а также к традиционным знаниям, связанным с генетическими ресурсами;

      508-31) осуществляет мониторинг использования генетических ресурсов в пределах своей компетенции и традиционных знаний, связанных с генетическими ресурсами;

      508-32) выдает обоснованное заключение для доступа к генетическим ресурсам сельскохозяйственных животных и растений;".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 323-2), 323-3) и 323-4) следующего содержания:

      "323-2) организация доступа к генетическим ресурсам и совместному использованию выгод в области генетических ресурсов, связанных с производством лекарственных средств (вакцин);

      323-3) осуществление мониторинга использования генетических ресурсов в пределах своей компетенции и традиционных знаний, связанных с генетическими ресурсами;

      323-4) выдача обоснованного заключения для доступа к генетическим ресурсам лекарственных средств (вакцин);".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 479 "Вопросы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 664-11), 664-12), 664-13), 664-14), 664-15) и 664-16) следующего содержания:

      "664-11) осуществляет мониторинг использования генетических ресурсов в пределах своей компетенции и традиционных знаний, связанных с генетическими ресурсами;

      664-12) организует доступ к генетическим ресурсам и совместному использованию выгод в области генетических ресурсов растительного, в том числе лесов, и животного мира, а также к традиционным знаниям, связанным с этими генетическими ресурсами;

      664-13) выдает обоснованное заключение для доступа к генетическим ресурсам растительного, в том числе лесов, и животного мира;

      664-14) на основании заключений компетентных национальных органов выдает разрешения для доступа к генетическим ресурсам на территории Республики Казахстан и вывоза их с территории Республики Казахстан в соответствии с Конвенцией о биоразнообразии и Нагойским протоколом регулирования доступа к генетическим ресурсам и совместного использования на справедливой и равной основе выгод от их применения к данной Конвенции;

      664-15) разрабатывает и утверждает регулятивные требования и формы национального разрешения для доступа к генетическим ресурсам;

      664-16) определяет порядок осуществления мониторинга использования генетических ресурсов;".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 177-12), 177-13) и 177-14) следующего содержания:

      "177-12) организация доступа к генетическим ресурсам и совместному использованию выгод в области генетических ресурсов микроорганизмов (штаммов);

      177-13) осуществление мониторинга использования генетических ресурсов в пределах своей компетенции и традиционных знаний, связанных с генетическими ресурсами;

      177-14) выдача обоснованного заключения для доступа к генетическим ресурсам микроорганизмов (штаммов);".