"Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 451 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті әдіснамалық- ақпараттық қамтамасыз ету болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 831 "О создании акционерного общества "Национальный центр государственной научно-технической экспертизы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 451.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2011 года № 831 "О создании акционерного общества "Национальный центр государственной научно-технической экспертизы" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 1 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О науке" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Определить основными предметами деятельности Общества организацию работ по проведению государственной научно-технической экспертизы научных, научно-технических проектов и программ, а также проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, предлагаемых к финансированию из средств государственного бюджета, и работы национальных научных советов, информационно-методологическое обеспечение научной и научно-технической деятельности.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов