"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 497 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 23-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 183-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "ерекше талап қою және" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 228-бап алып тасталсын;

      4) 30-тарау алып тасталсын;

      5) 302-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 44-тарау алып тасталсын;

      7) 467-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын.

      2. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      1) 4-баптың бірінші бөлігінде:

      4) тармақшадағы "жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының" деген сөздер "айқындалатын тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша "қатынастарда" деген сөзден кейін "уәкілетті" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жолданым дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.";

      3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі

      1. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізуде сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезінде ақылға қонымды мерзім қолданылады.

      2. Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның, құқықтары мен міндеттерін орындау дәрежесінен көрінетін іске қатысушылардың әкімшілік мінез-құлқы, әрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.

      3. Жолданымдарды, әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      4) 22-баптың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "шағым жасау барысында" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 62-баптың екінші бөлігіндегі "қабылданған кезден" деген сөздер "тіркелген күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 63-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацының 5) тармақшасы "қолы" деген сөзден кейін "не электрондық цифрлық қолтаңбасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 64-баптың екінші, үшінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жолданым әкімшілік органға берілген жағдайда арыз иесіне күні мен уақыты, жолданымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.

      Жолданым мемлекеттiк заңды тұлғаға берiлген жағдайда, өтiнiш берушiге жолданымның қабылданғанын растайтын құжат берiледi.

      3. Жолданым қабылданған күні тіркеледі.

      Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түссе ол жақын уақыттағы одан кейінгі жұмыс күні тіркеледі.";

      "7. Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, сондай-ақ жолданымда былапыт сөздер не қорлайтын сөздер болған жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады.

      Егер арызда нормативтік емес лексика болса, әкімшілік орган, лауазымды адам арызды жіберген әкімшілік рәсімге қатысушыға құқықты теріс пайдалануға жол бермеу туралы және осындай сөздер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық туралы ескерте отырып арызды қайтара алады.";

      8) 67-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "11. Әкімшілік орган, лауазымды адам қабылданған шешім туралы әкімшілік рәсімге қатысушыны ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.";

      9) 69-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерден басқа, есептік тіркеуді жүзеге асыру мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді қоспағанда, жарнаманы қамтитын ұсыныстар, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес валюталық шарттар, шетелдік банктердегі шоттар туралы хабарламалар және осындай шоттарды есептік тіркеу бойынша келіп түскен өтініштер есепке алынбайды";

      10) 73-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацының 3) тармақшасы арқылы деген сөзден кейін "жазбаша немесе ауызша (ауызша тыңдау) нысандарда" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      3) тармақшадағы "үш күндік мерзімнен аз уақыт" деген сөздер "бес жұмыс күнінен аз мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "берілмеген жағдайларға қолданылмайды" деген сөздер "берілмеген" деген сөзбен ауыстырылып мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы немесе әкімшілік рәсімге қатысушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған негізде шығарылған заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайларға қолданылмайды.";

      төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жазбаша нысанда тыңдаудың кезінде, хаттама жүргізілмейді.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Ауызша тыңдаудың өткізілетін күні, уақыты және орны туралы алдын ала және тиісінше хабарланған әкімшілік рәсімге қатысушы оған келмеуі мәні бойынша қаралатын әкімшілік іс бойынша шешім қабылдауға кедергі болып табылмайды.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді әкімшілік рәсімге қатысушыға, кейіннен одан осы алдын ала шешімге жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда қарсылық ала отырып, жіберу жазбаша нысанда тыңдау деп танылады.";

      11) 74-бапта:

      тақырыпта "Тыңдау" деген сөз "Ауызша тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте "Тыңдау" деген сөз "Ауызша тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Тыңдау" деген сөз "Ауызша тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік "мәліметтерді" деген сөзден кейін "ауызша" деген сөзбен толықтырылсын;

      төртінші бөлікте:

      "Тыңдау" деген сөз "Ауызша тыңдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "дайындауға" деген сөз "ауызша тыңдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей дайындауға," деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөлік "тұлғаға" деген сөзден кейін "ауызша" деген сөзбен толықтырылсын;

      алтыншы бөлікте:

      бірінші абзац "ішінде" деген сөзден кейін "ауызша" деген сөзбен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Барлық ескерту әкімшілік іске қоса тіркеледі.";

      12) 75-баптың бірінші бөлігі "іс қаралғаннан" деген сөздер "істі қарау барысында және қаралғаннан," деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімдері және оларды есептеу тәртібі

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      2. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім мерзімінің өтуі жолданым тіркелген не оның уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен күнінен, ол қайта жіберілген кезде осы Кодекстің 65-бабында көзделген жағдайларда басталады.

      Әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы бойынша әкімшілік актілерді қабылдау үшін әкімшілік рәсім мерзімінің өтуі осындай бастама жасалған күннен басталады.

      3. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін әкімшілік орган басшысының, оның орынбасарының немесе аппарат басшысының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай мұндай шешім қабылданған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушыға бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

      4. Шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам әкімшілік рәсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.

      5. Егер әкімшілік рәсім мерзімінің соңғы күні жұмыс күнін тура келмесе, келесі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.";

      14) 80-бапта:

      бірінші бөліктің 5) тармақшасы "қолы" деген сөзден кейін "немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасы "қабылдаған" деген сөзден кейін "(бұл ретте бірдей актілердің біріншісі негізді болуға тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Әкімшілік актіде немесе оған қосымшада қарау үшін шағым берілуі мүмкін жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам, осындай шағым берілуі мүмкін мерзім және осы актіге шағым жасау тәртібі міндетті түрде көрсетіледі.

      Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдарды қарауға уәкілеттік берілген өзге де әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіде немесе оған қосымшада осы актіге сотқа дау айту тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.";

      15) 84-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңсыз әкімшілік актінің толық немесе бір бөлігінде әкімшілік органмен, оны қабылдаған лауазымды адаммен немесе жоғары тұрған әкімшілік органмен, лауазымды адаммен не сотпен күші жойылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "9. Әкімшілік рәсімге қатысушы осы Кодекстің 66-бабында көзделген тәртіппен заңсыз қолайлы әкімшілік актінің күшін жою туралы хабардар етіледі.";

      16) 86-баптың бірінші бөлігіндегі "азаматтар" деген сөз "жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 87-баптың екінші бөлігінде "орган," деген сөзден кейін "мемлекеттік заңды тұлға," деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 88-баптың бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы "баяндалмаса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады" деген сөздер "баяндалмаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өтініш берушіден хабарламаны, ұсынысты, жауапты немесе сұрау салуды кері қайтарып алуды қабылданса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға тиіс.";

      19) 91-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакциядағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бөліктің екінші абзацының күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне шағымдарына қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 4-1 және 4-2 бөліктермен толықтырылсын:

      "4-1. Осы баптың төртінші бөлігінің ережелері мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне шағымдарына қолданылады.

      4-2. Мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне шағымдарын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, жолданым беруші осы бас тартуға осы бапта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

      Бұл ретте, бұл норма Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты берілген шағымдарға қолданылмайды.";

      алтыншы бөлік мынадай редакциядағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы бөліктің күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне шағымдарына қолданылмайды.";

      91-бап мынадай редакциядағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. Осы Кодекстің 3-бөлімінің 13, 14, 15 тарауларының мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалуы мүмкін әкімшілік органға теңестіріледі.";

      20) 92-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Егер әкімшілік актіде немесе оған қосымшада осы Кодекстің 80-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік актіге шағымданудың ықтимал құқықтық тәсілдері көзделмесе, мұндай әкімшілік актіге шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны туралы белгілі болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей берілуі мүмкін.";

      екінші бөлімнің бірінші абзацындағы "бөлігінде" деген сөз "және 1-1 бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 93-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында:

      2) тармақша:

      "нөмірі" деген сөзден кейін "(ол болған кезде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "дау" деген сөз "шағым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 95-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) даулы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) соттың қарауындағы әкімшілік талап қойылғаны анықталса.";

      23) 96-бап мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қолданылатын жағдайларда әкімшілік актіде бірінші бөлімнің 1) және 3) тармақшаларында көзделген алып тастауларға, оларды қолдану негіздемелеріне, шағым беру актінің қолданылуын тоқтата тұрмайтынын куәландыратын нұсқаулар болуға тиіс.";

      24) 98-баптың үшінші бөлігіндегі "дау" деген сөз "шағым" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Шағымды қарау мерзімі

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымды қарау мерзімі шағым тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шағымды қарау мерзімін ұзартуға жол берілмейді.";

      26) 107-баптың алтыншы бөлігінде екінші сөйлемінде "жатпайтын" деген сөз "жататын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 113-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацының 4) тармақшасы "және" деген сөзден кейін "жеке тұлғаның" деген сөзбен толықтырылсын;

      28) 116-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот сот талқылауы барысында әкімшілік қараудың шегі, әкімшілік актінің немесе іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарға сәйкес келуі мен сәйкес келуін тексеруге міндетті.";

      29) 129-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап бойынша даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган, лауазымды адам.";

      30) 131-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап қою.";

      31) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

      "135-1 бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап қою.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап қою бойынша талап қоюшы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңға (Конституциядан басқа) толығымен немесе жекелеген бөлігінде қайшы деп тануды талап ете алады.";

      32) 136-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығын тексеру туралы талап қою қоюшыға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілген оның құқықтары мен заңды мүдделерінің және (немесе) ықтимал бұзылғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа беріледі.";

      33) 155-баптың екiншi бөлiгi "асыру" деген сөзден кейiн "әкімшілік актіні қабылдау немесе іс-әрекет жасау жөніндегі әкімшілік органның" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын:

      "159-1-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы талап қою бойынша шешім

      1. Сот заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы талапты негізді деп тани отырып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің қандай заңдарға (Конституциядан басқа) және қай бөлігіне қайшы келетіні және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні акт қабылданған кезден бастап толық немесе оның жекелеген бөлігінде қолданылмайды деп тану туралы көрсетіледі.

      2. Соттың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.";

      35) 162-бап "өзге де" деген сөзден кейін "аккредиттелген" деген сөзбен толықтырылсын;

      36) мынадай мазмұндағы 26-1-тараумен толықтырылсын:

      "26-1-тарау. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы Әкімшілік істер бойынша іс жүргізу

      167-1-бап. Талап қою

      1. Заңда көзделген тәртіппен қабылданған және жарияланған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен (оның Ережесімен) олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады және (немесе) бұзылуы мүмкін деп есептейтін, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын азамат немесе заңды тұлға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.

      Прокурор заңсыз заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінінің заңға сәйкес келмейтіндігіне наразылықты қабылдамай тастаған жағдайда заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      2. Талап қою осы Кодекстің 131-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге және одан әрі уәкілетті органның, даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған лауазымды адамның атауы, оның қабылданған күні, азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері осы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережелерімен) бұзылуы және (немесе) бұзылуы мүмкін, даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт (оның ережелері) даулы заңға тәуелді Қазақстан Республикасы заңдарының (Конституциядан басқа) қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келеді. туралы деректерді қамтуға тиіс

      3. Талапқа даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) көшірмесі қоса беріледі. Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт ресми жарияланған жағдайда, талап қоюда оның жарияланған күні көрсетіледі.

      4. Прокурор наразылық білдірілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні сот қарағанға дейін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайларды қоспағанда, сотқа талап қоюды беру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) қолданылуын тоқтата тұрмайды.

      167-2-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істі қарау

      1. Сотқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын тексеру туралы талап арызбен жүгінген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ уәкілетті орган, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған лауазымды адам сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

      2. Іс бір ай мерзімде қаралады.

      3. Сот отырысында сот уәкілетті органның, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған лауазымды адамның құзыретін, барлық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексереді.

      4. Сотқа жүгінген адамның өз талабынан бас тартуы істі қарамау үшін негіз болып табылмайды. Уәкілетті органның, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні шығарған лауазымды адамның талапты тануы сот үшін міндетті емес.

      167-3-бап. Сот шешімі және оның орындалуы

      1. Сот талапты негізсіз деп танып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      2. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бөлігінде заңға (Конституциядан басқа) сәйкес емес және жарамсыз деп таныған соттың шешімі осы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті орган немесе лауазымды адам үшін міндетті. Соттың шешімі, тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне даулы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші қолданылған белгісіз адамдар тобы үшін міндетті болып табылады.

      3. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына басқа азаматтар немесе заңды тұлғалар оның бұрын сот тәртібімен тексерілмеген бөлігінде ғана қайта дау айтуы мүмкін.

      4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні (оның ережелерін) заңсыз деп тану туралы сот шешімі осы Кодекстің 159-1-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып қабылданады.".

      3. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 25-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі ", орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап.

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования и расширения сферы административной юстиции"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2023 года № 497.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования и расширения сферы административной юстиции".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Проект

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования и расширения сферы административной юстиции

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан от 31 октября 2015 года:

      1) часть третью статьи 23 исключить;

      2) в абзаце втором части первой статьи 183 слова "особого искового и" исключить;

      3) статью 228 исключить;

      4) главу 30 исключить;

      5) подпункт 13) части первой статьи 302 исключить;

      6) главу 44 исключить;

      7) подпункт 4) части первой статьи 467 исключить.

      2. В Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 29 июня 2020 года:

      1) в части первой статьи 4:

      в подпункте 4) слова "индивидуально определенного круга лиц" заменить словами "определяемых лиц";

      подпункт 8) после слова "– деятельность" дополнить словом "уполномоченного";

      2) часть третью статьи 9 изложить в следующей редакции:

      "3. Обращение в суд может быть подано после соблюдения досудебного порядка урегулирования спора, если иное не предусмотрено законом.";

      3) статью 17 изложить в следующей редакции:

      "Статья 17. Разумный срок административных процедур и административного судопроизводства

      1. Разумный срок применяется в административном судопроизводстве, включая производство отдельных процессуальных действий, а также при проведении административных процедур.

      2. При определении разумного срока учитываются такие обстоятельства, как правовая и фактическая сложность административного дела, поведение участников административного дела, выражающееся в степени использования прав и выполнения обязанностей, достаточность и эффективность действий административного органа, должностного лица, суда, осуществляемые в целях оперативного рассмотрения административного дела.

      3. Рассмотрение и разрешение обращений, отдельных категорий административных дел осуществляются в сроки, установленные настоящим Кодексом.";

      4) в подпункте 7) части второй статьи 22 слова "в ходе обжалования" исключить;

      5) в части второй статьи 62 слова "с момента приема" заменить словами "со дня регистрации";

      6) подпункт 5) части второй статьи 63 после слова "представителя" дополнить словами "либо электронная цифровая подпись";

      7) части вторую, третью и седьмую статьи 64 изложить в следующей редакции:

      "2. В случае подачи обращения в административный орган заявителю выдается талон, содержащий уникальный номер, с указанием даты и времени, фамилии и инициалов, должности лица, принявшего обращение.

      В случае подачи обращения государственному юридическому лицу заявителю выдается документ, подтверждающий прием обращения.

      3. Обращение регистрируется в день его приема.

      Если обращение поступило в нерабочий день, то оно регистрируется в ближайший следующий за ним рабочий день.";

      "7. Административный орган, должностное лицо возвращают обращение, если заявитель не привел его в соответствие с требованиями законодательства Республики Казахстан в срок, установленный административным органом, должностным лицом.

      В случае, если в заявлении содержится ненормативная лексика, административный орган, должностное лицо могут возвратить заявление с предупреждением участника административной процедуры, направившего заявление, о недопустимости злоупотребления правом и установленной законами Республики Казахстан ответственности за такие выражения.";

      8) статью 67 дополнить частью одиннадцатой следующего содержания:

      "11. Административный орган, должностное лицо обязаны уведомить участника административной процедуры о принятом решении в течение двух рабочих дней со дня его принятия.";

      9) абзац второй части третьей статьи 69 изложить в следующей редакции:

      "Не подлежат учету предложения, содержащие рекламу, обращения, поступившие по вопросам оказания государственных услуг, за исключением обращений, предусмотренных подпунктом 3) пункта 1 статьи 4 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", обращения, поступившие в соответствии с Законом Республики Казахстан "О валютном регулировании и валютном контроле", по вопросам осуществления учетной регистрации валютных договоров, уведомления о счетах в иностранных банках и учетной регистрации таких счетов.";

      10) в статье 73:

      абзац второй части первой после слова "осуществляться" дополнить словами "в письменной или устной (устное слушание) формах";

      в части второй:

      в подпункте 3) слова "менее чем трехдневный срок для осуществления административной процедуры" заменить словами "срок для осуществления административной процедуры менее чем пять рабочих дней";

      дополнить подпунктом 8) следующего содержания:

      "8) имеется вступивший в законную силу судебный акт, вынесенный в отношении участника административной процедуры, о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги, или на основании которого участник административной процедуры лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.";

      часть четвертую дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "При заслушивании в письменной форме протокол не ведется.";

      дополнить частью пятой следующего содержания:

      "5. Неявка участника административной процедуры, извещенного заблаговременно и надлежащим образом о дне, времени и месте проведения устного слушания, не является препятствием для принятия решения по рассматриваемому административному делу по существу.";

      дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание. Заслушиванием в письменной форме признается направление предварительного решения по административному делу участнику административной процедуры с последующим получением от него возражений на данное предварительное решение в письменной (бумажной и (или) электронной) форме.";

      11) в статье 74:

      в заголовке слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      в части первой слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      в абзаце первом части второй слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      в части третьей слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      в части четвертой:

      слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      после слова "секретарем" дополнить словами "не позднее двух рабочих дней после окончания устного слушания";

      в части пятой слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      в части шестой:

      в абзаце первом слово "заслушивания" заменить словами "устного слушания";

      абзац второй дополнить предложением вторым следующего содержания:

      "Все замечания приобщаются к административному делу.";

      12) часть первую статьи 75 после слов "материалами административного дела" дополнить словами "как в ходе, так и";

      13) статью 76 изложить в следующей редакции:

      "Статья 76. Сроки административной процедуры, возбужденной на основании обращения, и порядок их исчисления

      1. Срок административной процедуры, возбужденной на основании обращения, составляет пятнадцать рабочих дней со дня регистрации обращения, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      2. Течение срока административной процедуры, возбужденной на основании обращения, начинается со дня регистрации обращения либо его поступления в уполномоченный административный орган, должностному лицу, при его перенаправлении, в случаях, предусмотренных статьей 65 настоящего Кодекса.

      Для принятия административных актов по инициативе административного органа, должностного лица течение срока административной процедуры начинается со дня такой инициативы.

      3. Срок административной процедуры, возбужденной на основании обращения, может быть продлен мотивированным решением руководителя, его заместителя или руководителя аппарата административного органа на разумный срок, но не более чем до двух месяцев со дня принятия такого решения, ввиду необходимости установления фактических обстоятельств, имеющих значение для правильного рассмотрения административного дела, о чем извещается участник административной процедуры в течение трех рабочих дней со дня продления срока.

      4. За необоснованное продление срока административной процедуры лицо, уполномоченное на принятие решения, несет дисциплинарную и иную ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

      5. Если последний день срока административной процедуры попадает на нерабочий день, днем окончания срока считается следующий рабочий день.";

      14) в статье 80:

      в подпункте 5) части первой после слова "подпись" дополнить словами "или электронная цифровая подпись";

      в подпункте 2) части второй после слова "дней" дополнить словами "(при этом первый из идентичных актов должен быть обоснованным)";

      дополнить частью пятой следующего содержания:

      "5. В административном акте или приложении к нему в обязательном порядке указываются вышестоящий административный орган, должностное лицо, которым может быть предъявлена жалоба для рассмотрения, или иной административный орган, должностное лицо, уполномоченные в соответствии с законами Республики Казахстан рассматривать жалобы, срок, в течение которого может быть подана такая жалоба, и порядок обжалования данного акта.

      В случае отсутствия вышестоящего административного органа, должностного лица или иного административного органа, должностного лица, уполномоченных в соответствии с законами Республики Казахстан рассматривать жалобы, в административном акте или приложении к нему указываются порядок и срок судебного оспаривания данного акта.";

      15) в статье 84:

      часть вторую после слова "части" дополнить словами "административным органом, должностным лицом, который его принял, или вышестоящим административным органом, должностным лицом либо судом";

      дополнить частью девятой следующего содержания:

      "9. Участник административной процедуры уведомляется об отмене незаконного благоприятного административного акта в порядке, предусмотренном статьей 66 настоящего Кодекса.";

      16) в части первой статьи 86 слово "граждан" заменить словами "физических лиц";

      17) часть вторую статьи 87 после слова "органом," дополнить словами "государственным юридическим лицом,";

      18) часть первую статьи 88 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) принятия отзыва сообщения, предложения, отклика или запроса от заявителя.";

      19) в статье 91:

      часть третью дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание. Действие абзаца второго настоящей части не распространяется на жалобы государственного органа, государственного юридического лица на решение другого государственного органа, государственного юридического лица.";

      дополнить частями 4-1 и 4-2 следующего содержания:

      "4-1. Положения части четвертой настоящей статьи распространяются на жалобы государственного органа, государственного юридического лица на решение другого государственного органа, государственного юридического лица.

      4-2. В случае отказа в удовлетворении жалобы государственного органа, государственного юридического лица на решение другого государственного органа, государственного юридического лица заявитель вправе обжаловать данный отказ в порядке, установленном настоящей статьей, Регламентом Правительства Республики Казахстан. При этом данная норма не распространяется на жалобы, поданные в отношении государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан.";

      часть шестую дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание. Действие настоящей части не распространяется на жалобы государственного органа, государственного юридического лица на решение другого государственного органа, государственного юридического лица.";

      дополнить примечанием следующего содержания:

      "Примечание. В целях глав 13, 14 и 15 раздела 3 настоящего Кодекса филиал Национального Банка Республики Казахстан приравнивается к административному органу, чей административный акт, административное действие (бездействие) могут быть обжалованы в административном (досудебном) порядке.";

      20) в статье 92:

      дополнить частью 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Если в административном акте или приложении к нему не предусмотрены возможные правовые способы обжалования административного акта, указанные в части пятой статьи 80 настоящего Кодекса, жалоба на такой административный акт может быть подана не позднее шести месяцев со дня, когда участнику административной процедуры стало известно о принятии административного акта.";

      в абзаце первом части второй слова "частью первой" заменить словами "частями первой и 1-1";

      21) в части второй статьи 93:

      подпункт 2):

      после слова "номер" дополнить словами "(при его наличии)";

      после слов "юридического лица" дополнить словами "(при его наличии)";

      в подпункте 4) слово "оспариваются" заменить словом "обжалуются";

      22) часть первую статьи 95 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) установлено, что на оспариваемый административный акт, административное действие (бездействие) подан административный иск, который находится на рассмотрении суда.";

      23) статью 96 дополнить абзацем пятым следующего содержания:

      "В применимых случаях в административном акте должны содержаться указания на исключения, предусмотренные в подпунктах 1) и 3) части первой, обоснования их применения, свидетельствующие о том, что подача жалобы не будет приостанавливать действие акта.";

      24) в части третьей статьи 98 слово "оспаривается" заменить словом "обжалуется";

      25) статью 99 изложить в следующей редакции:

      "Статья 99. Срок рассмотрения жалобы

      Срок рассмотрения жалобы составляет двадцать рабочих дней со дня регистрации жалобы, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      Продление срока рассмотрения жалобы не допускается, за исключением случаев, установленных законами Республики Казахстан.";

      26) в предложении втором части шестой статьи 107 после слов "спорам и" слово "не" исключить;

      27) подпункт 4) части четвертой статьи 113 после слова "жительства" дополнить словом "физического";

      28) в части второй статьи 116 слова "и их соответствие (соразмерность) целям принятия административного акта" заменить словами ", соразмерность и соответствие административного акта или действия (бездействия) целям";

      29) часть вторую статьи 129 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) по иску о проверке законности подзаконного нормативного правового акта - уполномоченный орган, должностное лицо, принявшие оспариваемый подзаконный нормативный правовой акт.";

      30) в части первой статьи 131:

      абзац второй после слова "Кодекса" дополнить предлогом "под";

      абзац третий дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) иск о проверке законности подзаконного нормативного правового акта.";

      31) дополнить статьей 135-1 следующего содержания:

      "Статья 135-1. Иск о проверке законности подзаконного нормативного правового акта

      По иску о проверке законности подзаконного нормативного правового акта истец может потребовать признать подзаконный нормативный правовой акт (его положения) противоречащим закону (кроме Конституции) полностью или в отдельной части.";

      32) статью 136 дополнить частью 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Иск о проверке законности подзаконного нормативного правового акта (его положений) подается в суд в течение трех месяцев со дня, когда истцу стало известно о нарушении и (или) возможном нарушении его прав и законных интересов, которые гарантированы Конституцией и законами Республики Казахстан.";

      33) часть вторую статьи 155 после слова "полномочия" дополнить словами "административного органа по принятию административного акта или совершению действия";

      34) дополнить статьей 159-1 следующего содержания:

      "Статья 159-1. Решение по иску о признании незаконным подзаконного нормативного правового акта (его положений)

      1. Суд, признав обоснованным иск о признании незаконным подзаконного нормативного правового акта (его положений), выносит решение об удовлетворении иска. В решении указывается каким законам (кроме Конституции) и в какой части противоречит оспариваемый подзаконный нормативный правовой акт, и признании подзаконного нормативного правового акта недействующим полностью или в отдельной его части с момента принятия акта.

      2. Решение суда о признании незаконным подзаконного нормативного правового акта или сообщение о нем должно быть опубликовано в средствах массовой информации за счет средств органа, его принявшего (издавшего). Опубликование должно быть осуществлено не позднее десяти календарных дней со дня вступления решения суда в законную силу.";

      35) статью 162 после слова "иных" дополнить словом "аккредитованных";

      36) дополнить главой 26-1 следующего содержания:

      "Глава 26-1. Производство по административным делам об оспаривании законности подзаконного нормативного правового акта

      Статья 167-1. Подача иска

      1. Гражданин или юридическое лицо, на которых распространяется действие подзаконного нормативного правового акта, считающие, что принятым и опубликованным в предусмотренном законом порядке подзаконным нормативным правовым актом (его положением) нарушаются и (или) могут быть нарушены их права и законные интересы, гарантированные Конституцией и законами Республики Казахстан, вправе обратиться в суд с иском о проверке законности подзаконного нормативного правового акта.

      Прокурор в случае отклонения протеста на несоответствующий закону подзаконный нормативный правовой акт органом или должностным лицом, принявшим незаконный подзаконный нормативный правовой акт, либо вышестоящим органом или должностным лицом обращается в суд с иском о проверке законности подзаконного нормативного правового акта.

      2. Иск должен соответствовать требованиям, предусмотренным статьей 131 настоящего Кодекса, и дополнительно содержать данные о наименовании уполномоченного органа, должностного лица, принявшего оспариваемый подзаконный нормативный правовой акт, дате его принятия, какие права, свободы и охраняемые законом интересы гражданина или юридического лица нарушаются и (или) могут быть нарушены этим подзаконным нормативным правовым актом (его положениями), каким статьям или положениям законов Республики Казахстан (кроме Конституции) противоречит оспариваемый подзаконный нормативный правовой акт (его положения).

      3. К иску приобщается копия оспариваемого подзаконного нормативного правового акта (его положений). При этом, в случае официального опубликования подзаконного нормативного правового акта, в иске указывается дата его опубликования.

      4. Подача иска в суд не приостанавливает действия подзаконного нормативного правового акта (его положений), кроме случаев обращения прокурора в суд о признании опротестованного подзаконного нормативного правового акта незаконным до рассмотрения судом.

      Статья 167-2. Рассмотрение дела об оспаривании законности подзаконного нормативного правового акта

      1. Гражданин или юридическое лицо обратившиеся в суд с иском о проверке законности подзаконного нормативного правового акта, а также уполномоченный орган, должностное лицо принявшие подзаконный нормативный правовой акт, извещаются о времени и месте судебного заседания.

      2. Дело рассматривается в месячный срок.

      3. В судебном заседании суд проверяет наличие компетенции уполномоченного органа, должностного лица, принявших подзаконный нормативный правовой акт, соответствие всего подзаконного нормативного правового акта (его положений) законам Республики Казахстан.

      4. Отказ лица, обратившегося в суд, от своего требования не является основанием для нерассмотрения дела. Признание требования уполномоченным органом, должностным лицом, принявшим подзаконный нормативный правовой акт, для суда необязательно.

      Статья 167-3. Решение суда и его исполнение

      1. Суд, признав иск необоснованным, выносит решение об отказе в его удовлетворении.

      2. Решение суда, которым подзаконный нормативный правовой акт полностью или в отдельной его части признан не соответствующим закону (кроме Конституции) и недействующим, обязательно для уполномоченного органа или должностного лица, принявших этот подзаконный нормативный правовой акт. Решение обязательно для неопределенного круга лиц, на права и свободы, законные интересы которых распространялось действие оспоренного подзаконного нормативного правового акта.

      3. Законность подзаконного нормативного правового акта может быть оспорена вновь другими гражданами или юридическими лицами только в той его части, которая ранее не проверялась в судебном порядке.

      4. Решение суда о признании незаконным подзаконного нормативного правового акта (его положений) принимается с соблюдением правил, установленных статьей 159-1 настоящего Кодекса.".

      4. В Закон Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах":

      1) в статье 25:

      часть первую пункта 2 исключить;

      в части первой пункта 4 слова "центральным государственным органом, местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы, района, города областного значения, акимом района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа" исключить.

      Статья 2.

      Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан