"Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 536 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-баптарына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 1 шілдедегі
№ 536 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 755 қаулысымен
бекітілген

Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң) 39-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заң) 15-2-бабына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң) 20-8-бабына сәйкес әзірленді және өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне де қолданылады.

      3. Мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілер, Ұлттық Банктің қызметкерлері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға өздерінің бірінші басшыларымен келісу бойынша баруы мүмкін.

      Іссапарға бару Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі бос лауазымға (штат бірлігіне) жүзеге асырылады.

      4. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілердің, Ұлттық Банк қызметкерлерінің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы), сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заңдарда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Ұлттық Банктің қызметкерлеріне қатысты – Ұлттық Банктің құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы мен әлеуметтік қорғалуы сақталады.

      5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;

      3) Ұлттық Банктің іссапарға жіберілген қызметкері – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген Ұлттық Банктің қызметкері;

      4) іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші.

      6. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және дипломатиялық қызмет салаларындағы заңнамасында, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заңның 29-бабында көзделген ақшалай төлемдерді қоспағанда, жаңа жұмыс орны бойынша лауазым үшін көзделген жалақы мен өзге де төлемдер уәкілетті органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бұрынғы жұмыс орны бойынша лауазым үшін Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында көзделген өзге төлемдер жіберуші мемлекеттік органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. Ұлттық Банктің іссапарға барған қызметкеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің құқықтық актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдер Ұлттық Банктің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен жүзеге асырылады.

      8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметшілердің және Ұлттық Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.

      Уәкілетті орган, сондай-ақ іссапарға барған мемлекеттік қызметші және Ұлттық Банк қызметкері келіссе, көрсетілген мерзімді жіберуші мемлекеттік органның шешімі бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.

      9. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерді, Ұлттық Банктің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган іссапарға барған мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мәліметтер мен материалдарды теріс қылық жасалған немесе анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуші мемлекеттік органның тиісті шешім қабылдауы үшін жіберуші мемлекеттік органға жолдайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің, Ұлттық Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметшілердің, Ұлттық Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруы Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне:

      1) мыналар:

      мемлекеттік қызметшілерге қатысты – жіберуші мемлекеттік органдағы саяси лауазымда алты айлық міндетті өтіл белгіленетін мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;

      Ұлттық Банктің қызметкерлеріне қатысты – Ұлттық Банкте кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;

      2) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі іссапарға бару тәртібінде атқаруға жататын лауазым үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетін;

      3) алынбаған тәртіптік жазалары жоқ;

      4) міндеттерді уақытша атқарушы немесе уақытша жоқ қызметкерді алмастырушы болып табылмайтын;

      5) осы тармақшаның екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда жұмыс істеген соңғы екі жылда қызметі "тиімді" және "өте жақсы" мәндерімен бағаланған жіберуші мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі, Ұлттық Банктің қызметкері бара алады.

      Әскери қызметші, құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының шешімі оң болуы шартымен іссапарға бара алады.

      Ұлттық Банктің қызметкері соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша қызмет тиімділігінің функционалдық түйінді көрсеткіштері бойынша нақты нәтижеліліктің 80%-дан кем болмауы шартымен іссапарға бара алады;

      6) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруға жазбаша келісім білдірген жіберуші мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі, Ұлттық Банктің қызметкері бара алады.

      12. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баратын мемлекеттік қызметшілер, Ұлттық Банктің қызметкерлері қызметінің, олардың тиімділіктің түйінді көрсеткіштері негізінде есептелетін қызмет нәтижелерін талдаудың, сондай-ақ олардың есеп беруінің тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша жіберуші мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен айқындалады.

      Тиімділіктің түйінді көрсеткіштерінде мақсаттарға қол жеткізу индикаторлары қамтылуға тиіс және олар іссапарға баратын мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жіберілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей бекітіледі.

      13. Жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органға осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу туралы ұсыныспен негізделген хатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) лауазымға ұсыныс;

      2) өмірбаян;

      3) қызметтік тізім;

      4) мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруға жазбаша келісімі.

      14. Уәкілетті орган он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттарды тексереді және дайындық деңгейі мен осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін айқындау үшін іссапарға жіберілетін кандидатпен әңгімелеседі.

      Уәкілетті орган осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген хатты алған күннен бастап үш ай ішінде мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныспен келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      15. Уәкілетті органнан бас тарту алған кезде жіберуші мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға басқа кандидаттың Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныспен негізделген хатты, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды.

      16. Мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныс келісілген жағдайда жіберуші мемлекеттік орган үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттармен, сондай-ақ уәкілетті орган хатының көшірмесімен қоса мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы ұсыныспен хат жолдайды.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшісінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруына келіскен жағдайда Қағидалардың осы тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру талап етілмейді.

      17. Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жіберуші мемлекеттік органның ұсынысын қарайды және қарау қорытындысы бойынша іссапарға бару туралы ұсыныспен келіседі не келісуден бас тартады.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар іссапарға бару туралы ұсынысты келіскен жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы бұйрық қабылдайды.

      19. Жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органның мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін іссапарға бару тәртібімен лауазымға тағайындау туралы бұйрығы көшірмесінің не үзінді көшірмесінің негізінде мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға баруы туралы бұйрық қабылдайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің, Ұлттық Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруының аяқталу тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметшілердің, Ұлттық Банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға баруының аяқталуына мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген іссапарға бару мерзімінің өтуі;

      2) жіберуші мемлекеттік органның және уәкілетті органның келісілген жазбаша түрдегі бірлескен шешімі;

      3) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заңға сәйкес дипломатиялық қызмет персоналын кері шақыртып алу негіздері;

      4) іссапарға барған мемлекеттік қызметшінің елеулі немесе өрескел тәртіптік теріс қылық, Ұлттық Банк қызметкерінің тәртіптік теріс қылық жасауы;

      5) мемлекеттік қызметшінің, Ұлттық Банк қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қызметті аяқтау үшін өзге де негіздер.

      21. Осы Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган іссапарға барған мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін атқаратын лауазымынан босату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы жіберуші мемлекеттік органды осындай шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етеді.

      Уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шешімінің негізінде жіберуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінен мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін кері шақырту туралы шешім қабылдайды.

      22. Осы Қағидалардың 20-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда жіберуші мемлекеттік орган іссапарға барған мемлекеттік қызметшіні, Ұлттық Банктің қызметкерін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінен мерзімінен бұрын шақырту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы уәкілетті органды шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 536.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих, персонала дипломатической службы и работников Национального Банка Республики Казахстан";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьями 15-1 и 15-2 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан", статьей 39 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и статьей 20-8 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "2) Правила прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов и работников Национального Банка Республики Казахстан к загранучреждениям Республики Казахстан;";

      Правила прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов к загранучреждениям Республики Казахстан, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 1 июля 2023 года № 536
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 17 ноября 2017 года № 755

Правила
прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов и работников Национального Банка Республики Казахстан к загранучреждениям Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов и работников Национального Банка Республики Казахстан к загранучреждениям Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" (далее – Закон "О государственной службе Республики Казахстан"), статьей 15-2 Закона Республики Казахстан "О дипломатической службе Республики Казахстан" (далее – Закон "О дипломатической службе Республики Казахстан") статьей 20-8 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" (далее – Закон "О Национальном Банке Республики Казахстан") и определяют порядок прикомандирования государственных служащих из иных государственных органов (далее – государственные служащие) и работников Национального Банка Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) к загранучреждениям Республики Казахстан.

      2. Действие настоящих Правил распространяется также на прикомандированных военнослужащих, сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов.

      3. Государственные служащие, работники Национального Банка с целью выполнения задач, поставленных перед государственными органами, могут быть прикомандированы к загранучреждениям Республики Казахстан по согласованию с их первыми руководителями.

      Прикомандирование осуществляется на имеющуюся вакантную должность загранучреждения Республики Казахстан (штатная единица).

      4. За прикомандированными государственными служащими, работниками Национального Банка сохраняются прежнее место работы (государственная должность), а также права, гарантии, льготы, компенсации, надбавки, выплаты, пенсионное обеспечение и социальная защита, установленные законами Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", "О Национальном Банке Республики Казахстан", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также в отношении работников Национального Банка – правовыми актами Национального Банка.

      5. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) направляющий государственный орган – государственный орган Республики Казахстан, направляющий государственного служащего, работника Национального Банка в порядке прикомандирования на работу в загранучреждение Республики Казахстан;

      2) уполномоченный орган – уполномоченный государственный орган Республики Казахстан в сфере внешней политики;

      3) прикомандированный работник Национального Банка – работник Национального Банка, направленный на работу в порядке прикомандирования в загранучреждение Республики Казахстан;

      4) прикомандированный государственный служащий – государственный служащий, направленный на работу в порядке прикомандирования в загранучреждение Республики Казахстан.

      6. Заработная плата и иные выплаты, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, а также законодательством Республики Казахстан в сферах государственной и дипломатической службы, за исключением денежных выплат, предусмотренных статьей 29 Закона "О дипломатической службе Республики Казахстан", для должности по новому месту работы прикомандированному государственному служащему осуществляются за счет средств уполномоченного органа.

      Иные выплаты, предусмотренные отраслевым законодательством Республики Казахстан для должности по прежнему месту работы, осуществляются за счет средств направляющего государственного органа.

      7. Заработная плата и иные выплаты, предусмотренные трудовым законодательством Республики Казахстан, а также правовыми актами Национального Банка, прикомандированному работнику Национального Банка осуществляются за счет средств бюджета (сметы расходов) Национального Банка.

      8. Срок прикомандирования государственных служащих и работников Национального Банка к загранучреждениям Республики Казахстан не должен превышать трех лет, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      Указанный срок может быть продлен по решению направляющего государственного органа не более чем на один год при согласии уполномоченного органа, а также прикомандированного государственного служащего и работника Национального Банка.

      9. Поощрение и привлечение к дисциплинарной ответственности прикомандированных государственных служащих, работников Национального Банка осуществляются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      Сведения и материалы о совершении прикомандированным государственным служащим, работником Национального Банка дисциплинарного проступка направляются уполномоченным органом в направляющий государственный орган в течение пяти рабочих дней со дня совершения или обнаружения проступка для принятия соответствующего решения направляющим государственным органом.

Глава 2. Порядок прикомандирования государственных служащих, работников Национального Банка к загранучреждениям Республики Казахстан

      10. Прикомандирование государственных служащих, работников Национального Банка к загранучреждениям Республики Казахстан осуществляется по решению Президента Республики Казахстан или по его уполномочию Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.

      11. К загранучреждениям Республики Казахстан могут быть прикомандированы государственный служащий направляющего государственного органа, работник Национального Банка:

      1) имеющие:

      в отношении государственных служащих – стаж государственной службы в направляющем государственном органе не менее трех лет, за исключением политических государственных служащих, для которых устанавливается шестимесячный обязательный стаж на политической должности в направляющем государственном органе;

      в отношении работников Национального Банка – стаж работы в Национальном Банке не менее трех лет;

      2) соответствующие квалификационным требованиям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан для должности в загранучреждении Республики Казахстан, подлежащей занятию в порядке прикомандирования;

      3) не имеющие неснятые дисциплинарные взыскания;

      4) не являющиеся временно исполняющим обязанности или замещающими временно отсутствующего сотрудника;

      5) имеющие за последние два года работы в направляющем государственном органе оценки деятельности со значениями "эффективно" и "превосходно", за исключением кандидатов на прикомандирование, указанных в частях второй и третьей настоящего подпункта.

      Кандидат на прикомандирование, занимающий должность военнослужащего, сотрудника правоохранительного или специального государственного органа, может быть прикомандирован при условии положительного решения аттестационной комиссии по итогам последней аттестации.

      Работник Национального Банка может быть прикомандирован при условии фактической результативности по функциональным ключевым показателям эффективности деятельности не менее 80 % по итогам последних двух лет.

      6) выразившие письменное согласие на прикомандирование к загранучреждению Республики Казахстан.

      12. Порядок деятельности прикомандированных государственных служащих, работников Национального Банка в загранучреждениях Республики Казахстан, анализ результатов их деятельности, рассчитываемых на основании ключевых показателей эффективности, а также представления ими отчетности определяются приказами направляющих государственных органов по согласованию с уполномоченным органом.

      Ключевые показатели эффективности должны содержать индикаторы достижения целей и подлежат утверждению не позднее одного месяца со дня направления прикомандированного государственного служащего в загранучреждение Республики Казахстан.

      13. Направляющий государственный орган представляет в уполномоченный орган обоснованное письмо с предложением о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан, соответствующего требованиям, установленным пунктом 11 настоящих Правил, а также следующие документы в отношении кандидата, рекомендуемого к прикомандированию к загранучреждению Республики Казахстан:

      1) представление на должность;

      2) автобиографию;

      3) послужной список;

      4) письменное согласие государственного служащего, работника Национального Банка на его прикомандирование в загранучреждение Республики Казахстан.

      14. Уполномоченный орган в срок не более пятнадцати рабочих дней проводит проверку документов и собеседование с кандидатом к прикомандированию для определения уровня подготовки и соответствия требованиям, предусмотренным пунктом 11 настоящих Правил.

      Уполномоченный орган принимает решение о согласовании предложения о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан либо отказе в течение трех месяцев со дня получения письма, указанного в пункте 13 настоящих Правил.

      15. При получении отказа уполномоченного органа направляющий государственный орган в течение пяти рабочих дней направляет обоснованное письмо в уполномоченный орган с предложением о прикомандировании другого кандидата к загранучреждению Республики Казахстан, а также документы, предусмотренные в пункте 13 настоящих Правил.

      16. В случае согласования предложения о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан направляющий государственный орган в течение трех рабочих дней направляет письмо в Администрацию Президента Республики Казахстан с предложением о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан с приложением документов, предусмотренных пунктом 13 настоящих Правил, а также копии письма уполномоченного органа.

      В случае согласования уполномоченным органом государственного служащего Администрации Президента Республики Казахстан к прикомандированию к загранучреждению Республики Казахстан, не требуется осуществление действий, предусмотренных настоящим пунктом Правил.

      17. Президент Республики Казахстан или по его уполномочию Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан рассматривает предложение направляющего государственного органа и по итогам рассмотрения согласовывает предложение о прикомандировании либо отказывает.

      18. При согласовании должностными лицами, указанными в пункте 17 настоящих Правил, предложения о прикомандировании уполномоченный орган в течение трех рабочих дней принимает приказ о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан.

      19. Направляющий государственный орган на основании копии либо выписки из приказа уполномоченного органа о назначении государственного служащего, работника Национального Банка на должность в порядке прикомандирования принимает приказ о прикомандировании государственного служащего, работника Национального Банка к загранучреждению Республики Казахстан.

Глава 3. Порядок завершения прикомандирования государственных служащих, работников Национального Банка к загранучреждениям Республики Казахстан

      20. Основаниями для завершения прикомандирования государственных служащих, работников Национального Банка к загранучреждениям Республики Казахстан являются:

      1) истечение срока прикомандирования, установленного в пункте 8 настоящих Правил;

      2) совместное решение направляющего государственного органа и уполномоченного органа, согласованное в письменном виде;

      3) основания для отзыва персонала дипломатической службы в соответствии с Законом "О дипломатической службе Республики Казахстан";

      4) совершение прикомандированным государственным служащим значительного или грубого дисциплинарного проступка, работником Национального Банка – дисциплинарного проступка;

      5) достижение государственным служащим, работником Национального Банка пенсионного возраста, установленного законом Республики Казахстан;

      6) иные основания для завершения прикомандирования, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      21. В случае, предусмотренном подпунктом 1) пункта 20 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об освобождении прикомандированного государственного служащего, работника Национального Банка от занимаемой должности, о чем письменно уведомляет направляющий государственный орган за десять рабочих дней до принятия такого решения.

      На основании решения уполномоченного органа, предусмотренного в части первой настоящего пункта, направляющий государственный орган принимает решение об отзыве государственного служащего, работника Национального Банка из загранучреждения Республики Казахстан.

      22. В случаях, предусмотренных подпунктами 2), 3), 4), 5), 6) пункта 20 настоящих Правил, направляющий государственный орган принимает решение о досрочном отзыве прикомандированного государственного служащего, работника Национального Банка из загранучреждения Республики Казахстан, о чем письменно уведомляет уполномоченный орган не позднее трех рабочих дней со дня принятия решения.