"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 537 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) денсаулық сақтау саласындағы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімнің қауіпсіздігі, биологиялық қауіпсіздік салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ведомстволық бағынысты ұйымдарда үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;";

      81) және 82) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      82) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 82-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "82-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу;";

      84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "84) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілеу;";

      87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 87-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "87-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақы алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту";

      132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "132) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіру және мониторингтеу;";

      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану тәртібін айқындау;";

      248) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 323-7), 323-8) 323-9), 323-10), 323-11), 323-12), 323-13), 323-14), 323-15), 323-16), 323-17), 323-18), 323-19), 323-20), 323-21), 323-22), 323-23), 323-24) және 323-25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-7) адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту;

      323-8) бірыңғай дистрибьюторды айқындау;

      323-9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек беру тәртібін, түрлерін және көлемін айқындау;

      323-10) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау;

      323-11) денсаулық сақтау саласындағы функционалдық операторды айқындау;

      323-12) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау;

      323-13) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту;

      323-14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің және (немесе) қаражаттың көлемдерін бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      323-15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері қызметінің индикаторларын есептеу және рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      323-16) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібін белгілеу;

      323-17) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібін белгілеу;

      323-18) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартын бекіту;

      323-19) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;

      323-20) цифрлық трансформациялауды жүргізу;

      323-21) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуына болмайтын аурулар тізбесін белгілеу;

      323-22) білім беру, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарын әзірлеуге қатысу;

      323-23) жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі медициналық көмектің ең аз тізбесін айқындау;

      323-24) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнаулы емдік өнімдерді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындау;

      323-25) бірыңғай дистрибьютордың қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы, он бірінші, он екінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 537.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) формирование и реализация государственной политики в области здравоохранения, в сферах оказания медицинских услуг (помощи), обращения лекарственных средств и медицинских изделий, санитарно-эпидемиологического благополучия населения, а также безопасности продукции, подлежащей государственному санитарно-эпидемиологическому контролю и надзору, биологической безопасности;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) осуществление деятельности по формированию, мониторингу реализации и оценке результатов государственного социального заказа в области охраны здоровья граждан для неправительственных организаций, в том числе для ключевых групп населения в подведомственных организациях;";

      подпункты 81) и 82) изложить в следующей редакции:

      "81) установление норм и лимитов, обеспечивающих финансовую устойчивость фонда социального медицинского страхования;

      82) разработка предложения об установлении предельной величины процентной ставки комиссионного вознаграждения от активов фонда социального медицинского страхования, направляемого на обеспечение деятельности фонда социального медицинского страхования;";

      дополнить подпунктом 82-1) следующего содержания:

      "82-1) ежегодное установление величины процентной ставки комиссионного вознаграждения фонда социального медицинского страхования в рамках предельной величины, установленной Правительством Республики Казахстан;";

      подпункт 84) изложить в следующей редакции:

      "84) установление размера резерва фонда социального медицинского страхования на покрытие непредвиденных расходов;";

      подпункт 87) изложить в следующей редакции:

      "87) определение перечня финансовых инструментов для инвестирования активов фонда социального медицинского страхования по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан, центральными уполномоченными органами по государственному и бюджетному планированию;";

      дополнить подпунктом 87-1) следующего содержания:

      "87-1) разработка и утверждение правил взимания комиссионного вознаграждения фондом социального медицинского страхования;";

      подпункт 88) изложить в следующей редакции:

      "88) утверждение форм и сроков предоставления фондом социального медицинского страхования отчетности по средствам на оказание медицинской помощи;";

      подпункт 132) изложить в следующей редакции:

      "132) координация и мониторинг деятельности по вопросам корпоративного управления в подведомственных организациях Министерства;";

      подпункт 200) изложить в следующей редакции:

      "200) определение порядка формирования и использования резерва фонда социального медицинского страхования на покрытие непредвиденных расходов;";

      подпункт 248) исключить;

      дополнить подпунктами 323-7), 323-8), 323-9), 323-10), 323-11), 323-12), 323-13), 323-14), 323-15), 323-16), 323-17), 323-18), 323-19), 323-20), 323-21), 323-22), 323-23), 323-24) и 323-25) следующего содержания:

      "323-7) утверждение перечня сильнодействующих веществ, оказывающих вредное воздействие на жизнь и здоровье человека;

      323-8) определение единого дистрибьютора;

      323-9) определение порядка, видов и объема медицинской помощи населению при чрезвычайных ситуациях, введении режима чрезвычайного положения;

      323-10) определение национального оператора в области здравоохранения, его функций и полномочий;

      323-11) определение функционального оператора в области здравоохранения;

      323-12) определение случаев ввоза на территорию Республики Казахстан в качестве гуманитарной помощи лекарственных средств и медицинских изделий, не прошедших государственную регистрацию в Республике Казахстан;

      323-13) утверждение критериев отнесения патогенных биологических агентов к вызывающим особо опасные инфекционные заболевания и перечня патогенных биологических агентов с учетом классификации патогенных биологических агентов по патогенности и степени опасности;

      323-14) разработка и утверждение методики распределения объемов услуг и (или) средств субъектам здравоохранения по оказанию медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования;

      323-15) разработка и утверждение методики расчета индикаторов и рейтинговой оценки деятельности субъектов здравоохранения, претендующих на оказание медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования;

      323-16) установление порядка планирования расходов по целевому взносу по согласованию с центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию;

      323-17) установление порядка финансирования бюджетной программы, направленной на вложение целевого взноса, по согласованию с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета;

      323-18) утверждение типового договора вмененного медицинского страхования по согласованию с уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций;

      323-19) проведение функционального анализа деятельности в соответствии с методикой по проведению отраслевых (ведомственных) функциональных обзоров деятельности государственных органов, утверждаемой уполномоченным органом в сфере развития системы государственного управления;

      323-20) проведение цифровой трансформации;

      323-21) установление перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может принять ребенка на воспитание, по согласованию с уполномоченным органом в области образования;

      323-22) совместно с уполномоченными органами в области образования, социальной защиты участие в разработке стандартов социального обслуживания и социального обеспечения в сфере социальной и медико-педагогической коррекционной поддержки детей с ограниченными возможностями;

      323-23) определение минимального перечня медицинской помощи при вмененном медицинском страховании;

      323-24) определение порядка организации и проведения закупа лекарственных средств, медицинских изделий и специализированных лечебных продуктов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи для лиц, содержащихся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования, фармацевтических услуг;

      323-25) определение порядка закупа услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств и медицинских изделий, услуг по учету и реализации лекарственных средств и медицинских изделий единым дистрибьютором в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, дополнительного объема медицинской помощи для лиц, содержащихся в следственных изоляторах и учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы, за счет бюджетных средств и (или) в системе обязательного социального медицинского страхования;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзацев десятого, одиннадцатого, двенадцатого, девятнадцатого, двадцатого, тридцать шестого и тридцать седьмого пункта 1, которые вводятся в действие с 1 января 2024 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов