Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 826 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)";
мына:
"Закарья Күнсұлу - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісу бойынша)";
"Сұраған Дурвудхан - "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика саласындағы PhD доктор (келісу бойынша)" деген жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)";
"Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |