Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 35-3) және 35-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"35-3) квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35-4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |