Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен Жамбыл облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 781 қаулысымен бекітілген |
Жамбыл облысының Жаңатас қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Жаңатас қаласы – Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік-өнеркәсіптік орталығы, облыс орталығы – Тараз қаласынан оңтүстік-шығыс бағытында 180 километр қашықтықта орналасқан, 1969 жылы Қаратау фосфорит кендері бассейні игеріле басталғанда құрылған. 2023 жылғы 1 қаңтарға Жаңатас қаласының (бұдан әрі – қала) халық саны 25591 адамды құрады.
Қаланың негізгі минералдық-шикізат базасы фосфорит кенінің ірі кен орнымен ұсынылған, осы жерде республика фосфориттерінің 60 %-дан астам теңгерімді қоры шоғырланған. Қаратау фосфорит кендері бассейінің аумағында 5 кен орны игерілуде (Жаңатас, Көксу, Герес, Гиммельфарбское, Көк жоң), оның ішінде 3-еуі (Жаңатас, Көк жоң, Көксу) ашық тәсілмен өндіріледі, 1-еуі (Герес) ашық тәсілмен болатын болса, 1-еуі (Гиммельфарбское) жерасты (шахта) тәсілімен, 3-еуі бойынша (Ақжар, Үшбас, Ілгерібас) барлау жұмыстары жүргізілуде.
Сарысу ауданында барланған ас тұзының екі кен орны бар: Майдагенкөл және Тұзкөл.
Қазіргі уақытта екі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді: "Қазфосфат" ЖШС филиалы "Қаратау" ТӨК және "ЕвроХим" ЖШС.
"Қаратау" ТӨК ("Қазфосфат" ЖШС филиалы) қала құраушы кәсіпорын болып табылады, ол өнеркәсіптік өнімнің 35 %-ын өндіреді, Сарысу ауданының экономикалық белсенді халқының 12,3 %-ы (1498 жұмысшы) жұмыс істейді.
"ЕвроХим" ЖШС қызметі жергілікті фосфат шикізатын өндіруден бастап қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған дайын өнім – тиімділігі жоғары минералды тыңайтқыштарды өндіруге дейінгі толық өндірістік циклы бар химиялық кешенді салуға және пайдалануға бағытталған. Барлығы 1550 жұмыс орны құрылды.
Қалада 5 жалпы білім беретін мектеп, 8 мектепке дейінгі мекеме, 4 қосымша және 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 2 медициналық ұйым, 25 орынға арналған мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы, 8 дәріхана, 4 кітапхана, 1 мәдени-демалыс және 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.
Қаланың жұмыс күші 10172 адамды құрайды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 9778 адам, жұмыссыздар – 394 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 3,9 %-ды құрады (2022 жыл).
Қалада 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халықтың табиғи өсімі 23,7-ден 20,6-ға, туу көрсеткіші – 33,3-тен 26,8-ге, өлімі-жітім көрсеткіші 9,6-дан 6,1-ге, 1000 туылғанға есептегенде нәресте өлімі-жітімі – 12,1-ден 2,7 төмендеген. 2022 жылы ана өлімі-жітімі тіркелген жоқ.
"Жаңатас-Су Жылу" ШЖҚ КМК қаланың барлық жылу желілеріне қызмет көрсетеді. Жылу трассасының жалпы ұзындығы 44136 метр (оның ішінде магистральдық жылу желісі – 18322 метр, орамішілік жүйе – 25814 метр).
Жылу энергиясының көзі – орталық қазандық, белгіленген жылу қуаты 144 Гкал/сағ (барлық қуаты 126 Гкал/сағ, пайдаланылатын қуаты – 78 Гкал/сағ).
Проблемалық мәселелер:
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын қысқарту мақсатында (жылу желілері – 30,1 %, су құбыры желілері – 29,5 %, су бұру – 10,8 %) "Жаңатас-Су Жылу" кәсіпорнының орталық қазандығын реконструкциялау (табиғи газға ауыстыру), қаланың жаңа алқаптарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (сумен жабдықтау, қиыршық тас жолдарын салу), кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын реконструкциялау;
қала көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жүргізу;
қала көшелерін абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;
тұрғын үй алуға жоғары кезектілік (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 1588 азамат);
тұрғын үй мәселесін жақсарту үшін тұрғын үйлерді реконструкциялау және жаңғырту;
қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында көшелерде және қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын орнату, бейнетіркегіштермен және планшеттермен қамтамасыз ету, қаланың өрт сөндіру депосына күрделі жөндеу жүргізу, қажетті құлақтандыру құрылғыларын енгізу, басқару пункттерін, соғыс уақытында жұмыс істеу үшін паналайтын жерлерді құру;
ағаштар мен бұталар отырғызу, қаланың полигонында қоқыс сұрыптау кешенін орнату.
Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру және әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту үшін мынадай шараларды іске асыру қажет:
басталған және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру;
халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін – жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқыту ұйымдарында жұмыссыздарды оқыту үшін жағдай жасау, жастар практикасын ұйымдастыру, "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
білім беру саласында – мектептерге күрделі жөндеу жүргізу және жаңғырту, қазандықты реконструкциялау;
білікті медициналық кадрларды тарту және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қосымша кешенді шаралар қабылдау;
спорт инфрақұрылымын дамыту үшін – стрит-воркаут алаңдарын орнату, "Фосфорит" стадионын күрделі жөндеу, спорттық-жаттығу алаңдарын салу.
Р/c | Атауы |
Аяқталу |
Орындау |
Жауапты |
Қаржы-ландыру |
Қаржыландыру |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
Күтілетін нәтижелер: | |||||||
1. | Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 200 миллиард теңгеге дейін өсуін қамтамасыз ету (2022 жылы – 76,4 миллиард теңге). | ||||||
2. | Негізгі капиталға инвестициялар көлемін 641,3 миллиард теңгеге дейін арттыру (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша инвестициялар көлемі – 30,7 миллиард теңге (Сарысу ауданы бойынша деректер). | ||||||
3. | Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері санын 3 мың адамға, онда жұмыс істейтіндер санын 5 мың адамға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 2,1 мың бірлік, онда жұмыспен қамтылғандар – 2,9 мың адам). | ||||||
4. | Ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 29,4 миллиард теңгені құрады (Сарысу ауданы бойынша деректер). | ||||||
5. | 2027 жылға дейін 1167 жұмыс орнын құру. | ||||||
6. | 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізу, 2 мектеп қазандығын реконструкциялау және газға көшіру. | ||||||
7. | Тұрғын үй бере отырып және жергілікті бюджеттен 256,7 миллион теңгеге медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы 7 білікті медицина кадрын тарту. | ||||||
8. | Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін 45 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 38,5 %). | ||||||
9. | Жаңа алқаптардағы 161 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу. | ||||||
10. | Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 90 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 62,6 %). | ||||||
11. | Қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу және қала көшелерін жарықтандыруды 95 %-ға дейін жеткізу (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 75 %). | ||||||
12. | Бос тұрған көп қабатты тұрғын үйді реконструкциялау және 2 жеке тұрғын үй сатып алу арқылы тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санын 6 %-ға төмендету (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша – 1588 кезекте тұрғандар). | ||||||
13. | 12 көп қабатты тұрғын үйді жаңғырту арқылы 3 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту. | ||||||
14. | Атмосфералық ауаны жақсарту, ағаштар мен бұталардың жерсінуін 80 %-ға дейін қамтамасыз ету (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша – 72 %). | ||||||
1. Қалалық ортаны жоспарлау | |||||||
1. | Жаңатас қаласының дизайн-кодын әзірлеу |
маслихат | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 20 | ЖБ | |
2. Экономиканың нақты секторы | |||||||
2.1. Өнеркәсіп және инвестициялар | |||||||
2. |
"Еврохим-Қаратау" ЖШС химиялық кешенінің 2-кезеңін салу (500 жұмыс орнын құру, өндірістік қуаты – жылына | объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
2025 – 2026 жылдардағы | Жамбыл облысының әкімдігі, ӨҚМ | 423000 | БК | |
3. | "Сарысу" жел электр станциясын салу (20 жұмыс орнын құру, өндірістік қуаты – 100 МВт, 340 миллион КВт /сағат өндіру) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ЭМ | 50000 | БК | |
4. | Цемент өндіру зауытын салу (100 жұмыс орнын құру, өндірістік қуаты – жылына 400000 мың тонна) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ӨҚМ | 4500 | БК | |
5. | Кальцийлендірілген сода зауытын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ӨҚМ | 161558,7 | БК | |
6. | Газ жинақтау станциясын салу (10 жаңа жұмыс орны) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ЭМ | 800 | БК | |
2.2. Кәсіпкерлік | |||||||
7. | ШОБ дамыту: | ||||||
7.1. | Азық-түлік өнімдері супермаркетін ашу (20 жұмыс орнын құру) | пайдалануға беру актісі | 2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 100 | БК | |
7.2. | Химиялық тазалау орнын ашу (2-шағын аудан, № 8-үй, 4 жұмыс орнын құру) | пайдалануға беру актісі | 2023 – 2024 жылдардағы IV тоқсаны | Жамбыл облысының әкімдігі | 35 | БК | |
7.3. | Наубайхана ашу (өндірістік қуаты – жылына 680 мың дана нан, 2-шағын аудан, № 17 үй, 5 жұмыс орнын құру) | пайдалануға беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 65 | БК | |
2.3. Агроөнеркәсіптік кешен | |||||||
8. | 1000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасын салу (3 жұмыс орнын құру) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 – 2025 жылдардағы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 27 | БК | |
9. | Шұжық жасау цехын ашу (3 жұмыс орнын құру, өндірістік қуаты – жылына 35000 тонна) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 27 | БК | |
10. | Құс өсіру фабрикасын ашу (15 жұмыс орнын құру, өндірістік қуаты – жылына 800 мың дана құс жұмыртқасы) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 50 | БК | |
3. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету | |||||||
11. |
Білікті кадрларға мұқтаж жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыскерлерді оқыту (жыл сайын | Енбекминіне ақпарат | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 6,3 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 6,4 | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 6,4 | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 6,5 | ||||||
2027 жылғы IV тоқсан | 6,3 | ||||||
12. | Жоғары және орта оқу орындарының бітірушілері үшін жастар практикасын ұйымдастыру (жыл сайын 80 адам) | Енбекминіне ақпарат | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 99,4 |
"Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы | |
2024 жылғы IV тоқсан | 103,8 | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 107,5 | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 111,2 | ||||||
2027 жылғы IV тоқсан | 115,1 | ||||||
13. | Жеке бизнесті жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алу үшін "Бастау Бизнес" бағдарламасы шеңберінде жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру | Енбекминіне ақпарат |
2023 – 2027 жылдардағы |
Жамбыл облысының әкімдігі, | талап етілмейді | ||
4. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым | |||||||
4.1. Білім беру | |||||||
14. | М. Әуезов атындағы мектеп-гимназияның ғимаратын күрделі жөндеу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 83,3 | ЖБ | |
15. | Абылай хан атындағы мектеп-лицейдің ғимаратын күрделі жөндеу және жаңғырту | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 315,9 | ЖБ | |
16. | Абай атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және жаңғырту | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 257,8 | ЖБ | |
17. | Абай атындағы орта мектептің қазандығын табиғи газға көшіру арқылы реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
18. | Қонаев атындағы орта мектептің қазандығын табиғи газға көшіру арқылы реконструкциялау | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
4.2. Денсаулық сақтау | |||||||
19. | Тұрғын үй беру арқылы білікті медицина кадрларын тарту (7 кадр) | ДСМ-ге ақпарат |
2023 – 2027 жылдардағы | Жамбыл облысының әкімдігі | талап етілмейді | ||
20. | Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін медициналық жабдықтарды сатып алу және орнату | қабылдау-беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 176,4 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 80,3 | ЖБ | |||||
4.3. Мәдениет және спорт | |||||||
21. | Тартан төселген стрит-воркаут алаңдар орнату (жыл сайын 5 бірлік) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан |
Жамбыл | 17 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 20 | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 23 | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 25 | ||||||
22. | "Фосфорит" стадионын күрделі жөндеу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан |
Жамбыл | 100 | БК | |
23. | 2 және 6-шағын аудандарда спорттық-жаттығу алаңдарын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан |
Жамбыл | 30 | ЖБ | |
2027 жылғы IV тоқсан | 30 | ||||||
24. | Орталық саябақта 5 спорт алаңын орнату | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан |
Жамбыл | 20 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 30 | ||||||
4.4. Инфрақұрылымды дамыту | |||||||
4.4.1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым | |||||||
25. | 4 және 5-шағын аудандарды газбен жабдықтау жүйесін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 53,2 | РБ | |
5,9 | ЖБ | ||||||
26. | "Строитель", "Горняк", "Фосфорит" алқаптарын сумен жабдықтау жүйесін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 388 | РБ | |
43,1 | ЖБ | ||||||
27. | "Строитель" алқабын энергиямен жабдықтау жүйесін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 50,3 | РБ | |
5,6 | ЖБ | ||||||
28,9 | РБ | ||||||
28. | "Строитель" алқабын газбен жабдықтау жүйесін салу | 3,2 | ЖБ | ||||
29. | "Строитель" алқабында қиыршық тас жолдарын салу | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | ||
30. | 4 және 5-шағын аудандарда қиыршық тас жолдарын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | |
31. | Тұрғын үй алқабында қиыршық тас жолдарын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | |
32. | 5 "А" шағын ауданының газбен жабдықтау жүйесін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 72 | РБ | |
8 | ЖБ | ||||||
33. | 5 "А" шағын ауданының сумен жабдықтау жүйесін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 99 | РБ | |
11 | ЖБ | ||||||
34. | 5 "А" шағын ауданының энергиямен жабдықтау жүйесін салу |
объектіні пайдалануға қабылдау актісі, | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ҰЭМ | 126 | РБ | |
14 | ЖБ | ||||||
35. | 5 "А" шағын ауданының қиыршық тас жолдарын салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | |
36. | Кәріз желілері мен тазарту құрылысжайларын реконструкциялау (тазарту көлемін тәулігіне 9000 текше метрге дейін ұлғайту) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ӨҚМ | 2 700 | БК | |
300 | ЖБ | ||||||
4.4.2. Жолдар және абаттандыру | |||||||
37. | Көшелерді орташа жөндеу (2024 жыл – К.Байсейітова, А. Порох, И. Панфилов, Қ. Сәтбаев, С. Есова, Ә. Жангелдин, Ә. Қастеев; 2025 жыл – М. Мәметова, Т. Басенов, Т. Бигелдинов, Д. Нұрпейісова, Ж. Жабаев, М. Бапиұлы, Ә. Қашаубаев, Ш. Әлжанұлы; 2026 жыл – Ш. Смаханұлы, Б. Қашқынбаев, А, Оразбаева тұйық көшесі, А. Жұбанов, С. Бегалин, 16-шағын аудан, Амангелді тұйық көшесі, Кәсіподақ, Өндірістік аймақ, Строитель 1, Строитель 2, Строитель 3, Строитель 4, Строитель 5, Строитель 6, Цветочная, Луговая, Заречная, Садовая, Солнечная, Центральная, Фосфорит) | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 57 | ЖБ | |
57 | ЖБ | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 67,5 | ЖБ | |||||
67,5 | ЖБ | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 195 | ЖБ | |||||
195 | ЖБ | ||||||
38. | Орталық алаңды абаттандыру (жалпы ауданы – 9392 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, субұрқақ салу, асфальт төсеу, қылқан жапырақты ағаштар отырғызу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 99,3 | ЖБ | |
39. | Саябақтарды суару үшін техникалық сумен жабдықтау жүйесін салу (су құбырының ұзындығы – 7,4 километр) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 58 | ЖБ | |
40. | Сарысу ауданы паспорты айналасындағы аумақты абаттандыру (ауданы – 240 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, субұрқақ салу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 22 | ЖБ | |
41. |
Бейбітшілік көшесіндегі мәдениет үйінің аумағын абаттандыру (ауданы – | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | |
42. |
Бейбітшілік көшесін абаттандыру | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 38 | ЖБ | |
43. | Балалар саябағы аумағын абаттандыру (ауданы – 6720 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, қылқан жапырақты ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу, балалар ойын алаңдарын салу, шағын сәулет нысандарды құру) | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 110 | ЖБ | |
44. | Бейбітшілік және С. Мұқанов көшелерінің қиылысындағы бұрышты абаттандыру (ауданы – 330 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, қылқан жапырақты ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 10 | ЖБ | |
45. | Ұрпақтар аллеясын абаттандыру (ауданы – 1500 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, қылқан жапырақты ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 100 | ЖБ | |
46. | "Шеин" атындағы аллеяны абаттандыру (ауданы – 8150 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, қылқан жапырақты ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 130 | ЖБ | |
47. | "Строитель" аллеясын абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 50 | ЖБ | |
48. | 1-шағын ауданның № 31 үйінің аумағын абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу, балалар ойын алаңын салу) | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 90 | ЖБ | |
49. | 2-шағын ауданның № 6 үйінің ауласын абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу, балалар ойын алаңын салу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 50 | ЖБ | |
50. | "Үш алып" аумағын абаттандыру (ауданы – 850 шаршы метр, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 30 | ЖБ | |
51. | "Ынтымақ" монументін абаттандыру (ауданы – 200 шаршы метр, "Үш би" ескерткішін, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 65 | ЖБ | |
52. | Аспандияров көшесін абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
53. | "Даңқ монументі" ескерткішінің аумағын абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
54. | Көл бөгеті аумағын және Әулие ата мен Амангелді көшелерінің қиылысындағы аумақты абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 100 | ЖБ | |
55. | Ш. Уәлиханов атындағы мектептің аумағын абаттандыру (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
56. | "Жаңарған Жаңатас" алаңын орнату (шолу алаңына баспалдақ салу, түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 36 | ЖБ | |
57. | Ш. Смаханұлы көшесі бойында демалыс аймағын орнату (түнгі жарықтандыруды, орындықтарды орнату, ағаштар отырғызу, төсемтас төсеу, көгал төсеу және егу) | орындалған жұмыстар актісі |
2026 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 60 | ЖБ | |
58. |
Көшеге жарық беруді ағымдағы жөндеу (2023 жыл – И. Панфилов, А. Порох, Мәди Бәпиұлы, С. Есов, Д. Нұрпейісова, Т. Басенов, Т. Бигелдинов, С. Бегалин, Ш. Әлжанұлы, Ы. Алтынсарин, В. Клочков, Ж. Бижанов, Ш. Уәлиханов көшелерінде, Ш. Датқа тұйық көшесінде; | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 42 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 42 | ЖБ | |||||
2026 жылғы IV тоқсан | 70 | ЖБ | |||||
2027 жылғы IV тоқсан | 70 | ЖБ | |||||
4.5. Тұрғын үй | |||||||
59. | 2-шағын аудандағы № 32 тұрғын үйді реконструкциялау (су құбыры, кәріз, жылыту желілерін, шатырды, баспалдақтарды ауыстыру, есіктер мен терезелерді орнату, қасбетті әрлеу) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 538 | ЖБ | |
60. |
12 тұрғын үйді жаңғырту |
объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі, ӨҚМ | 409,9 |
РБ | |
4.6. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | |||||||
61. |
Көшелер мен қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын орнату | қабылдау-беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 20 |
ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 20 | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 20 | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 20 | ||||||
62. |
Полицияны бейнетіркегіштермен және планшеттермен қамтамасыз ету | қабылдау-беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 10 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 10 | ||||||
63. | Қызметтік автокөліктерге GPS жаһандық жүйесін орнату | қабылдау-беру актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 5 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 5 | ||||||
64. | Жедел басқару орталығын ашу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 10 | ЖБ | |
65. | 2 модульдік стационарлық полиция бекетін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 10 | ЖБ | |
2025 жылғы IV тоқсан | 10 | ||||||
66. | Өрт сөндіру депосын күрделі жөндеу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 260 | ЖБ | |
67. | Құлақтандыру жүйесін қалалық басқару пультін енгізу – 1 жиынтық | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 6,65 | ЖБ | |
68. | Сирена-сөйлеу құрылғыларын енгізу – 8 жиынтық | орындалған жұмыстар актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 47,2 | ЖБ | |
69. | Қала әкімінің қала сыртындағы қосалқы басқару пунктін құру | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 800 | ЖБ | |
70. | Азаматтық қорғау басқармасының жылжымалы пунктін сатып алу | қабылдау-беру актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 800 | ЖБ | |
71. | Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған, соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың паналайтын жерлерді құруын ұйымдастыру (шамамен 2 жерде: қала шегінде және сыртында) | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан |
Жамбыл облысының әкімдігі, | 1000 | БК | |
72. | Ақаулы өрт сөндіру гидранттарын қалпына келтіру | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 20 | ЖБ | |
73. | Өрт сөндіру пирстерін салу | объектіні пайдалануға қабылдау актісі | 2024 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 15 | ЖБ | |
5. Экология | |||||||
74. | Жыл сайын кемінде 2 мың дана ағаш пен бұта отырғызу | орындалған жұмыстар актісі | 2023 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 0,3 | ЖБ | |
2024 жылғы IV тоқсан | 0,3 | ||||||
2025 жылғы IV тоқсан | 0,3 | ||||||
2026 жылғы IV тоқсан | 0,3 | ||||||
2027 жылғы IV тоқсан | 0,3 | ||||||
75. | Полигонда қоқыс сұрыптау кешенін орнату | орындалған жұмыстар актісі | 2025 жылғы IV тоқсан | Жамбыл облысының әкімдігі | 50 | БК |
Ескертпелер:
*– "Жамбыл электр желілері" ЖШС Сарысу аудандық электр желілерін тарату бөлімі, "Қазақтелеком" АҚ филиалы – Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының Сарысу аудандық бөлімі, "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының Сарысу аудандық пошта бөлімшесі, "Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Сарысу орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі әкімдік бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады.
Қолдау тапқан жобалар бойынша қаржыландыру көлемі
Қаржыландыру көзі | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | Жиыны |
РБ | 930,3 | 225,0 | 72,0 | - | - | 1227,3 |
ЖБ | 1650,7 | 1043,5 | 3129,2 | 1033,0 | 221,7 | 7078,1 |
БК | 4565,0 | 212493,7 | 3854,0 | 423100,0 | - | 644012,7 |
Жиыны: | 7146,0 | 213762,2 | 7055,2 | 424133,0 | 221,7 | 652318,1 |
аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – акционерлік қоғам
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
БК – басқа көздер
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ЖК – жеке кәсіпкер
ЖБ – жергілікті бюджет
кВТ – киловатт
мВТ – мегаватт
ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету аппараты
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
РБ – республикалық бюджет
ТӨК – тау-кен өңдеу кешені
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЭКГ аппараты – электрокардиограф
ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
GPS – Global Positioning System – жаһандық позициялау жүйесі.