"Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 804 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 362 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "тізбесі бекітілсін." деген сөздер "тізбесі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылу мерзімі басталған күннен бастап бір жылды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларымен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 804 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 12 мамырдағы
№ 362 қаулысымен
бекітілген

Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымшаға қосымша), сондай-ақ "Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 34 шешіміне сәйкес әзірленді және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті берген Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) лицензиар – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті;

      2) лицензиат – осы қаулыға сәйкес тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушы.

2-тарау. Тыңайтқыштардың жекелеген түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі

      3. Лицензиар мынадай:

      1) лицензиат ерікті түрде өтініш жасаған;

      2) айрықша лицензияны беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған;

      3) лицензиаттар айрықша лицензияның орындалу барысы туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін тоқсан сайын лицензиарға ұсынбаған;

      4) лицензиаттар айрықша лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы есептерде анық емес мәліметтерді көрсеткен;

      5) сот актісі болған жағдайларда айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай туындаған кезде лицензиар лицензиат тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын өтініште көрсетілген мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2)5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша айрықша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде лицензиар мұндай жағдайлар басталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензиатқа тоқтата тұру негіздерін көрсете отырып, айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы алдын ала шешімді және тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарламаны жібереді.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде айрықша лицензияның қолданылуы айрықша лицензия беруге негіз болған құжаттардың қолданылуы қайта басталғанға дейінгі мерзімге, осы Қағидалардың 3-тармағының 3)5) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      6. Хабарлама айрықша лицензияны беруге арналған өтініште көрсетілген лицензиаттың заңды мекенжайы бойынша тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе электрондық мекенжайы бойынша не хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Лицензиаттың өкілі хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам хабарламада тиісті белгі қояды, ол лицензиарға қайтарылады. Бұл ретте хабарламаны қабылдаудан мұндай бас тарту айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      7. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша лицензиар бір жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      Айрықша лицензияның қолданылуы лицензиар айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатыла тұрады.

      Айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру оны ұзартуға негіз болып табылмайды.

      8. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатыла тұрған айрықша лицензияның қолданылуын қайта бастау лицензиаттың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

      Лицензиар осы өтініш негізінде үш жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2)5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша айрықша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін лицензиарға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.

      Лицензиар лицензиат өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын тексереді және мұндай себептердің жойылу фактісі расталған жағдайда айрықша лицензияның қолданысын қайта бастау күнін көрсете отырып, оны қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша айрықша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде айрықша лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешім айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған сот актісінің күшін жоюды көздейтін сот актісінің негізінде қабылданады.

      Бұл ретте айрықша лицензияның қолданылуы лицензиар айрықша лицензияның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдаған кезден бастап қайта басталады.

      10. Лицензиат айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда лицензиар тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату рәсіміне бастама жасайды.

      11. Лицензиар мынадай:

      1) лицензиат айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған;

      2) берілген мерзімі өткен;

      3) жүзеге асыруға берілген әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалған;

      4) лицензиат осы қаулыға сәйкес айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінен алып тасталған;

      5) тауар осы қаулыға сәйкес экспортына айрықша құқық берілген тауардың жекелеген түрлерінің тізбесінен алып тасталған;

      6) лицензиат таратылған немесе оның құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізілген (ұйымдық-құқықтық нысанының, атауының не орналасқан жерінің өзгеруі);

      7) айрықша лицензияны алу мақсатында өтініш беруші ұсынған құжаттарда анық емес мәліметтер анықталған;

      8) айрықша лицензияны беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттың қолданылуы тоқтатылған;

      9) лицензия беруге негіз болған шартты (келісімшартты) орындау кезінде мүше мемлекеттің халықаралық міндеттемелері бұзылған;

      10) егер мұндай қызмет түрі өзіне қатысты лицензиялау енгізілген тауардың айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия кері қайтарып алынған;

      11) белгіленген тәртіпті сақтаған кезде берілуі мүмкін емес айрықша лицензияны беруге алып келген, айрықша лицензияны беру кезінде жол берілген бұзушылықтар анықталған;

      12) сот актісі болған;

      13) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ішінде айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға алып келген себептер жойылмаған жағдайларда айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде лицензиар айрықша лицензияның түпнұсқасын қоса бере отырып, лицензиат тиісті өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2)13) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде лицензиар айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату туралы осындай жағдайлар басталған күні, ал мұндай күнді белгілеу мүмкін болмаған кезде олар анықталған күннен бастап шешім қабылдайды және лицензиатқа осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату және лицензиарға айрықша лицензияны қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      14. Лицензиат айрықша лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде айрықша лицензияның түпнұсқасын лицензиарға қайтарады.

      15. Лицензиардың айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімімен келіспеген жағдайда лицензиаттың Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес лицензиардың мұндай шешіміне шағымдануға құқығы бар.

      16. Лицензиар айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және лицензиатқа тиісті хабарлама жібереді.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 362 "О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов удобрений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2023 года № 804.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 362 "О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов удобрений" следующие дополнения:

      пункт 1 дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "3) Правила приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений.";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Срок действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений составляет один год с даты начала ее действия и может быть ограничен сроком действия внешнеторгового договора (контракта) или документа, являющегося основанием для выдачи исключительной лицензии.";

      дополнить Правилами приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от " " 2023 года №
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 мая 2023 года № 362

Правила приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений

Глава 1. Общие положение

      1. Настоящие Правила приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений (далее – Правила) разработаны в соответствии с частью четвертой пункта 7 статьи 37 и статьей 45 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", пунктами 19 и 20 Правил выдачи лицензий и разрешений на экспорт и (или) импорт товаров (приложение к приложению № 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), а также решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 19 апреля 2016 года № 34 "О применении мер нетарифного регулирования" и определяют порядок приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений (далее – исключительная лицензия), выданной Комитетом индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в соответствии с настоящим постановлением.

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие понятия:

      1) лицензиар – Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      2) лицензиат – участник внешнеторговой деятельности, которому предоставлено исключительное право на экспорт отдельных видов удобрений в соответствии с настоящим постановлением.

Глава 2. Порядок приостановления или прекращения действия исключительной лицензии на экспорт отдельных видов удобрений

      3. Лицензиар принимает решение о приостановлении действия исключительной лицензии в следующих случаях:

      1) добровольного обращения лицензиата;

      2) приостановления действия одного или нескольких документов, на основании которых была выдана исключительная лицензия;

      3) непредставления лицензиатами ежеквартально до пятнадцатого числа месяца, следующего за отчетным кварталом, отчета о ходе исполнения исключительной лицензии лицензиару;

      4) указания лицензиатами недостоверных сведений в ежеквартальных отчетах о ходе исполнения исключительной лицензии;

      5) наличия судебного акта.

      4. При наступлении случая, указанного в подпункте 1) пункта 3 настоящих Правил, лицензиар в течение пяти рабочих дней со дня представления лицензиатом соответствующего обращения принимает решение о приостановлении действия исключительной лицензии на срок, указанный в обращении.

      5. При приостановлении действия исключительной лицензии по основаниям, предусмотренным подпунктами 2) - 5) пункта 3 настоящих Правил, лицензиар в течение двух рабочих дней со дня наступления таких случаев направляет лицензиату предварительное решение о приостановлении действия исключительной лицензии с указанием оснований приостановления и уведомление о времени и месте (способе) проведения заслушивания.

      Действие исключительной лицензии при наступлении случая, указанного в подпункте 2) пункта 3 настоящих Правил, приостанавливается на срок до возобновления действия документов, на основании которых была выдана исключительная лицензия, при наступлении случаев, указанных в подпунктах 3) - 5) пункта 3 настоящих Правил, – на срок, не превышающий одного месяца.

      6. Уведомление направляется по юридическому адресу лицензиата, указанному в заявлении на выдачу исключительной лицензии, заказным письмом с уведомлением о его вручении или по электронному адресу либо с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксацию уведомления.

      При отказе представителя лицензиата принять уведомление лицо, доставляющее или вручающее его, делает соответствующую отметку на уведомлении, которое возвращается лицензиару. При этом такой отказ от принятия уведомления не является основанием приостановления или прекращения действия исключительной лицензии.

      7. Заслушивание проводится не позднее двух рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания лицензиар в течение одного рабочего дня принимает решение о приостановлении действия исключительной лицензии.

      Действие исключительной лицензии приостанавливается с даты принятия лицензиаром решения о приостановлении действия исключительной лицензии.

      Приостановление действия исключительной лицензии не является основанием для ее продления.

      8. Возобновление действия исключительной лицензии, приостановленного по основанию, предусмотренному подпунктом 1) пункта 3 настоящих Правил, осуществляется по обращению лицензиата.

      Лицензиар на основании данного обращения в течение трех рабочих дней принимает решение о возобновлении действия исключительной лицензии.

      9. При приостановлении действия исключительной лицензии по основаниям, предусмотренным подпунктами 2) - 5) пункта 3 настоящих Правил, лицензиат вправе до истечения срока приостановления действия исключительной лицензии, предусмотренного пунктом 5 настоящих Правил, подать лицензиару заявление об устранении причин, вызвавших приостановление действия исключительной лицензии, с приложением копий подтверждающих документов.

      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи лицензиатом заявления проверяет устранение причин, вызвавших приостановление действия исключительной лицензии, и в случае подтверждения факта устранения таких причин принимает решение о возобновлении действия исключительной лицензии с указанием даты ее возобновления.

      При приостановлении действия исключительной лицензии по основаниям, указанным в подпункте 5) пункта 3 настоящих Правил, решение о возобновлении действия исключительной лицензии принимается на основании судебного акта, предусматривающего отмену судебного акта, на основании которого было приостановлено действие исключительной лицензии.

      При этом действие исключительной лицензии возобновляется с момента принятия лицензиаром решения о возобновлении действия исключительной лицензии.

      10. В случае непредставления лицензиатом до истечения срока приостановления действия исключительной лицензии заявления об устранении нарушений, явившихся основанием для приостановления действия исключительной лицензии, лицензиар в течение десяти рабочих дней с момента истечения срока приостановления инициирует процедуру прекращении действия исключительной лицензии.

      11. Лицензиар принимает решение о прекращении действия исключительной лицензии в следующих случаях:

      1) добровольного обращения лицензиата о прекращении действия исключительной лицензии;

      2) истечения срока, на которую она выдана;

      3) совершения действий (операций) в полном объеме, на осуществление которых она выдана;

      4) исключения лицензиата из перечня участников внешнеторговой деятельности, которым предоставлено исключительное право в соответствии с настоящим постановлением;

      5) исключения товара из перечня отдельных видов товаров, на экспорт которых предоставлено исключительное право в соответствии с настоящим постановлением;

      6) ликвидации лицензиата или внесения изменений в его учредительные документы (изменение организационно-правовой формы, наименования либо места его нахождения);

      7) выявления недостоверных сведений в документах, представленных заявителем в целях получения исключительной лицензии;

      8) прекращения действия одного или нескольких документов, на основании которых была выдана исключительная лицензия;

      9) нарушения при исполнении договора (контракта), на основании которого выдана лицензия, международных обязательств государства-члена;

      10) отзыва лицензии на осуществление лицензируемого вида деятельности, если такой вид деятельности связан с оборотом товара, в отношении которого введено лицензирование;

      11) выявления допущенных при выдаче исключительной лицензии нарушений, повлекших выдачу исключительной лицензии, которая при соблюдении установленного порядка не могла быть выдана;

      12) наличия судебного акта;

      13) неустранения причин, вызвавших приостановление действия исключительной лицензии, в течение срока приостановления действия исключительной лицензии, предусмотренного пунктом 5 настоящих Правил.

      12. При наступлении случая, указанного в подпункте 1) пункта 11 настоящих Правил, лицензиар принимает решение о прекращении действия исключительной лицензии в течение пяти рабочих дней со дня представления лицензиатом соответствующего обращения с приложением оригинала исключительной лицензии.

      13. При наступлении случаев, указанных в подпунктах 2) - 13) пункта 11 настоящих Правил, лицензиар принимает решение о прекращении действия исключительной лицензии в день наступления таких случаев, а при невозможности установления такого дня – со дня их выявления и направляет лицензиату уведомление о прекращении действия исключительной лицензии в порядке, установленном в пункте 6 настоящих Правил, и необходимости вернуть исключительную лицензию лицензиару.

      14. Лицензиат в течение десяти рабочих дней со дня получения уведомления о прекращении действия исключительной лицензии возвращает оригинал исключительной лицензии лицензиару.

      15. В случае несогласия с решением лицензиара о приостановлении или прекращении действия исключительной лицензии лицензиат имеет право обжаловать такое решение лицензиара в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      16. Лицензиар в течение одного рабочего дня со дня принятия решения о приостановлении, возобновлении или прекращении действия исключительной лицензии направляет соответствующее уведомление Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и лицензиату.

      ____________________________