Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Малая Уба орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 10,9 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Анисимов ключ" кен орнында полиметалл кендерін өндіру үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін "Анисимов ключ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 922 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының |
Жалпы | Оның ішінде | |
орман көмкерген | орман көмкермеген | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
"Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Малая Уба орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 10,9 | 8,5 | 2,4 |
Барлығы: | 10,9 | 8,5 | 2,4 |