"Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 966 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 763 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларында:

      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "импорттаушыларда – осы Қағидалардың 15, 16, 17 және 28-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.";

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Меншікті жинау жүйесін қолдану жөніндегі талаптар Кодекстің 386-бабының 3-тармағына сәйкес автомобиль көлігі құралдарын, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Өндірушіде немесе импорттаушыда оператордың хабарламасында көрсетілген кәдеге жарату төлемінің сомасынан өзгешеленетін, кәдеге жарату төлемінің сомасын растайтын мәліметтер болған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы осындай мәліметтерді осы Қағидалардың 15, 16, 17, 28 және 28-1-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттармен қоса оператордың атына ұсынады. Кәдеге жарату төлемінің сомасын растайтын мәліметтерді алған кезде оператор кәдеге жарату төлемінің сомасын қайта есептеуді жүзеге асырады. Өндіруші немесе импорттаушы ұсынған мәліметтер расталған жағдайда оператор өндірушінің (импорттаушының) атына кәдеге жарату төлемінің түзетілген сомасымен қайтадан хабарлама жібереді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 "Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2023 года № 966.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 октября 2021 года № 763 "Об утверждении Правил реализации расширенных обязательств производителей (импортеров)" следующие изменения:

      в Правилах реализации расширенных обязательств производителей (импортеров), утвержденных указанным постановлением:

      абзац третий пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "у импортеров – с момента перемещения через Государственную границу Республики Казахстан продукции согласно подтверждающим документам, указанным в пунктах 15, 16, 17 и 28 настоящих Правил.";

      абзац второй подпункта 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "Требование по применению собственной системы сбора не распространяется на производителей и импортеров автомобильных транспортных средств, самоходной сельскохозяйственной техники в соответствии с пунктом 3 статьи 386 Кодекса.";

      пункт 19 исключить;

      абзац первый пункта 44 изложить в следующей редакции:

      "44. В случае наличия у производителя или импортера сведений, подтверждающих сумму утилизационного платежа, отличную от суммы утилизационного платежа, указанной в уведомлении оператора, производитель или импортер представляют такие сведения в адрес оператора с приложением подтверждающих документов, указанных в пунктах 15, 16, 17, 28 и 28-1 настоящих Правил. При получении сведений, подтверждающих сумму утилизационного платежа, оператор осуществляет перерасчет суммы утилизационного платежа. В случае подтверждения сведений, представленных производителем или импортером, оператор направляет повторное уведомление в адрес производителя (импортера) со скорректированной суммой утилизационного платежа.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов