"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1002 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.

      Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдары жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,42 мөлшерінде;

      біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы):

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Мыналарды:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;

      мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басқарушы жұмыскерлерін;

      мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;

      медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      "Ұлттық" мәртебесі бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне 1,75 мөлшерінде арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Ішкі істер органдары жүйесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2023 года № 1002.

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" следующее изменение:

      подпункт 2) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) ДО (тарифные ставки) работников организаций определяются путем умножения соответствующих коэффициентов, утвержденных для исчисления их ДО (тарифной ставки) в зависимости от отнесения занимаемых должностей к функциональным блокам и стажа работы по специальности, присвоенных квалификационных разрядов (для рабочих), на размер БДО, установленного подпунктом 1) части первой пункта 1 настоящего постановления.

      ДО (тарифные ставки) для отдельных категорий педагогов определяются исходя из установленной учебной нагрузки в неделю.

      ДО (тарифные ставки) специалистов и служащих государственных высших учебных заведений, которым согласно законодательству предоставлен особый статус, определяются с применением повышающего коэффициента к установленным размерам ДО.

      ДО (тарифные ставки) педагогов организаций образования, за исключением организаций высшего и (или) послевузовского образования, определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2020 года в размере 1,25;

      с 1 января 2021 года в размере 1,5;

      с 1 января 2022 года в размере 1,75;

      с 1 января 2023 года в размере 2,0.

      ДО (тарифные ставки) педагогов дошкольного воспитания и обучения организаций дошкольного и среднего образования определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 сентября 2023 года в размере 1,3.

      ДО (тарифные ставки) работников управленческого, основного персоналов государственных организаций: медико-социальных учреждений стационарного и полустационарного типов, организаций надомного обслуживания, временного пребывания, центров занятости, за исключением медицинских и фармацевтических работников, определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2021 года в размере 1,5;

      с 1 января 2022 года в размере 1,75;

      с 1 января 2023 года в размере 2,0.

      ДО (тарифные ставки) медицинских и фармацевтических работников определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      специалисты высшего уровня квалификации (управленческий персонал блока А, основной персонал блоков В1, В2):

      с 1 января 2021 года в размере 2,02;

      с 1 января 2022 года в размере 2,63;

      с 1 января 2023 года в размере 2,73;

      с 1 сентября 2023 года в размере 3,42;

      специалисты высшего и среднего уровня квалификации (основной персонал блоков В3, В4):

      с 1 января 2021 года в размере 1,63;

      с 1 января 2022 года в размере 1,95;

      с 1 января 2023 года в размере 2,05;

      с 1 сентября 2023 года в размере 2,34.

      ДО (тарифные ставки) гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий, за исключением:

      педагогов организаций образования, кроме организаций высшего и (или) послевузовского образования;

      профессорско-преподавательского состава и руководящих работников организаций высшего и (или) послевузовского образования в области культуры и искусства, имеющих особый статус;

      работников управленческого, основного персоналов государственных организаций: медико-социальных учреждений стационарного и полустационарного типов, организаций надомного обслуживания, временного пребывания, центров занятости;

      медицинских и фармацевтических работников, определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2022 года в размере 1,23;

      с 1 января 2023 года в размере 1,45;

      с 1 января 2024 года в размере 1,71;

      с 1 января 2025 года в размере 2,0.

      ДО (тарифные ставки) гражданских служащих, работников государственных организаций культуры, отдельных профессиональных художественных, творческих коллективов, имеющих статус "Национальный", определяются с применением повышающего коэффициента в размере 1,75 к установленным размерам ДО.

      ДО (тарифные ставки) педагогов организаций высшего и (или) послевузовского образования системы органов внутренних дел и Министерства обороны Республики Казахстан определяются с применением поправочного коэффициента к установленным размерам ДО:

      с 1 января 2023 года в размере 2,32;

      с 1 января 2024 года в размере 2,74;

      с 1 января 2025 года в размере 3,2.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 сентября 2023 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов