"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 1009 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-8-тармақпен толықтырылсын:

      "3-8. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде тартылатын арнайы көлік пен жабдықты сатып алу мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 "О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2023 года № 1009.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142 "О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях" следующее дополнение:

      дополнить пунктом 3-8 следующего содержания:

      "3-8. Акционерное общество "Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев", сто процентов акций которого находятся в республиканской собственности, освобождается от выплаты дивидендов на государственный пакет акций по итогам 2022 года в целях приобретения специального транспорта и оборудования, задействованных при обслуживании воздушных судов.

      Государственному органу, осуществляющему права владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев", обеспечить контроль за целевым использованием средств, указанных в части первой настоящего пункта, с информированием уполномоченных органов по государственному планированию и государственному имуществу в срок до 31 декабря 2024 года.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов