Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқаты қоры" акционерлік қоғамына "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен сенімгерлік басқару шартын жасасу арқылы "АстанаГаз ҚМГ" акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы жай акцияларының 50 %-ына үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |