"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2024 жылға арналған жоспары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 1171 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2024 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1171 қаулысымен
бекітілген

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2024 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 28113/3дснг нотасы) Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі" мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2024 жылға арналған жоспарын келіседі.

Об утверждении заключения по плану запусков космических аппаратов с космодрома "Байконур" на 2024 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 1171

      В соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое заключение по плану запусков космических аппаратов с космодрома "Байконур" на 2024 год (далее – заключение).

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан до 30 декабря 2023 года направить заключение российской стороне по дипломатическим каналам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан

 
А. Смаилов

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 22 декабря 2023 года № 1171

Заключение
по плану запусков космических аппаратов
с космодрома "Байконур" на 2024 год

      В соответствии со статьей 4 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан согласовывает представленный российской стороной (нота Министерства иностранных дел Российской Федерации № 28113/3дснг от 2 ноября 2023 года) план запусков космических аппаратов на 2024 год в рамках государственной программы Российской Федерации "Космическая деятельность России", программ международного сотрудничества и коммерческих проектов с космодрома "Байконур".

      ____________________