ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2024 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
"98-1) курсанттардың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысу үшін олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелерінің курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы 2024 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |