"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған, Ұлытау облысының мәслихаты және Жезқазған қалалық мәслихаты мақұлдаған Ұлытау облысы Жезқазған қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1231 қаулысымен бекітілген |
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының бас жоспары
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
1-тарау. Жалпы ережелер
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология кодекстерінің, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарының, қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспар (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективалы аумақтық даму шекараларында орындалды.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:
бастапқы жыл – 2023 жылғы 1 қаңтар;
бірінші кезек – 2030 жыл;
есепті мерзім – 2038 жыл.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Белгіленген тәртіппен бекітілген Бас жоспар: елді мекеннің шегін, бірінші кезектегі құрылыс объектілерін орналастыру жобаларын, тұрғын және өнеркәсіптік аудандарды жоспарлау жобаларын, құрылыс салу, инженерлік қамтамасыз ету, кешенді көлік схемасы, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау схемасы, аумақты аймақтарға бөлу және жерді ұтымды пайдалану жобаларын әзірлеу үшін база болып табылады.
Бас жоспар:
1) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;
2) осы аймақтың аумағын функционалдық аймақтарға бөлуді және пайдалануға шек қоюды;
3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумағының арақатынасын;
4) жер иеліктен шығарылатын және сатып алынатын негізгі аймақтарды, резервтегі аумақты;
5) аумақты табиғи және техногендік құбылыс пен процестің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды;
6) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көлікке қатысты бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттарды;
7) елді мекеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.
Осы Бас жоспар Жезқазған қаласы және облыс орталығы ықпалының аймағы шегіндегі 62,1 шаршы километр аумаққа әзірленді. Қарастырылып отырған аумақ елді мекеннің перспективалы аумақтық дамуына сәйкес қабылданды.
Бас жоспарды әзірлеген кезде аумақты жоспарлап ұйымдастыру саласындағы қала құрылысы жүйесінің, елді мекен орталығының, әлеуметтік-экономикалық кешенінің, демографиялық саясат пен тұрғын үй саясатының, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің, инженерлік-көліктік инфрақұрылым мен қалыптасқан экологиялық ахуалдың қазіргі жай-күйіне талдау жасалды.
Бас жоспардың басты мақсаты елді мекенді қолайлы мекендеу ортасын құруды қамтамасыз ететіндей орнықты дамыту болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес елді мекенді кеңістік жағынан ұйымдастыру жан-жақты талаптарға сәйкес келуге тиіс: тұрғынжай, өндіріс, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және басқа да функциялар үшін қолайлы алаңдар ұсыну.
Бас жоспарды әзірлеген кезде директивалық, стратегиялық, нұсқаушылық, әдістемелік және басқа материалдар пайдаланылды, жұмыс барысында облыстық, қалалық жобалар мен түрлі бағыттағы бағдарламалар талданып, қала құрылысын жобалаудың шетелдік және отандық заманауи тәжірибесі зерделенді.
3-тарау. Жалпы мәліметтер
Ұлытау облысының әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы облыстың орталық бөлігінде Орталық Қазақстанның шөлейт аймағында Кеңгір су қоймасының оң жағалауында орналасқан және Жезқазған қалалық әкімшілігінің орталығы болып табылады, оған қаладан басқа үш ауылдық округ – Кеңгір, Талап және Малшыбай округтері кіреді. Қала автомобиль магистральдарының қиылысында орналасқан, өтпелі теміржол қатынасы, халықаралық әуежайы бар әрі Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Қарағанды облыстарын жалғайтын мультимодальды көлік торабына айналу әлеуетіне ие.
Жезқазған қалалық әкімшілігі халқының жалпы саны 2023 жылдың басында 92,9 мың адамды құрады, Жезқазған қаласында 89,1 мың адам тұрды.
4-тарау. Табиғи-климаттық жағдайлар
Климаты. Жезқазған қаласының аумағы III-В климаттық кіші ауданға жатады, қаңтар айындағы орташа айлық температура минус 20 ºС-тан минус 2º С-қа дейінгі аралықта, күн радиациясы өте жоғары, қыс мезгілінде ауа температурасы теріс мәнде болады және жазы ыстық, бұл суық мезгілде ғимараттарды жылытып қорғау және оларды жылдың жылы мезгілінде шамадан тыс ысып кетуден қорғау қажеттігін айқындайды.
Қалаға жазы ыстық және қысы суық күрт континентті климаттық ерекшелік тән. Аудан құрғақ аймаққа жатады. Қысы ұзақ (қараша – наурыз), қар қалың түседі, жел әлсіз және қалыпты болғанымен, қатты боран, тұман тұруы да мүмкін.
Орташа жылдық ауа температурасы жақсы және 5,8 °C құрайды. Ең жылы ай – шілденің орташа айлық ауа температурасы 24,4 °C, ал ең суық қаңтар айынікі – минус 13,8 °C. Ауа температурасының жылдық амплитудасы – 38,2 °С.
Жер бедері. Бүкіл қала аумағы мен оған іргелес аумақтың жер бедерін мынадай негізгі түрлер мен пішіндерге бөлуге болады:
1) денудациялық жазық;
2) аккумулятивті жазық.
Денудациялық жазық қаланың солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінен басталып, төменгі пермь кезеңінің жергілікті жыныстары арқылы тармақталады.
Кеңгір су қоймасына таяу жазық тым тарамдалып кетеді, жарлы тау-тасты жағалаулары бар. Мұндағы жер бетінің абсолютті белгісі 360 – 380 м аралығында, кейбір элементтердің салыстырмалы түрде асып кетуі – 10–20 м.
Аккумулятивті жазық денудациялық жазықтың шегінен тыс жерде дамыған. Ол түрлі генезис (шығу тегі) шөгінділерінен тұрады: аллювиальді-пролювиальді және делювиальді-пролювиальді.
Бұл жазықтың тегіс қабатын қаланың оңтүстік, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөліктерінде көруге болады.
Кейбір жерде аккумулятивті жазық қабатын Қостанкелдісай және Тасмырзасай жырасының (сайлардың) өткір эрозиялық тілімдері тіліп өтеді.
Жер бедерінің қаланы екіге бөліп жатқан негізгі нысаны – Қостанкелдісай сайы.
Тасмырзасай мен Қостанкелдісайдың оңтүстік бөлігі су қоймасына қарай сәл еңістеу жайпауыт беткейлі. Сайлар арасындағы су Пристанция кентінің аумағындағы жер бедерінде онша көріне қоймайтын шағын жота арқылы бөлінеді. Жер бедерінің осы пішіндерінен басқа, қала шегінде Қостанкелдісайға құятын екі үлкен жылға бар.
Олардың ең ірісі Абай көшесінің бойымен өтеді, екіншісі Балқаш көшесінің бойында онша көріне қоймайды.
Борпылдақ жынысқа толы шағын байырғы жар өзегі Кеңгір су қоймасына қарай М. Жәлел көшесінің бойымен өтеді. Аумақтың осы бөлігіндегі жер бедерінің абсолюттік белгісі – 340 м-370 м-ге дейінгі аралықта.
Гидрография. Жезқазған қаласының аумағы қуаң аймақта орналасқан және су ресурсының шектеулі болуымен сипатталады.
Сирек кездесетін гидрографиялық желі – Қаракеңгір өзені, оған негізінен Сарыкеңгір, Жыланды, Жезді және Жиделісай өзендері келіп құйылады.
Жезқазған қаласының басты су ресурстары – Қаракеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы (ауданы 3,7 шаршы км) және қаладан оңтүстікке қарай орналасқан Жезді өзеніндегі Жезді су қоймасы. Бұл екі су қоймасы да арна түрінде.
Гидрогеологиялық жағдайлар. Жезқазған қаласымен бірге Жезқазған өнеркәсіптік ауданы шаруашылық-ауыз сумен Айдос, Жанай, Батыс Есқұла, Үйтас, Шетібай, Қағыл жарықшақты-карстық жерасты су көздері тобының есебінен қамтамасыз етілген, олардың жалпы барланған қоры тәулігіне 316,2 мың м3 құрайды. Кейіннен барланған жерасты су қорының жалпы мөлшері тәулігіне 70,2 мың м3 құрайтын Қожамсейіт, Басқағыл, Шығыс Есқұла және басқа да бірқатар көздердің барланған қорын пайдалануға болады.
Инженерлік-геологиялық жағдайларды қаланың орналасуындағы геологиялық, гидрогеологиялық және геоморфологиялық ерекшеліктер айқындап берген.
Негізгі қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық процестер мен құбылыстар құрылыс салған кезде қымбатшылыққа әкелетін факторлар болып табылады. Бұларға қала аумағында және оған іргелес аумақта тау жыныстарын желдің мүжуі, эрозия, батпақтану, ісіну, тұздану және шөгу сияқты құбылыстар жатады.
5-тарау. Қаланың стратегиялық даму тұжырымдамасы
Әкімшілік мәртебе алып, Ұлытау облысының орталығына айналған соң, қаланы дамытудың жаңа стратегиясы айқындалды.
Стратегияда қала болашақта қандай болуы керек, оның бірегейлігі мен тартымдылығы неде, елдің және өңірдің басқа қалаларымен бәсекелік күресте қандай орында болуға тиіс деген мақсат-аспектілер белгіленді:
1-аспект: Ұлытау облысының қазіргі заманғы көп функционалды әкімшілік, қаржылық және мәдени орталығы;
2-аспект: облыстың өнеркәсіптік, инновациялық орталығы;
3-аспект: республикалық логистикалық желіге интеграцияланған Ұлытау облысының көліктік-логистикалық орталығы;
4-аспект: облыстың ғылыми-білім беру орталығы.
6-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
1-параграф. Демография
Қала халқының болжамды саны бірнеше әдіс бойынша айқындалды. Бірінші әдіс қалада болып жатқан демографиялық процестер негізінде тұрғындардың көбею коэффициентін пайдалануды негізге алады. Бас жоспарда тұрғындар саны экономика салаларының дамуына сүйенетін еңбек нарығындағы жұмыс орындарының болжамды сұранысы мен ұсынысы әдісі бойынша да айқындалды.
Қала тұрғындарының перспективалы санын айқындаған кезде оның жобада ұсынылып отырған облыстық маңызы бар қала ретіндегі жаңа мәртебедегі әкімшілік-аумақтық жағдайын ескергендегі перспективадағы аумақтық дамуы назарға алынды. Облыс орталығының мәртебесі қаржыландыру көздерін тарту және әртүрлі экономикалық қызмет салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қала ұсынатын мүмкіндіктердің кеңеюіне байланысты көші-қон процестерінің ұлғаюын болжайды, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға тікелей ықпал ететін болады.
2023 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындарының саны 89,08 мың адамды құрады, бірінші кезекте 117,0 мың адамды, есепті мерзімде 145,0 мың адамды құрайды.
2-параграф. Жұмыспен қамту
Еңбек нарығының негізгі индикаторлары: 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар саны немесе қаланың жұмыс күші 44,94 мың адамды немесе жалпы халықтың 50,5 %-ын, жұмыспен қамтылған халық 42,83 мың адамды (жұмыс күшінің құрылымында 95,3 %) құрады, оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер – 2,71 мың адам, (жұмыс күші көрсеткішінің 6,0 %-ы) жұмыссыз тұрғындар – 2,11 мың адам немесе жұмыс күшінің құрылымында – 4,7 %.
Осы жобада нысаналы индикаторлар ретінде мынадай көрсеткіштер қабылданды: есепті мерзімге қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін 5,0 %-ға дейін, жұмыссыздық деңгейін 3,0 %-ға дейін төмендету, сондай-ақ жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдар көрсеткішін 3,6 %-ға қатар төмендетіп, жалдамалы жұмыскерлерді 2,7 %-ға өсіру.
3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Бас жоспарда қаланың бірінші кезекке және есепті мерзімге сұранысына жүргізілген талдау ескеріліп, облыс орталығының әкімшілік мекемелерін, әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерді орналастыру бойынша шешімдер көзделген.
Бас жоспарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалық бастамалар әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысына қатысты жаңа шарттарға бағдарланған және тұрғындардың әртүрлі сұранысы мен мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған.
Қаланы Ұлытау облысының орталығы ретіндегі мәртебесіне сәйкес келетіндей дамыту оның әлеуметтік саласын дамытудағы басты міндет болып табылады.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаладағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2294,36 мың м2 құрады, оның ішінде: меншікжайлы жеке тұрғын үйлер: 895,02 мың м2; көп пәтерлі тұрғын үйлер: 1399,34 мың м2 құрады.
Қалада тұрып жатқан бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілу 2023 жылдың басында 25,8 м2 құрады.
Бас жоспар іске асырылатын бірінші кезекте жалпы ауданы 995,72 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді.
Бас жоспар іске асырылатын есепті мерзімде жалпы ауданы 1140,95 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді.
Қолданыстағы тұрғын үй қоры 81,03 мың м2 азайған, оның ішінде: бірінші кезекте 14,08 мың м2.
Қаланың тұрғын үй қоры мынадай көрсеткіштер бойынша жоспарланған:
бастапқы жыл − 2294,36 мың м2;
бірінші кезек − 3276,00 мың м2;
есепті мерзім − 4350,00 мың м2.
4-параграф. Білім беру
Жобалық кезеңдер бойынша қаладағы мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру мекемелері объектілеріндегі орын саны:
мектепке дейінгі балалар мекемелері үшін: бірінші кезекте − 7290 орын, есепті мерзімде − 12412 орын;
жалпы білім беретін мектептер үшін: бірінші кезекте оқытатын − 16425 орын, есепті мерзімде − 21785 орын. Осылайша, есепті мерзімде екі ауысымда оқытатын, жалпы білім беретін мекемелердің жалпы сыйымдылығы шамамен 43,57 мың орынды құрайтын болады, оның ішінде: бірінші кезекте 32,85 мың орын.
Қаладағы мектептен тыс білім беру объектілеріндегі орындар саны: бірінші кезекте − 1932 орын, есепті мерзімде − 2991 орын.
5-параграф. Денсаулық сақтау
Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы орын саны: бірінші кезекте − 1535 орын, есепті мерзімде − 1935 орын.
Қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объектілер саны: бірінші кезекте бір ауысымда 3410 адам, есепті мерзімде бір ауысымда 3710 адам қабылдайды.
Медициналық жедел жәрдем станциялары мен автомобильдер саны: бірінші кезекте − 1 станция және 14 автомобиль, есепті мерзімде − 1 станция және 15 автомобиль.
6-параграф. Экономикалық қызмет
Жезқазған қаласы Қазақстан Республикасындағы ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі болып табылады. Қалада түрлі өнеркәсіп саласына жататын ірі, орта және ұсақ өнеркәсіп орындары орналасқан. Бастапқы жылы негізгі өнеркәсіптік өндірістің құрылымында әртүрлі он бір сала болды. Металлургия өнеркәсібі басым рөл атқарады. Оның үлесіне өнеркәсіптік өндірістегі жұмыспен қамтылған персоналдың 79,2 %-ы тиесілі. Жұмыспен қамтылған персонал саны бойынша екінші сала – машина мен жабдықты жөндеу және орнату, персоналдың үлесі – 5,7 %. Салалар үштігінің соңғысы – энергия өндіру және тарату саласы. Оның өнеркәсіптегі жұмыспен қамту құрылымындағы үлесі 3,8 %-ды құрайды.
Соңғы жылдары қаланың өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өскені байқалады. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 564,42 млрд теңгеге немесе 211,5 % өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға жақсы әсерін тигізеді. Бастапқы жылғы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің шамамен 88,1 %-ы металлургия өнеркәсібіне тиесілі екенін атап өткен жөн.
Қаланың индустриялық-инновациялық дамуының негізі металлургия және электр энергетикасы өнеркәсібін одан әрі дамыту болып табылады. Металлургия өнеркәсібі түсті металдар өндіретін бірқатар қала түзуші кәсіпорындардан тұрады: "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) Жезқазған мыс балқыту зауыты, "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің филиалы – "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігі. Бұдан басқа, "Жалтырбұлақ" акционерлік қоғамы филиалы – катодты алтын өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді.
Қалада металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарынан басқа, ірі кәсіпорындардан "Kazakhmys Energy" ЖШС (Қазақмыс Энерджи) Жезқазған жылу электр орталығы жұмыс істейді, ол қала мен өнеркәсіптің электр және жылу энергиясына мұқтаждығын қамтамасыз етеді, арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін "Евротехсервис К" ЖШС, нан, ұннан жасалған өнімдер мен кондитерлік өнімдер шығаратын "Ұлытау НАН" ЖШС кәсіпорны, арнайы киім мен тігін бұйымдарын және т.б. тігумен айналысатын "Ютария LTD" өндірістік инновациялық компаниясы" ЖШС бар.
Бас жоспарда перспективаға Жезқазған қаласында 2022 – 2027 жылдары іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жобаларға, Ұлытау облысының 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына және межеленген жаңа құрылыс объектілері мен құрылысы аяқталмаған жаңа объектілерді салып бітіру туралы ақпаратқа сәйкес Жезқазған қаласының аумағында жоба бойынша бірқатар кәсіпорындар салу ескерілді:
1) "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС:
Жезқазған қаласында геологиялық кластер салу;
Қара мыс концентратын гидрометаллургиялық өңдейтін тәжірибелік зауыт салу (98 жұмыс орны);
Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңа күкірт қышқылы цехын салу;
жалпы қуаты 100 мВт бу-газ қондырғысын салу;
2) "ҚазХимСинтез" ЖШС – өнеркәсіптік реагент шығаратын химия зауытын салу (150 жұмыс орны);
3) "Ұлытау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ – индустриялық аймақ құру және индустриялық аймаққа инфрақұрылым салу;
4) "Kaz Green Energy" ЖШС – Жезқазған қаласында биоэлектростанция салу (қоқыс өңдеу зауыты) (76 жұмыс орны);
5) жел электр станциясын салу;
6) Жезқазған қаласында құс етін шығаратын құс фабрикасын салу;
7) Жезқазған қаласында ет өңдеу комбинатын салу;
8) "Intermarketing-M" ЖШС – кірпіш зауытын салу (25 жұмыс орны);
9) № 2 Жезқазған жылу электр станциясын салу.
Бұдан басқа, қалада бірқатар өнеркәсіптік өндірісті жаңғырту жөнінде мынадай бірқатар іс-шаралар жоспарланған:
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС – № 1, 2 Жезқазған байыту фабрикасының орташа және ұсақтап уату жабдығын жаңғырту; "Жаман-Айбат кен орнының базасында мыс өндіретін бойынша Жезқазған мыс балқыту зауытын газ беріп жаңғырту;
Жезқазған қаласында ұн тарту кешенін жаңғырту.
Қала аумағында бастапқы жылы екі өнеркәсіптік аймақ орналасқан. Бас жоспарды әзірлеу шеңберінде жобаның авторлары қаланың өнеркәсіптік аймақтарын шартты түрде шығыс өнеркәсіптік аймағы және оңтүстік өнеркәсіптік аймағы деп белгілеген.
Өнеркәсіптік аймақтар аумағындағы перспективалы даму үшін жобада жалпы ауданы шамамен 38,8 га өндірістік және коммуналдық-қоймалық мақсаттағы объектілерді орналастыруға арналған аумақтар анықталды, оның ішінде шығыс өнеркәсіптік аймағында шамамен 70,0 га және аумағында жаңа индустриялық аймақ құру жоспарланып отырған оңтүстік өнеркәсіптік аймағында 68,8 га. Бұдан басқа, ауданы 1001,3 га жаңа жылу электр станциясын орналастыруға арналған аумақ көзделеді. Осылайша, өндірістік және коммуналдық-қоймалық мақсаттағы объектілерді орналастыруға арналған жалпы жобалық аумақ 1140,1 га жуық.
"Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар" 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес сұраныс туындағанда және экономикалық тұрғыдан орынды болса, бөлінген аумақтарда 50-1000 метр шегінде санитариялық қорғау аймағы бар өндіріс пен қоймаға жинаудың түрлі салаларындағы бірқатар кәсіпорындарды орналастыруға болады.
7-тарау. Қаланы қала құрылысы тұрғысынан дамытудың негізгі бағыттары
1-параграф. Негізгі ережелер
Қала аумағын функционалдық-қала құрылысы аймақтарына бөлу Бас жоспарда қаланы дамытудың, қолданыстағы құрылыс салу жүйесін қалдырудың, жаңа тұрғын үй құрылысын дамытудың, әкімшілік, қоғамдық-іскерлік және әлеуметтік объектілерді, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін орналастырудың, көлік-жаяу жүргіншілер қатынасын ұйымдастырудың және толық инженерлік қамтамасыз етудің есепті параметрлеріне сүйеніп орындалды.
Бас жоспарда Жезқазған қаласының Бас жоспарда қарастырылып отырған аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу орындалған және мынадай функционалдық аймақтар айқындалған:
тұрғын үй құрылысы аймағы (тұрғын үй құрылысы аудандары мен орамдары, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер);
қоғамдық-іскерлік (әкімшілік, қоғамдық-іскерлік) аймақ;
рекреациялық аймақ (жағажай, саябақ, желекжол, сквер, т. б.);
инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймағы;
өндірістік (өнеркәсіптік) аймақ (коммуналдық және өндірістік аймақтар, индустриялық парктер);
арнайы мақсаттағы аймақтар (әскери және өзге де режимдік аумақтар);
санитариялық қорғау және су қорғау аймақтары;
резервтегі аумақтар (қала құрылысы ресурстары).
Аумақтарды пайдалану жағынан әрбір функционалдық аймақтың өзінің нысаналы мақсаты бар және перспективада осы нысаналы мақсаттың шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекарасында ғана пайдаланылуға болады. Меншік нысанына қарамастан, аймақтың функцияларына сәйкес келмейтін объектілерді орналастыру қарастырылмайды.
Функционалдық аймақтардың шекарасы әрбір жер учаскесінің бір аумақтық аймаққа ғана тиесілі болуы жөніндегі талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Қаланың тұрғын аймағы үй маңындағы аумақта абаттандырылған көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді, меншікжай учаскелері жайластырылған және тұрғын үйлері бөліктелген жеке тұрғын үйлерді салуға арналады және қаланың мынадай аймағын қамтиды:
меншікжайлы және бөліктелген тұрғын үйлер;
үш қабатқа дейінгі көп пәтерлі тұрғын үйлер;
4-5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер;
6-12 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер;
қоғамдық-іскерлік аймақ, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері үшін (жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаны қоса алғанда);
рекреациялық, жалпы пайдаланымдағы жасыл желек алып жатқан.
Тұрғын аймақтар қаланың басты магистральдық және тұрғын көшелерімен шектеледі, олардың әрқайсысының құрылысы, қабат саны, абаттандыру деңгейі, әлеуметтік объектілердің мол болуы және басқа да параметрлері бойынша өзіндік сипаттамасы бар.
Қоғамдық аймақ (қоғамдық-іскерлік, қоғамдық орталық) өзара біртұтас жүйеге байланысқан әкімшілік және қоғамдық мақсаттағы объектілерден тұратын қаланың аса маңызды құрылым түзуші элементі болып табылады. Бұл аймақ денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілерінің, сондай-ақ білім беру мекемелерінің (кәсіптік орта немесе кәсіптік жоғары білім беру), әкімшілік, ғибадат үйлерінің, іскерлік, қаржылық және қоғамдық орталықтардың қала аумағын қалыптастыруына жағдай жасауға арналған.
Қоғамдық-іскерлік аймақта қонақүйлерді, жерасты немесе көп қабатты гараждарды орналастыруға болады. Қоғамдық-іскерлік аймақ аумағында санитариялық және экологиялық қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілмейтін жоғарыда аталған объектілер жанынан көліктің ашық тұрағы орналастырылады.
Өндірістік аймақтар қаланың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммуналдық, өнеркәсіптік объектілер мен қойма объектілерін орналастыруға арналған. Өндірістік аймаққа объектілердің өздерінің санитариялық қорғау аймағының аумағы кіреді. Өндірістік объектілердің меншік иелері өндірістік аймақтың аумағын өз қаражаты есебінен абаттандырады.
Тұрғын үй құрылысынан едәуір қашық орналасуға тиіс санитариялық қорғау аймақтары белгіленетін өнеркәсіптік мақсаттағы объектілер, индустриялық және өнеркәсіптік аймақтар үшін мынадай шарттар көзделуі қажет:
өнеркәсіп орындары үшін санитариялық қорғау аймағы қауіптілік жіктемесіне байланысты;
көліктік қызмет көрсету объектілері үшін қорғау аймақтары 50-100 м шегінде.
Инженерлік және көліктіктік инфрақұрылым аймақтары теміржол, автомобиль, өзен, әуе көлігі құрылысжайлары мен коммуникациясын, сондай-ақ инженерлік жабдықтарды орналастыруға және олардың қызмет етуіне арналған.
Инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерін орналастырған кездегі міндетті шарт: тыныс-тіршілік ортасына зиянды әсер етуді болғызбау үшін осындай объектілерден тұрғын үйлердің, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық аймақтардың аумағына дейінгі қажетті қашықтықты сақтау.
Егер инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерінде тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей зиянды әсер ететін ерекшелік болса, онда олар қала аумағын тыс жерде (оның ішінде әуежайлар) орналастырылады.
Инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері мен олардың санитариялық қорғау аймағына бөлінген аумақты абаттандыру жөніндегі міндеттер құрылысжай мен коммуникация, көліктік, байланыс және инженерлік жабдық иелеріне жүктеледі.
Санитариялық қорғау аймағы тұрғындардың тыныс-тіршілігіне экологиялық қолайлы орта қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етуге арналған. Санитариялық қорғау аймағы шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.
Қалалардағы рекреациялық аймақтар (ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер) тұрғындар демалатын жерлерді (саябақ, бақ, қала ормандары, орманды саябақ, жағажай және өзге де объектілер) ұйымдастыруға, қала аумағында қолайлы микроклимат жасауға, көгалдандырылған саябақ кеңістіктер жасауға, тұрғындар демалатын жерлерді тұрғындардың серуендеуі үшін абаттандырылған жерлерді ұйымдастыру мен жайластыруға арналған.
Қаланың рекреациялық аймағына Кеңгір су қоймасының жағалауындағы орман саябағы, орман мен саябақ аймағы, демалыс және ойын-сауық, туризм, қонақүй, саяжай қоры объектілері аймағы жатады.
Қазіргі кезеңде қалада ортақ пайдаланымдағы жасыл желек жетіспейді. Қалада орталық саябақ пен желекжол, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар жанындағы шағын скверлер мен магистральдық көше бойындағы жасыл желек қана бар.
Арнайы мақсаттағы аймақтар зираттарды, тұрмыстық қалдықтар үйінділерін, мал қорымын және қала қоныстарының басқа аумақтарының аймағында пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыруға бөлінеді.
Арнайы мақсаттағы аймақтарда қаланың көліктік және инженерлік қамтамасыз ету объектілері (инженерлік инфрақұрылым, автомобиль көлігі құрылысжайлары) және олардың санитариялық қорғау аймағы орналастырылады.
Мұндай аймақтарды пайдалану арнайы нормативтердің талаптарымен реттеледі.
Әлеуметтік мақсаттағы объектілерге зират, мал қорымы, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жатады, олар үшін санитариялық қорғау аймағы белгіленеді және олар тұрғын үй құрылысынан едәуір қашық орналасуға тиіс.
дәстүрлі жерлеу зираты үшін санитариялық қорғау аймағы 300 м құрайды;
мал қорымы мен күйдіргі ошақтары үшін – 1 000 м.
Арнайы мақсаттағы аймақтарға әскери объектілердің аймағы және пайдаланудың ерекше режимі белгіленетін объектілерді орналастыруға арналған режимдік аумақтардың өзге де аймағы жатады.
Қала аумағының шекарасы шегінде әскери объектілер аймағын және режимдік аумақ аймағын пайдалануды арнайы нормативтерге сәйкес ведомстволық министрлік белгілейді.
Санитариялық қорғау аймағы – адамның тіршілік ету ортасы мен адам денсаулығына келеңсіз әсер ететін көз болып табылатын өнеркәсіптік және коммуналдық объектінің төңірегінде белгіленетін ерекше пайдалану режимі бар арнайы аумақ. Санитариялық қорғау аймағының көлемі ластанудың (химиялық, биологиялық, физикалық) атмосфералық ауаға әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәнге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері
Қала аумағының, тұрғын үй құрылысы аудандарының, қоғамдық орталық пен индустриялық аймақтың үйлесімді, эстетикалық кеңістігін жасау үшін қала құрылысы регламенттерін және қала құрылысы мен жобалау құжаттамасын әзірлеудің дәйектілігін сақтау қажет.
Функционалдық аймақтардың негізгі регламенттері аумақтың функционалдық пайдалану аймақтарын және оларды пайдаланудың түрлерін, параметрлері мен шектеулерін айқындайтын қала құрылысы регламентін белгілейді.
Функционалдық аймақтар регламенттері салық, жалдау ақысын төлеу және басқа да төлемдер үшін жер пайдалануды және онымен байланысты жылжымайтын мүлікті бағалаған, жер учаскесін бөлу туралы мәселелерді шешкен, әрқилы құрылысжайларды салу мен орналастыру жобаларын қараған, келіскен және келіскен, объектілерді салуға рұқсат берген кезде қолданылады.
Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері Бас жоспардың жобалық шешімдері мен қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асырған кезде де қолданылады.
Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асырған кезде сақталуы қажет негізгі құрылыс салу регламенттеріне:
көше-жол желісі мен көлікті ұйымдастыру схемасына, көше мен жолдың көлденең бейініне және көше мен жолдың қызыл сызығының жоспарына сәйкес көше мен жолдың қызыл сызығын сақтау жөніндегі регламент;
объект орналастырылатын функционалдық мақсаттағы аймақтардың шекарасын сақтау жөніндегі регламент;
функционалдық аймақтардың шекарасын сақтау жөніндегі регламент;
аймақтардағы тұрғын үй құрылысы көлемін сақтау жөніндегі регламент;
инженерлік желі мен өндірістік кәсіпорындардың күзет аймағын сақтау жөніндегі регламент жатады.
Аумақтарды пайдалану жағынан функционалдық-қала құрылысы аймағының өзінің нысаналы мақсаты болады және перспективада осы нысаналы мақсат шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекарасында ғана пайдалануға болады.
Аймақтарда объектілердің негізгі функциясына ілеспе учаскелер қарастырылуы мүмкін.
8-тарау. Аумақты кеңістікте ұйымдастыру
Бас жоспарда қаланың селитебті аумағын сәулет-жоспарлау тұрғысынан ұйымдастырудың негізіне мына қағидаттар алынған:
есепті кезеңнің соңына қарай қисынды композициялық тұтасып жатқан және жоспарлау құрылымы бір кешенді қала өзегін құру;
құнды күрделі тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттарды, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды және жасыл желекті сақтап қалып, қазіргі қаланың қалыптасқан жоспарлау құрылымын барынша пайдалану және есепке алу;
еңбекшілерді еңбек ететін жерлеріне және қаланың қоғамдық орталықтарына, тұрғын аудандарға, өнеркәсіптік аудандарға жеткізуді қамтамасыз ететін қаланың көлік желісін одан әрі қалыптастыру және жетілдіру;
қалада микроклиматтық жағдайды жақсартуға ықпал ететін жасыл желектердің санитариялық қорғау, су қорғау белдеуі бар ортақ пайдаланымдағы жасыл желектердің бірыңғай, өзара байланысты жүйесін ұйымдастыру.
Қоныстандырудың қабылданған нұсқасы бойынша қала шекарасының Кеңгір ауылдық округінің жерлері есебінен ұлғаюын ескеріп, қала перспективада 6211,3 гектар аумақты алып жатқан Кеңгір ауылы мен Сәтбаев қаласына қарай солтүстік-батыс бағытта бос жатқан аумақта дамитын болады.
Бастапқы (2023) жылы қаланың құрылыс салынған аумағы 4065,2 гектарды (74,1 %), құрылыс салынбаған аумағы 1423,7 гектарды (25,9 %) құрады.
Есепті мерзімде (2038 жыл) мұндай көрсеткіштер тиісінше 5167,3 гектарды (83,2 %) және 1044,0 гектарды (16,8 %) құрайды. Резервтегі аумақтардың ауданы 534,8 га құрайды. Резервтегі аумақтар қаланың солтүстік-батыс бөлігінде көзделген.
Жаңа алаңдарды игеруден басқа, қаланың қазіргі аумағын жаңарту да көзделген. Қоныстандыру жүйесі кейбір өндірістік аумақ, ескі тұрғын үй орамдарының функциясын өзгерту және қалалық және облыстық қызметтерімен әкімшілік орталықтың объектілерін, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілері бар көп пәтерлі жаңа тұрғын үйді орналастыру арқылы көзделген.
Қала жерінің шекарасында өнеркәсіптік аймақтың сыртында теміржолдан оңтүстікке қарай орналасқан коммуналдық құрылыстар (кәріз тазарту құрылысжайлары, суару алқабы, зират) селитебті аумақтан мейлінше қашық орналасуына байланысты өз алаңдарында қалады және Бас жоспарда одан әрі дамытылады.
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының учаскесі қазіргі уақытта Жезқазған − Қарағанды автожолының солтүстігінде қалдық қоймасы ауданында орналасқан, Бөрікөзсай шатқалында, сондай-ақ Жезқазған қаласына қатысты желдің өтінде жатыр. Осыған байланысты жобада аумақты жауып, кейіннен қалпына келтіру ұсынылады. Жел өтінің қай жақтан болатынын ескеріп, ТҚҚ полигонына арналған жаңа алаң жобада қаланың оңтүстік-батысынан және құрылыс салынатын жерлерден едәуір қашықта көзделген.
Селитебті аумақта орналасқан өнеркәсіп орындарының шағын дисперсті алаңдарын қоспағанда, қаланың өндірістік аумақтары, негізінен екі алаңда дамиды: шығыс және оңтүстік. Олардың ішінде ең игерілгені − шығыс алаңы, жобада оңтүстік алаңды қарқынды игеру де қарастырылған.
Кеңгір су қоймасы акваториясының болуы Бас жоспардың қабылданған сәулет-жоспарлау шешіміне айтарлықтай әсерін тигізді, қуаң аймақта орналасқан елді мекеннің микроклиматтық жағдайларын жеңілдетуге әсерін тигізетін аса маңызды фактор бола отырып, бұл қаладағы бірден-бір су қоймасына алдағы уақытта қамқорлықпен ұқыпты қарау қажет екендігіне дәлел болды. Елді мекендерді біріктірген, жақындатқан кезде әлеуметтік, мәдени, экономикалық, коммуникациялық және басқа да байланыстар күшейетін экономикалық және практикалық факторлар да қаланың одан әрі даму векторын қабылдауға мүмкіндік берді.
Бас жоспар бойынша бүкіл селитебті аумақ жеті тұрғын аудан етіп құрылады. Өнеркәсіптік аумақтар Шығыс және Оңтүстік деп аталатын екі өндірістік аймақтардан тұрады.
Жобаланатын және қазіргі тұрғын аудандар бір-бірімен жалпықалалық маңызы бар үш магистральмен байланысады, олар: Алашахан даңғылы, Ғарышкерлер желекжолының солтүстік жағының жалғасы және Абай көшесі. Бас жоспар бойынша жоғарыда аталған көшелер солтүстік-батысқа қарай одан әрі өрістетіледі, оларды трассалау қалыптасқан көшелерге қатарлас өтеді.
Жобаланған тұрғын аудандар оңтүстік өнеркәсіптік аймақпен ендік бағыттағы екі магистральмен байланысады.
Олардың бірі – Иманжан көшесі, ол оңтүстікке қарай өнеркәсіптік аймақтағы қолданыстағы магистральға қосылғанға дейін жалғасады, екіншісі – қаланың батыс бөлігіндегі жаңа көше, ол осы Бас жоспардың есепті мерзімінің шекарасы болып табылады.
Бас жоспардағы ұсыныстарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысының қалыптасқан, қазіргі уақытта бос аумақтары бар орамдарын меншікжайлы құрылыс салумен аяқтау жоспарлануда. Жеке тұрғын үй құрылысы орамдарынан магистральдық көшелермен бөлінген, құрылыс салынбаған бос жаңа аумақтарда көп пәтерлі тұрғын үйлер мен аз қабатты құрылыстар салынатын болады.
Қаланың сәулеттік композициясында кеңістіктегі негізгі осьтерді бөлу негізге алынады, қоғамдық және тұрғын үй құрылысы соларды бойлай салынады. Меридиандық бағыттағы магистральдар қаланың сәулеттік-жоспарлау композициясындағы доминанттар болып табылады, олар: қаланың қазіргі бөлігіндегі Мир даңғылы, қазіргі құрылыс салынып жатқан ортада да, перспективадағы құрылыс аумақтарында да Алашахан даңғылы. Сонымен қатар өткізіліп жатқан Абай және Ғарышкерлер көшелері перспективадағы құрылыс салынатын аумақтардағы маңызды магистральдар болады.
Алашахан даңғылы мен Қостанкелдісай сайы арасында жобаланып жатқан көп қабатты құрылыс салынатын ауданда жалпықалалық кіші орталық құрылып, онда жалпықалалық маңызы бар объектілер, атап айтқанда музей, университет, әкімшілік ғимараттар кешені, театр және т.б. орналасатын болады. Жобаланатын тұрғын үй кешендері су қоймасынан біршама алшақ салынады, соның нәтижесінде жағалау маңындағы аумақта саябақ аймағы көзделеді.
Қаланың батыс бөлігінде Абай көшесінің бойынан композициялық ось ретінде өткізілетін жалпықалалық спорт орталығы бар саябақ аймағы қарастырылған. Негізгі магистральдық көшелерге неғұрлым мейлінше көрік беру үшін жобада олар қиылысатын жерлерде қызмет көрсететін шағын орталықтар қалыптастыру арқылы акцент беру ұсынылады.
Бас жоспардың құрамында қоғамдық демалыс орталықтарын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Қостанкелдісай сайын абаттандыру және оның жағасына көпжылдық ағаштар отырғызу ұсынылады, сол арқылы іс жүзінде орталық саябақ болатын жаңа саябақ аймағы ұйымдастырылады, дәл сол жерде өткізіліп жатқан Ғарышкерлер көшесі мен қазіргі Қошқарбаев көшесінің қиылысында құрылыс салынбаған биік аумақ бар, сол жерде спорт сарайы мен жабық жүзу бассейні сияқты жалпықалалық маңызы бар объектілерді орналастыру көзделеді.
Жобада су қоймасының жағалау бойын жоспарлауға және абаттандыруға ерекше назар аударылды.
Жобада ұсынылатын саябақ аймағы жобаланатын көп қабатты құрылыс пен су қоймасы арасындағы аумақты алып жатыр, солтүстігінде біртіндеп Қостанкелдісай шығанағының бойынан ұйымдастырылатын рекреациялық-ландшафтық саябақтарға айналады, ал оңтүстігінде Бекбұлақсай шығанағының көгалды аумақтарымен жалғасады.
Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, қалалық орталық объектілер және тұрғын аудандардың орталықтары шоғырланған жаяу жүргіншілер көшелерінің ұсынылып отырған жүйесі жағалау маңында жобаланатын спорт және саябақ аймағымен өзара байланысады және онымен бірге көгалды жүйе түзеді.
Қолданыстағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін орталық аурухана мен "Жезқазған" медициналық орталығының жанына орналастыра отырып, оларды жаңаларымен толықтыру ұсынылады. Мұнда перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы сияқты денсаулық сақтау объектілерін орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ қалалық емхана, балаларды оңалту орталығы және облыстық кардиологиялық орталық үшін Абай көшесімен қиылысқан Әуезов көшесінің бойында аумақтар қарастырылған, бұл көшелер әлі өткізіліп жатыр.
Бас жоспарда қаланың бұрынғы бөлігіндегі ұсынылатын іс-шаралар құнды күрделі тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттарды, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды және жасыл желектерді сақтай отырып, қазіргі қаланың қалыптасқан жоспарлау құрылымын барынша пайдалануға және есепке алуға бағытталған. Қаланың коммуникациялық қаңқасы келесі көшелерден тұрады: Мир даңғылы, Некрасов, Байқоңыров, Шевченко көшелері – бойлық бағытта, ендік бағытта – Алашахан даңғылы, Гагарин, Маяковский, Абай, Аманжолов көшелері және Жезқазған – Сәтбаев автожолы.
Қаланың кешенді өзегі мен бірыңғай жоспарлау құрылымын құру мақсатында ендік бағыттағы қолданыстағы магистральдарды қаланың жаңа бөлігіне солтүстік-батысқа қарай дамыту жалғасады.
Бірінші кезекте – қазіргі уақытта "Жезқазған" медициналық орталығының тұсында аяқталатын Алашахан даңғылы. Бас жоспарда оны одан әрі дамыту ұсынылады, онда магистральды трассалау солтүстікке қарай Кеңгір су құбырына дейін ұзартылып, жаңа магистральмен жалғасқан соң Кеңгір ауылы мен Сәтбаев қаласы бағытында батысқа қарай кетеді.
Солтүстік-батысқа қарай жалғасатын келесі магистральдық көше – Ғарышкерлер желекжолының солтүстік жағы, оның жаңа аумақтарға өтуі Қостанкелдісай сайы арқылы көпір салуды талап етеді.
Абай көшесі қаланы шығыстан батысқа қарай кесіп өтіп, қазіргі уақытта бірінші және екінші тұрғын аудандардың Комбинат және Рыбачий кенттерімен байланысын қамтамасыз етеді.
Перспективада магистральды Алашахан даңғылы мен Ғарышкерлер желекжолының жобаланатын магистральдарына қатарлас солтүстік-батысқа қарай ұзарту ұсынылады. Магистральдың өткізу қабілетін жақсарту үшін көшені қолданыстағы 110кВ электр беру желісінің дәлізінде трассалауды ұйымдастыра отырып, қолданыстағы шеңберді қайта жоспарлау ұсынылады.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы мен Сәтбаев қаласының байланысы Шығыс өнеркәсіптік аймағы мен Сарыарқа көшесіне шығатын қаланың селитебті бөлігі арқылы жүзеге асырылады.
Іркіліссіз қозғалысты ұйымдастыру және қаланы транзиттік көлік жүрісінен арылту үшін перспективада Қарағанды – Сәтбаев бағытындағы қозғалысты өнеркәсіп алаңы мен тұрғын үй құрылысын айналып өтіп, магистральды теміржолмен қатарластырып көздеу ұсынылады. Осы мақсатта тікелей Жезқазған – Сәтбаев магистраліне шыққанға дейін оны шағын учаскелерде өткізу қажет.
Алайда бұл шешім Бас жоспар бойынша қаланың солтүстігіне қарай және мыс зауыты саяжайларының оңтүстігінен өтетін айналма жүрдек автомобиль жолының құрылысын жоққа шығармайды. Ал қала шегіндегі Қарағанды – Жезқазған – Сәтбаев магистралі жалпықалалық іркіліссіз қозғалыс магистралі санатына өтеді.
I және II тұрғын аудандардың меридиандық бағытының басты магистральдары: Мир даңғылы, Некрасов, Байқоңыров және Ұлытау көшелері.
Мир даңғылы I және II тұрғын аудандарды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, су қоймасын, жалпықалалық орталықты, Сәтбаев алаңын және теміржол вокзалын байланыстырады. Мир даңғылы біртіндеп Сәтбаев көшесіне өтеді. Жоба бойынша оңтүстікте Сәтбаев көшесі теміржол бойындағы жобаланған магистральмен (өткізіліп жатқан Балқаш көшесімен) қосылады, ол Сәтбаев көшесінің Сарыарқа көшесіне шығуына жол ашады.
Меридиандық бағыттағы келесі магистраль – Некрасов көшесі, ол Алашахан даңғылынан басталып, Аманжолов көшесіне дейін жетеді де, Холмецкий көшесіне дейін бұрылады. Жобада оны Маяковский көшесінен Абай көшесіне дейін және Аманжолов көшесінен Холмецкий көшесіне дейін бір қабатты құрылысты бұзу есебінен кеңейту ұсынылады.
Көліктік қызмет көрсетуді біршама жақсарту мақсатында Байқоңыров көшесін Гагарин көшесінен Жеңістің 30 жылдығы көшесіне Ғарышкерлер желекжолына дейін шығарып ұзарту қажет, бұл 3-ші және 4-ші шағын аудандарға, "Жеңістің 30 жылдығы" саябағына, 70 орамға және басқаларына көлік қозғалысының уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
I және II тұрғын аудандардың негізгі композициялық осьтері – Мир даңғылы, Алашахан даңғылы, Ғарышкерлер желекжолы және Абай көшесі.
Мир даңғылы солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп, сыртқы аудандардың су қоймасымен және Шығыс өнеркәсіп аймағымен байланысын қамтамасыз етеді. Қаланың барлық басты алаңдарының бәрі: Алашахан, Сәтбаев және Первостроителей даңғылы осы оське шығады, автовокзал мен теміржол вокзалына келіп аяқталады.
Ендік композициялық осьтердің жаңа келбетін қалыптастырған кезде оларды абаттандыру мен көгалдандыруға көп көңіл бөлу керек.
Халықтың қысқа мерзімді демалысын ұйымдастыру үшін су қоймасының оң және сол жағалауында, қолданыстағы демалыс объектілері ауданында екі алаңды игеру қарастырылады.
Кадрлар тартуға және олардың қалада тұрақтап қалуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі тыныс-тіршілік үшін жайлы жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Бас жоспарда қоршаған ортаны сауықтырудағы рөлі айрықша жоғары, қала тұрғындарының еңбек етуіне, тұрмысы мен демалысына қажетті қолайлы санитариялық-гигиеналық және микроклиматтық жағдайлар жасауға ықпал ететін жасыл желектер жүйесін құруға ерекше назар аударылады, бұл әсіресе Жезқазған қаласы үшін маңызды.
Осыған байланысты жобада саябақтардың жаңаларын құру және қолданыстағыларын реконструкциялау арқылы жағалау маңындағы жолақты жаппай көгалдандыру ұсынылады. Барлық саябақтар, скверлер, желекжолдар, аллеялар бір-бірімен және жағалау маңындағы көгалды жолақпен біріктіріліп, ортақ пайдаланымдағы жасыл желектердің біртұтас жүйесін түзеді.
9-тарау. Көгалды кеңістіктер жүйесін ұйымдастыру
Көгалды кеңістіктерді ұйымдастырудың ұсынылып отырған жүйесі топырақ-климат жағдайларын, жер бедерінің ерекшеліктерін және қалыптасып қойған көгалдандыруды ескере отырып, перспективалы сәулет-жоспарлау шешімдеріне негізделген.
Қарастырылып отырған аумақтың көгалды кеңістіктерін ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамасы – қала аумағына еніп, жағалау маңындағы жолақ пен қала ішінің кеңістігін жобаланып отырған жасыл қорғау белдеуімен байланыстыратын Қостанкелдісай сайымен бірге Кеңгір су қоймасының жағалау маңындағы жолағы арқылы қалыптасатын жасыл қаңқа құру, олар саябақтардың, скверлер мен желекжолдардың көгалды аумақтарымен бірге көгалды кеңістіктердің бірыңғай жүйесін түзетін болады.
Бір тұрғынға шаққанда көгалды аумақтардың 8 м2 нормативтік алаңына және есепті мерзімге қарай көгалды аумақтардың 116 га нормативтік алаңына жету мақсатында қазіргі тұрғын аудандарында да, жаңа тұрғын аудандарда да көгалды алаңдарды ұлғайту үшін қаланың барлық дерлік аудандарында, оның ішінде селитебті аймақта жаңа жаяу жүргіншілер мен саябақ аймақтарын, скверлер мен орман саябақтарын құру жолымен кемінде 69 га ортақ пайдаланымдағы көгалды жаңа аумақтар құру қажет.
Бірінші кезектің соңына қарай ортақ пайдаланымдағы көгалды аумақтардың ауданы 114,4 гектарды құрауға тиіс, есепті мерзімнің соңында ортақ пайдаланымдағы көгалды аумақтардың ауданы 162,5 гектарды құрайтын болады.
Өнеркәсіп орындарының зиянды шығарындыларынан қорғайтын жалпақ жасыл тосқауыл жасау ерекше маңызға ие.
10-тарау. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау
Қала алаңдарда, көшелер, желекжолдар түйіскен жерлерде саябақ аймағында тұрған заманауи ескерткіштер мен обелисктерге бай.
Бас жоспардың басты міндеттерінің бірі – қалыптасқан тарихи ортаны сақтап қалу, сәулеті жағынан көркем әрі сәулет кешендері мен ансамбльдер түзетін 40-50-ші жылдардағы барлық күрделі ғимараттарды ұтымды пайдалану.
Сондықтан жобада барлық ескерткіштерді сақтап қалу, олардың айналасындағы аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, шағын сәулет құралдарымен (орындықтар, урналар, сәнді шамдар, тіреу қабырғалары, гүлзарлар, Альпі төбешіктері, роккарийлер, альпинарийлер, заманауи саябақ мүсіні, көгалдар және т.б.) осы алаңдарға одан да зор сән-салтанат пен маңыз беру ұсынылады.
Тарихи құрылыстың қазіргі жай-күйін талдау, олардың құндылығын анықтау нәтижесінде жобада ескерткіштерді қорғау аймақтары, жоспарлау құрылымын реттеу аймақтары, қорғалатын ландшафт аймақтары белгіленді.
Ескерткіштердің қорғау аймақтары қала өзегінің аумағын, ХХ ғасырдың ортасындағы тұрақты жоспарлау құрылымының орамдарын, сақталып қалған орталық көшелерді, алаңдарды, ансамбльдерді қамтиды.
Ескерткіштердің қорғау аймақтарының белгіленген шекаралары шегінде оларды қоршаған тарихи-сәулеттік ортаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін ерекше пайдалану қағидалары қолданылады.
Ескерткіштерді сақтап қалу жөніндегі арнайы шараларды қоспағанда, ескерткіштердің біріккен күзет аймақтарының шекараларында кез келген құрылыс салуға тыйым салынады.
Тарихи ортаның физикалық жай-күйін нашарлататын кез келген қызметке тыйым салынады.
Ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларындағы кез келген құрылыс, реставрация, жөндеу жұмыстары тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағы барлық құрылыстарымен бірге ескерткіштің айналасындағы жер учаскесінің аумағы болып табылады.
Қорғалатын аймақ жекелеген сәулет құрылысжайларын, ансамбльдерді, сондай-ақ құнды мәдени мұра болып табылатын тарих және археология ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында белгіленеді.
Қорғалатын аймақтардың аумағындағы режим мынадай талаптарға сүйенуге тиіс:
1) ескерткіш аумағына, әдетте, еркін кіріп-шығуға болады;
2) қорғалатын аймақтардың аумағындағы сәулет-құрылыс және жоспарлау іс-шаралары ескерткіштерді қорғау органдарының нұсқаулары бойынша және солардың бақылауымен жүргізіледі;
3) күзет аймағының аумағында:
ескерткіштерді қорғау органдарымен келіспей, кез келген жаңа құрылыс салуға;
сүріп тастау немесе кәдеге жарату мақсатында пайдалану қажеттігі анықталғанға дейін жеке тұрған кез келген құрылысжайды (ескерткіштерді емес) сүріп тастауға;
электр және телеграф желілерінің әуе желілерін өткізуге және аудандық трансформаторлық пункттерді орнатуға;
учаскенің тарихи жоспарлау құрылымын бұзатын көлік тораптары мен көлік жолдарын құруға;
тұруға арнайы нұсқауы жоқ автокөліктің тоқтап тұруына;
ескерткіштерді қорғау органдарының арнайы рұқсаты болмаса, жердегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге;
жасыл желектерді кесуге және жаңаларын отырғызуға;
аумаққа қоқыс толтыруға және ластауға тыйым салынады.
Қорғалатын аймақтан басқа, ескерткіштің немесе мәдениет ескерткіштері тобының айналасында құрылыс салуды реттеу аймақтары белгіленеді.
Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи қалыптасқан жоспарлау жүйесін, қорғалатын сәулет ансамблінің табиғи ортасының сипатын сақтап қалу мақсатында белгіленеді.
Бұл аймақта жаңа құрылыс салуға рұқсат етіледі, бірақ ғимараттың қабат саны мен тығыздығы шектеледі.
Түбегейлі қайта құруға жол берілмейді. Құрылыс салуды реттеу аумағында жүргізілетін барлық сәулет-жоспарлау іс-шаралары ескерткіштерді қорғау органдарымен келісіледі.
Құрылыс салуды реттеу аймақтары мен күзет аймақтарының бекітілген шекаралары жер бөлу үшін негізгі және жеткілікті құжат болып табылады.
Күзет аймақтарының аумағы режимінің сақталуын бақылауды ескерткіштерді күзету органдары қамтамасыз етеді.
Жоспарлау құрылымын реттеу аймақтарына: Гагарин, Абай, Штифанов, Сейфуллин, Жанасов, Аманжолов, Пушкин көшелері, сондай-ақ Мир даңғылы ауданындағы қаланың тарихи бөлігінің орамдарын жатқызу ұсынылады.
Қорғалатын ландшафт аймақтарына: Кеңгір су қоймасы мен Жеңіс – Деев көшесінің арасында орналасқан жағалау мен скверлерді, қаланың бұрынғы бөліктеріндегі (Жастар, Наурыз, Ғарышкерлер желекжолы және орталық стадионның жанындағы саябақ аймағы) саябақ аймақтарын жатқызу ұсынылады.
11-тарау. Қаланың көліктік инфрақұрылымы және көше-жол желісі
Республикалық маңызы бар А-17 "Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолының (бұдан әрі – А17 автожолы) учаскесі қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі арқылы өтеді. 2020 жылы А-17 автожолын ("Қызылорда – Жезқазған" учаскесі) реконструкциялау жобасы әзірленді. Осы учаске пайдалануға берілгеннен кейін А-17 автожолының қолданыстағы учаскесінің мәртебесі елді мекен ішіндегі жолға ауысады және "Жезқазған қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің балансына, одан әрі "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС балансы мен пайдалануына беріледі.
Теміржол көлігі "Жезқазған" теміржол станциясынан және магистральдық бір табанды теміржол жолынан, сондай-ақ кірме теміржол жолдары мен өнеркәсіптік станциялар желісінен тұрады. "Жезқазған" станциясы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы филиалының Қарағанды теміржол бөлімшесінің "Жезқазған – Жарық" желісінде орналасқан. 2015 жылы "Жезқазған − Сексеуіл" учаскесінің құрылысы аяқталып, жүк пойыздарының қозғалысы жүзеге асырылатын осы жол тармағы ашылды.
Қазіргі уақытта Жезқазған қаласынан 7 км қашықтықта 1976 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әуежай орналасқан. Бұған дейін жолаушылар мен жүктерді "Жезқазған Эйр" АҚ тасымалдаған, қазіргі уақытта бұл акционерлік қоғам әуежайдың инфрақұрылымына қызмет көрсетеді және "Kazakhmys Smelting" (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС ішкі тасымалдары үшін пайдаланылады.
Астана және Алматы қалаларына және олардан тұрақты жолаушылар авиарейстерін "SCAT" ӘК" АҚ және "QAZAQ AIR" АҚ компаниялары жүзеге асырады. "Оңтүстік Аспаны" АҚ "Қарағанды – Жезқазған" және "Жезқазған – Қарағанды" әуе қатынасын жүзеге асырады.
Қазіргі сыртқы жолаушылар тасымалын әртүрлі тасымалдаушылар қала маңындағы 4 автобус бағыты бойынша жүзеге асырады.
Меншікжайлы үйде тұратын тұрғындардың жеке жеңіл автомобильдері өздерінің меншікжайлы учаскелеріне қойылады.
Қабатты ғимаратта тұратын тұрғындардың жеке жеңіл автомобильдері тұрғылықты жеріне таяу қойылады.
Жеке жүк көлігінің түрлі жүктерді тасумен айналысады.
Қазіргі уақытта автобус маршруттарындағы жолаушылар тасымалы қаланың барлық бөліктерін автобус маршруттарымен қамтиды. Жолаушылар автобустарының тұрақтары Жезқазған қаласының аумағында орналасқан. Жезқазған қаласының шекарасындағы автобус маршруттарының қазіргі ұзындығы – 41,90 км. Бірінші кезекте ұзындық 57,80 км, есепті мерзімде 65,50 км құрайды.
Жобалық кезеңде автобус маршруттарының ұзындығын қаланың барлық аумағын қамти отырып ұзарту көзделеді.
Жезқазған қаласында 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке меншікте 23200 бірлік жеңіл автомобиль болды.
Қаланың 1,0 мың тұрғынына шаққанда жеке жеңіл автомобиль иелену деңгейі 266 автокөлікті құрады (халық саны – 87254 адам, 2020 жылғы 1 қаңтардағы деректер).
Жобалық кезеңдер бойынша жеке жеңіл автомобильдердің есепті паркі: бірінші кезекте 39 780 бірлікті, есепті мерзімде 56 550 бірлікті құрайды.
Қазіргі уақыттағыдай перспективада да бас жоспарының шекарасында жеке тұрғын үйлер тұрғындарының жеке көлігі олардың мекенжайлы учаскелеріне қойылатын болады.
Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындар пайдаланып жүрген жеңіл автомобильдер тұрғылықты жерінен жаяу баруға болатын жердегі автомобиль тұрақтарына және аула ішіндегі аумақтағы "қалта" түріндегі автотұрақтарға қойылады.
Бас жоспарының шекарасында жеке көлікті тұрақты (түнгі) қою: бірінші кезекте – 39780 бірлік, оның ішінде мекенжайлы учаскелерде – 12243 автомобиль, 2-12 қабатты үйлерде – 27537 автомобиль, есепті мерзімге – 56550 бірлік, оның ішінде мекенжайлы учаскелерде – 11531 автомобиль және 2 қабатты үйлерде – 45019 автомобиль. Уақытша қою үшін қонақтар үшін 2-12 қабатты үйлер аумағында (1,0 мың тұрғынға 40 автомобиль есебінен) бірінші кезекте 3240 машина орны, есепті мерзімде 4443 машина орны көзделеді. Есеп бойынша уақытша қою үшін бірінші кезекте 8600 автомобильге, есепті мерзімде 12400 автомобильге объект жанындағы тұрақтар қажет болады.
Әкімдік деректері бойынша қаланың қазіргі көше-жол желісінің жалпы ұзындығы – 145,01 км, негізінен асфальт төселген. Бастапқы жылға қаланың көшелері мен жолдарының іс жүзіндегі жалпы ұзындығы – 139,01 км, оның ішінде: жалпықалалық маңызы бар көшелер – 35,94 км, аудандық маңызы бар көшелер – 21,61 км, жергілікті маңызы бар көшелер: тұрғын үй құрылысы салынған жерлерде – 67,32 км және өнеркәсіптік аймақтағы жолдар – 14,14 км. Бірінші кезекте көшелердің жалпы ұзындығы 239,30 км құрайды, оның ішінде: жалпықалалық маңызы бар көшелер – 47,98 км, аудандық маңызы бар көшелер – 29,63 км, жергілікті маңызы бар көшелер: бірінші кезекте тұрғын үй құрылысында – 127,85 км және өнеркәсіптік аймақтағы жолдар – 33,84 км. Бастапқы жылға қатысты көше-жол желісі 100,29 км ұлғаяды. Есепті мерзімге көшелердің жалпы ұзындығы 289,08 км құрайды, оның ішінде: жалпықалалық маңызы бар көшелер – 55,72 км, аудандық маңызы бар көшелер – 35,24 км, жергілікті маңызы бар көшелер: тұрғын үйлерде – 157,94 км және өнеркәсіптік аймақтағы жолдар – 40,18 км.
Бастапқы жылға қатысты есепті мерзімде көше-жол желісі 150,07 км ұлғаяды.
12-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1-параграф. Сумен жабдықтау
Сумен жабдықтау көздері – Кеңгір су қоймасы мен Үйтас–Айдос жерасты су көзі, перспективада Есқұла жерасты су көзі де кіреді.
Су тартқыштардың жалпы жобалық қуаты тәулігіне 199,4 мың м2, іс жүзінде тәулігіне – 71,4 мың м3, оның ішінде:
Кеңгір су қоймасы: жобалық – 138,0 мың м3/тәул.; қазіргі – 45,0 мың м3/тәул;
Үйтас-Айдос су жинағышы: жобалық – тәулігіне 61,4 мың м3; қазіргі – тәулігіне 26,4 мың м3.
Үйтас су көзін қайта бағалау нәтижелері бойынша ҚР МЖҚПК № 2412-22-У хаттамасына сәйкес 2022 жылғы 1 ақпан жағдай бойынша пайдалану қорлары 1 жылдан 3 жылға дейін мерзімге С1 санатымен 14000м3/тәул. мөлшерінде бекітілді.
Айдос су көзін қайта бағалау нәтижелері бойынша ҚР МҚК № 119-01-У хаттамасына сәйкес 2000 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша пайдалану қорлары қазіргі кездегі су жинағышының схемасына және су-шаруашылық ахуалына қатысты 25 жылдық пайдалану мерзіміне бекітілді, Айдос су көзінің баланстық қоры – тәулігіне 47400 м3 (жылына 17 млн 301 мың м3).
Есқұла су көзінің жерасты суларының пайдалану қоры ҚР МҚК 2007 жылғы 16 қарашадағы № 634-07-У хаттамамен 25 жылдық пайдалану мерзіміне А+В санаттары бойынша тәулігіне 83,1 мың м3 (жылына 30,33 млн м3) мөлшерінде, оның ішінде Батыс учаскесі бойынша тәулігіне 78,3 мың м3, Шығыс учаскесі бойынша тәулігіне 4,8 мың м3 мөлшерінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін бекітілді.
Құрылыстың бірінші кезегіне (2030 жыл) су тұтынудың жиынтық есепті көлемі: тәулігіне 41,54 мың м3; жылына 15162,1 мың м3 құрайды, оның ішінде:
шаруашылық-ауызсу мұқтажына: тәулігіне 38,60 мың м3, жылына 14 089,0 мың м3;
өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 2,94 мың м3, жылына 1073,1 мың м3.
Жезқазған қаласы үшін есепті мерзімге (2037 жыл) су тұтынудың жиынтық болжамды есепті көлемі: тәулігіне 52,273 мың м3; жылына 19 079,7 мың м3, оның ішінде:
шаруашылық-ауызсу мұқтажына: тәулігіне 49,208 мың м3, жылына 17 960,9 мың м3;
өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 3,065 мың м3, жылына 1 118,7 мың м3.
Бұрын әзірленген жұмыс жобаларының шешімдерін ескере отырып:
қолданыстағы II көтергіш сорғы станциясына орнату жоспарланып отырған, жобаланатын сорғылардан Жезқазған қаласының "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ тазарту құрылысжайларына дейін бір желі етіп су құбырын төсеу. Су құбырының жалпы ұзындығы – 51063,66 м. Кеңгір су қоймасы арқылы және Қарағансай құрғақ арнасының (Басбұлақ өзені) қиылысында "дюкер" түрінде су құбырын төсеу көзделеді;
V = 3000 м3 резервуарды реконструкциялау және резервуардан сорғы станциясына дейінгі бұру құбырларын ауыстыру. Алаң ішіндегі құбырлар ауыстырылғаннан кейін қолданыстағы желілер бұзып тасталады;
сумен жабдықтаудың қолданыстағы магистральдық желілерін реконструкциялау – 102,0 км, оның ішінде бірінші кезекте – 40,0 км;
диаметрі 100-800 мм жалпы ұзындығы 70,6 км магистральдық су құбыры желілерін салу, оның ішінде бірінші кезекте – 41,6 км;
өнеркәсіптік су жинағыштың қолданыстағы сорғы станциясына орнату жоспарланып отырған жобаланатын сорғылардан Жезқазған қаласындағы "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ-ның өнеркәсіптік су жинағыштың қолданыстағы сорғы станциясында орнатылған жобаланатын сорғылардан шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысжайларына дейін бір желі етіп резервтік су құбырын салу (Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан);
Есқұла су құбырынан жаңа су құбырының трассасын төсеу және 3-ші көтергіш сорғы станциясын реконструкциялау, сондай-ақ 20,0 мың м3 көлеміне қосымша реттеуші резервуарлар орнату көзделеді.
Жерасты көздерінен ауыз сумен 100 % қамтамасыз ету жоспарлануда.
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігінің өңдеу өнеркәсібі орындары мен ЖЖЭО-1-ді техникалық сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасындағы қолданыстағы өндірістік су тартқыштан жүзеге асырылады.
Техникалық сумен жабдықтау бойынша болжамды іс-шаралар:
I көтергіш сорғы станциясынан ЖЭО-2-ге дейін су құбырын салу;
ЖЭО-2-ге дейін кәріздік тазарту құрылыстарынан жете тазартылған сарқынды судың 1-ші және 2-ші құбыржол желісін салу.
Кәсіпорындар жете тазартылған сарқынды суларды пайдаланудан бас тартуы ықтимал болған жағдайда Кеңгір су қоймасы резервте болады.
2-параграф. Су бұру
Бас жоспарда құрылыс салынатын бүкіл аумақты су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету және құбыржол учаскелерін ауыстыру мақсатында желілерді кеңейту жолымен су бұру жүйесін реконструкциялау көзделген (кәріз желілерінің тозуы 70 % құрайды).
ЖЭО мен байыту фабрикаларынан өндірістік сарқынды суларды бұрудың қолданыстағы жүйесі осы кәсіпорындардың айналым жүйесімен тікелей байланысты. Қалдық қоймасының орталығында тұндырылған суды кейіннен байыту фабрикаларының жүйесіне қайтадан пайдалануға қайтару үшін су тартатын құрылғы орналасқан.
Қаланың перспективадағы дамуына сәйкес су бұру жүйесін дамыту бойынша мынадай іс шаралар көзделеді:
қазіргі өнімділігі тәулігіне 58,5 мың м3 (бірінші кезекте), техникалық жағдайы қанағаттанғысыз кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялап, өнімділігін тәулігіне 75,0 мың м3 дейін (есепті мерзімге) ұлғайту;
қолданыстағы тоғыз кәріздік сорғы станциясын реконструкциялау және БКСС-1 орнына жаңа КСС және БКСС-2 салу;
қолданыстағы кәріз желілерін реконструкциялау және жаңа кәріз желілерін салу.
жете тазартылған сарқынды суды Қаракеңгір өзеніне дейін ағызу жолын реконструкциялау L=2,3 км (d-800 мм – 1,5 км, L каналы=0,8 км);
кәріздік сорғы станциясынан ЖЭО-2 дейін d-100 мм, L=2х2,5 км тегеурінді құбыр салу;
жаңа ЖЭО-2-де жете тазартылған сарқынды сулардың d-600 мм L=11 км тегеурінді құбырын салу;
БКСС-2-ден КТҚ-ға дейінгі тегеурінді құбырдың қолданыстағы екі желісін, қолданыстағы кәріз желілерін реконструкциялау, сондай-ақ қазіргі және жаңадан жобаланатын аудандарда тегеурінді құбырдың үшінші желісін, кәріз желілерін жаңадан салу.
Құрылыстың бірінші кезегіне (2030 жыл) арналған су бұрудың жиынтық болжамды есепті көлемі: 54,926 мың м3/тәул.; 20048,0 мың м3/жыл., оның ішінде:
шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждыққа: тәулігіне – 31,726 мың м3, жылына – 11 580,0 мың м3;
өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 23,2 мың м3, жылына 8468,0 мың м3.
Есепті мерзімге (2037 жыл) су бұрудың жиынтық болжамды есепті көлемі: тәулігіне 71,819 мың м3; жылына 26213,94 мың м3 құрайды, оның ішінде:
шаруашылық-ауызсу мұқтажына: 40,519 мың м3/тәул., 14789,44 мың м3/жыл.;
өндірістік мұқтаждыққа: 31,3 мың м3/тәул., 11424,5 мың м3/жыл.
3-параграф. Санитариялық тазалау
Бас жоспар бойынша санитариялық тазалауды дамыту мыналарды көздейді:
бірінші кезекте:
қолданыстағы полигонды жабу;
ТҚҚ полигонын салу;
қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м³) – 441 дана;
автокөлік сатып алу – 153 бірлік;
есепті мерзімге:
өндіріс пен тұтынудың бөлек қалдықтарын бір орталықтан жинауға, уақытша сақтауға, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған қалдықтарды басқару кешенін, сондай-ақ қалдықтарды өңдеу мен орналастырудың кешенді полигонын салу;
жалпы саны 544 дана қоқыс контейнерлерін орнату (V=1,1 м3);
автокөлікті 92 бірлікке дейін ұлғайту.
4-параграф. Электрмен жабдықтау
Ағадыр КС сыртқы көздерінен электр энергиясы 500 кВ ЭБЖ бойынша "Жезқазған" ҚС 500 кВ электр қосалқы станциясына және одан әрі Жезқазған жылу электр орталығына 220 кВ екі желі бойынша түседі.
ЖЖЭО 220кВ ӘЖ бойынша "Жезқазған" 500 ҚС-мен (екі ЭБЖ) және "Қаражал" 220 ҚС-мен (бір ЭБЖ), 110 кВ ӘЖ бойынша "Городская", "Д", "ГПП-ЮЗР", "ГПП-шх 57", "Никольская БПП" (екі ЭБЖ) ҚС-мен, 35 кВ ӘЖ бойынша "Талап" ҚС-мен және барлық қалалық қосалқы станциялармен (ОТП) радиалды схема бойынша байланысқан.
Жезқазған қаласы бойынша жиынтық электр жүктемелері:
бірінші кезекте барлығы – 462706,77 кВт;
есепті мерзімге – 503936,32 кВт, оның ішінде:
тұрғын үй секторы:
бірінші кезек – 39077,63 кВт;
есепті мерзім – 51608,84 кВт;
әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер:
бірінші кезек – 45629,14 кВт;
есепті мерзім – 54327,48 кВт;
өнеркәсіп:
бірінші кезек – 462706,770 кВт;
есепті мерзім – 503936,32 кВт.
Жергілікті электрмен жабдықтау көздерінен толық қамтамасыз ету және ЖЖЭО-1 электр жүктемесін азайту үшін:
Жезқазған ЖЭО-2 салу;
жаңа 220/110 кВ қосалқы станция салу;
жаңа 110/35/6 кВ қосалқы станция салу;
электрмен жабдықтау жүйесін тұйықтау қажет.
Қалада пайдалану мерзімі өтіп кеткен желілер бар екенін, олардың 80 %-дан астамының тозғанын ескерсек, ескірген жабдықты анықтау мақсатында бірінші кезек кезеңінде және есепті мерзімде:
электр желілеріне кешенді түгендеу жүргізу;
тұтынушылық трансформаторлық қосалқы станциялардың жаңаларын салу, қолданыстағыларын кеңейту және ауыстыру;
сымдарды заманауи өздігінен оқшауланған сымдарға ауыстыра отырып, ЭЖЖ желілерін жаңғырту және реконструкциялау, осылайша желілердегі аварияны барынша азайту;
қолданыстағы тарату желілерінің өту жолдарын ретке келтіріп, оларды жобаланатын жолдар бойымен өтетін трассалардың бөлінген дәліздеріне шығару жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу қажет;
пайдалану шарттарын қанағаттандыратын және сәулет-жоспарлау шешімдері бойынша сүріп тастауға болмайтын желілер сақталады;
қаланың селитебті бөлігінде кернеуі 35 кВ және 10 кВ әуе электр беру желілерін кабельдік желілерге ауыстыру, бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады;
қаланың батыс және оңтүстік бөліктеріндегі барлық тұтынушыларды (тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық объектілер, өнеркәсіп, теміржол) электрмен жабдықтау № 4, 6, 7, 9, 12, 14, КД, "Қазақтүсметжөндеу", саяжайлар орталық тарату пункттері арқылы жүзеге асырылады.
5-параграф. Жылумен жабдықтау
Жезқазған қаласының орталықтан жылыту жүйесін Жезқазған ЖЭО мен одан басталатын магистральдық және тарату жылу желілері жүйесі құрайды.
Белгіленген электр қуаты 252 МВт (қазір – 221 МВт), жылу қуаты – 564 Гкал/сағ (қазір – 467 Гкал/сағ) Жезқазған ЖЭО Жезқазған қаласының Кеңгір өнеркәсіптік торабында орналасқан.
Жобада отынның екі түрін: газ-көмір жағатын жаңа ЖЭО-2 салу ұсынылады, қаланың жерінде, Оңтүстік өнеркәсіптік торабына іргелес аумақта орналасады.
Жаңа ЖЭО-2-ден қолданыстағы ЖЖЭО-дан жылу алатын қаланың тұтынушыларын және 2022 – 2038 жылдар кезеңінде іске қосылатын жаңа, көп қабатты тұрғын үйді және қоғамдық құрылыс пен өнеркәсіп орындарын жылумен қамтамасыз ету ұсынылады.
Қолданыстағы қалалық жылу магистральдарына қосылған жылу тұтынушылар ЖЖЭО-дан жылу қуатының іске қосылуына қарай біртіндеп жаңа ЖЭО-2-ге ауысатын болады.
Қолданыстағы ЖЖЭО "Қазақмыс" ЖШС кәсіпорындарының жылуға мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін сақталады.
Жаңа ЖЭО-2-нің белгіленген жылу қуаты:
бірінші кезекте – сағатына 400 Гкал;
есепті мерзімге – сағатына 550 Гкал.
Жаңа ЖЭО-2-нің белгіленген электр қуаты шамамен 240 МВт құрайды.
Алғашқы кезеңдерде көмір негізгі отын ретінде қарастырылады, содан кейін табиғи газ қолданылады.
Сәтбаев қаласының Жезқазған қаласынан 15 км жерде орналасқанын, сондай-ақ жаңа Жезқазған ЖЭО-2 орналасатын алаң Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының арасында орналасқанын ескерсек, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын жаңа ЖЭО-2-ден бірлесіп жылыту мүмкіндігін қарастыру үшін объективті алғышарттар жасалуда.
Орталықтандырылмаған жылыту жүйесін дамыту
ОЖ жүйесіне қосылмаған қазіргі меншікжайлы құрылыс пен жеке және бөліктелген жаңа құрылысты жылумен жабдықтау газбен жұмыс істейтін герметикалық жану камерасы бар толықтай зауытта дайындалған автоматтандырылған қазандықтар пайдаланылатын автономды жылыту жүйелерінен жүзеге асырылады.
Жезқазған қаласына газ жүргізу үш сатымен жоспарланған және 2027 жылға дейін аяқталуға тиіс.
Жылу желілерін дамыту
Қалада жылу желілерін дамыту қажет болған жағдайда құбырлардың диаметрлерін ұлғайтып, қолданыстағы жылу желілерін реконструкциялау мен кеңейтуді және перспективалы құрылыс салынатын аймақта және жаңа жылу көзінен жаңа жылу желілерін салуды қамтиды:
бірінші кезекте:
магистральдық жылу желілерін жаңадан салу –13350 м;
орамдық және тарату желілерін жаңадан салу – 41500 м;
орамдық және тарату желілерін реконструкциялау – 48000 м.
есепті мерзімге:
магистральдық жылу желілерін жаңадан салу – 17100 м;
орамдық және тарату желілерін жаңадан салу – 38000 м;
орамдық және тарату желілерін реконструкциялау – 62000 м.
Жезқазған және Сәтбаев қалаларын жаңа жылу көзінен бірлесіп жылыту үшін есепті мерзімге Жезқазған қаласының ТМ-20 және ТМ-21 жылу магистральдарындағы орталық жылу тарату пунктінен Сәтбаев қаласындағы ЖМ-1 қазандығына дейін ұзындығы шамамен 17,5 км 2ду1000мм жерүсті жылу магистралін салу талап етіледі. ЖМ-1 қазандығында сорғы станциясын қою қажет.
6-параграф. Газбен жабдықтау
Жезқазған қаласын газбен жабдықтау Астана қаласына, елдің орталық және солтүстік өңірлеріне газ жүргізу үшін "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" бағыты бойынша салынған "Сарыарқа" магистральдық газ құбырының жобасы мен құрылысы іске асырылғаннан кейін мүмкін болды.
Жаңа тұрғын үй қорында табиғи газды пайдалану бағыты мынадай:
аз қабатты құрылыс-жылыту, ыстық сумен жабдықтау және тамақ дайындау;
көп қабатты құрылыста – тамақ дайындау.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы табиғи газдың бос көлемінің ықтимал өзгерістеріне сүйене отырып, жобада қаланың перспективалы тұрғын үй құрылысын дамытудың бірнеше ықтимал сценарийі көзделген:
оптимистік – 80000 нм3/сағ.: перспективадағы ЖЭО-2 мен жобаланатын тұрғын үй қорын газбен жабдықтау мүмкіндігі;
пессимистік – 11000 нм3/сағ.: жобаланатын тұрғын үй қорын ғана газбен жабдықтау мүмкіндігі;
газдың бос көлемінің болмауы: жылуды, ыстық сумен жабдықтауды және электр энергиясымен тамақ дайындауды перспективадағы ЖЭО-2-ден қамтамасыз ету.
Табиғи газдың бос көлемі болған жағдайда жобада өткізу қабілеті табиғи газдың талап етілетін көлеміне сәйкес жаңа автоматты газ тарату станциясы арқылы газ желілерін дамыту, автоматты газ таратушы станциядан V, VI, VII тұрғын аудандарына дейін I санаттағы жоғары қысымды газ құбырын төсеу және жобаланатын тұрғын үй қорына жекелеген газ тарату желілерін жүргізу көзделген.
7-параграф. Телефондандыру
Жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарда G-PON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясы бойынша заманауи телекоммуникациялық желі салу ұсынылады. G-PON – Интернетті, цифрлық телевизияны және IP-телефонияны талшықты-оптикалық кабель арқылы қосу технологиясы.
Халық санының ұлғаюы күтіліп отырғанда Бас жоспарда бүкіл аумақта станциялық және желілік құрылысжайлар салу көзделген.
Жобаланатын абоненттер саны:
бірінші кезекте – 44991 нөмір;
есепті мерзімде – 54803 нөмір.
13-тарау. Аумақты инженерлік дайындау
Жезқазған қаласының бас жоспарында аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан қорғау, сондай-ақ халық тұрмысының санитариялық-гигиеналық және экологиялық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін шешу көзделеді.
Табиғи жағдайларды зерделеу және аумақты қауіпті физика-геологиялық процестерден қорғау жөніндегі инженерлік желілер мен жүйелердің қазіргі жай-күйін талдау нәтижесінде бас жоспарда әзірленген аумақты инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:
аумақты тігінен жоспарлау;
беткі суағар ұйымдастыру;
аумақты жерасты суының жайылуынан қорғау;
жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру;
Кеңгір су қоймасының жағалауын бекіту.
14-тарау. Қоршаған ортаны қорғау
Жезқазған қаласы бойынша қабылданатын шаруашылық шешімдердің экологиялық экологиялық бағалау жүргізілді және қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи және өзге де салдарын айқындау мақсатында белгіленген қызметтің қоршаған ортаға әсеріне экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың тозуын, нашарлауы мен сарқылуын болдырмау жөніндегі ұсынымдар мен іс-шаралар әзірленді.
Атмосфералық ауаны қорғау:
қазандықтарды газға ауыстыру ластағыш заттардың атмосфералық ауаға шығарындыларын едәуір азайтады;
әрбір кәсіпорын үшін табиғат қорғауды жобалау бойынша жеке және заңды тұлғалар белгілеген шекті мөлшердегі шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
есепті мерзім аяқталғанға дейін өнеркәсіптік ауданда өнеркәсіп орындарының санитариялық қорғау аймағының аумағында орналасқан тұрғын үйді сүріп тастау көзделген.
Су ресурстарын қорғау:
жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструциялап, қолданыстағылардың орнына сарқынды суларды тазарту жүйесінің жаңа жабдықтары мен ғимараттарын салу арқылы олардың жұмыс өнімділігін арттыру;
сарқынды сулардың ластануы ШМК нормаларынан асатын өнеркәсіп орындарында ағынды суларды тазартатын жергілікті тазарту құрылысжайларын қарастыру қажет;
тұйық циклді су бұру жүйелерін, өндірістік мақсаттағы және өндірістің технологиялық мұқтажы үшін суды қайта пайдаланудың айналым жүйелерін салу, реконструкциялау, жаңғырту;
Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына және әзірленген іс-шараларға сәйкес Қаракеңгір өзені мен Кеңгір су қоймасының су қорғау аймақтары мен жолақтары шегінде шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын сақтау;
Қаракеңгір өзеніне бұрылатын тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың сапалық құрамын қатаң бақылауды қамтамасыз ету.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары:
коммуналдық қалдықтардың бір бөлігін кейіннен қайта өңдей отырып, қоқысты бөлек жинау жүйесін енгізу, алынған шикізатты кейіннен одан әрі энергетикалық және технологиялық тұрғыдан пайдалану;
жаңа ТҚҚ полигонын салу.
Топырақ-өсімдік жамылғысын қорғау
қаладағы микроклиматтық жағдайларды жақсартуға ықпал ететін, санитариялық қорғау, су қорғау және желден қорғау жолақтары бар ортақ пайдаланылатын жасыл желектің бірыңғай, өзара байланысты жүйесін ұйымдастыру;
жобаланатын аумақтың флорасы мен фаунасының түрлік әралуандығын қорғау және сақтау мақсатында жобада жасыл желектер алаңдарын ұлғайту, әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын көгалдандыру, өнеркәсіп орындарының, ауруханалардың, мектептердің, балалар мекемелерінің айналасындағы және босатылатын аумақтарды, шөлейттенуге және басқа да қолайсыз экологиялық факторларға бейім жерлерді көгалдандыру ұсынылды.
15-тарау. Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Бас жоспарының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Қазіргі жай-күйі | Бірінші кезең | Есепті мерзім |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аумақ | ||||
1.1 | Қалалық, кенттік және ауылдық елді мекен шегіндегі елді мекен жерінің ауданы, барлығы | мың га | 5,49 | 6,21 | 6,21 |
оның ішінде: | |||||
1.1.1 | тұрғын үй және қоғамдық құрылыс | -//- | 0,86 | 1,12 | 1,40 |
оның ішінде: | |||||
1.1.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылысжай | -//- | 0,48 | 0,58 | 0,58 |
1.1.1.2 | аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы | -//- | 0,06 | 0,06 | 0,12 |
1.1.1.3 | көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы | -//- | 0,16 | 0,23 | 0,32 |
1.1.1.4 | қоғамдық құрылыс | -//- | 0,16 | 0,25 | 0,38 |
1.1.2 | өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы | -//- | 0,74 | 0,80 | 0,88 |
оның ішінде: | |||||
1.1.2.1 | өнеркәсіптік құрылыс | -//- | 0,49 | 0,54 | 0,60 |
1.1.2.2 | коммуналдық құрылыс | -//- | 0,16 | 0,16 | 0,16 |
1.1.2.3 | қойма құрылысы | -//- | 0,09 | 0,10 | 0,12 |
1.1.3 | көлік, байланыс, инженерлік коммуникация, оның ішінде (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол) | -//- | 0,07 | 0,08 | 0,08 |
1.1.3.1 | магистральды инженерлік желілер мен құрылысжайлар | -//- | 0,06 | 0,07 | 0,07 |
1.1.3.2 | байланыс құрылысжайлары | -//- | 0,01 | 0,01 | 0,01 |
1.1.4 | ерекше қорғалатын табиғи аумақ | -//- | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
1.1.4.1 | қорық | -//- | - | - | - |
1.1.4.2 | қаумал | -//- | - | - | - |
1.1.4.3 | табиғат ескерткіш | -//- | - | - | - |
1.1.4.4 | орман мен орман саябағы | -//- | - | - | - |
1.1.5 | су қоймасы және акватория | -//- | 0,21 | 0,21 | 0,21 |
оның ішінде: | |||||
1.1.5.1 | өзен, табиғи және жасанды су айдыны | -//- | 0,21 | 0,21 | 0,21 |
1.1.5.2*1 | су қорғау аймағы | -//- | 0,36 | 0,36 | 0,36 |
1.1.5.3 | гидротехникалық құрылысжайлар | -//- | - | - | - |
1.1.5.4 | су шаруашылығы құрылысжайлары | -//- | - | - | - |
1.1.6 | ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы | -//- | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
1.1.6.1 | егістік жер | -//- | - | - | - |
1.1.6.2 | бақ пен жүзімдік | -//- | - | - | - |
1.1.6.3 | шабындық, жайылым | -//- | - | - | - |
1.1.7 | жалпы пайдаланымдағы | -//- | 0,51 | 0,68 | 0,89 |
оның ішінде: | |||||
1.1.7.1 | көше, жол, өтпежол | -//- | 0,46 | 0,57 | 0,73 |
1.1.7.2 | су қоймасы, жағажай, жағалау | -//- | - | - | - |
1.1.7.3 | саябақ, сквер, желекжол | -//- | 0,05 | 0,11 | 0,16 |
1.1.7.4 | басқа да жалпыға ортақ аумақтық объект | -//- | - | - | - |
1.1.8 | резервтегі | -//- | - | 0,53 | 0,53 |
оның ішінде: | |||||
1.1.8.1 | селитебті аумақты дамыту үшін | -//- | - | 0,32 | 0,32 |
*1 | оның ішінде Кеңгір ауылдық округінің жері | -//- | 0,72 | - | - |
1.1.8.2 | өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақты дамыту үшін | -//- | - | 0,21 | 0,21 |
1.1.8.3 | рекреациялық және өзге де аймақты ұйымдастыру үшін | -//- | - | - | - |
1.1.9 | зират аумағы | -//- | 0,09 | 0,09 | 0,09 |
1.1.10 | арнайы мақсаттағы аумақ | -//- | 0,01 | 0,04 | 0,04 |
1.1.11 | санитариялық қорғау аймағының аумағы | -//- | 1,58 | 1,58 | 1,58 |
1.1.12 | басқа аумақ | -//- | 1,42 | 1,08 | 0,51 |
1.2 | Жердің жалпы санынан: | - | - | - | |
1.2.1* | мемлекеттік меншіктегі жер | -//- | - | - | - |
1.2.2* | коммуналдық меншіктегі жер | -//- | - | - | - |
1.2.3* | жеке меншіктегі жер | -//- | - | - | - |
2 | Халық | ||||
2.1 | Бағынысты елді мекенді есепке алғандағы халық саны, барлығы | мың/адам | 89,08 | 117,0 | 145,0 |
оның ішінде: | |||||
2.1.1 | қаланың өзі (кент, ауылдық елді мекен) | -//- | 89,08 | 117,0 | 145,0 |
2.1.2 | өзге де елді мекен | -//- | - | - | - |
2.2 | Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіші: | - | - | - | |
2.2.1 | өсім | -//- | - | - | - |
2.2.2 | кему | -//- | - | - | - |
2.3 | Халықтың көші-қон көрсеткіші: | - | - | - | |
2.3.1 | өсім | -//- | - | - | - |
2.3.2 | кему | -//- | - | - | - |
2.4 | Халық тығыздығы | ||||
2.4.1 | селитебті аумақ шегінде | адам/га | 128,2 | 134,5 | 143,0 |
2.4.2 | қала аумағы шегінде | -//- | 16,2 | 18,8 | 23,3 |
2.5 | Халықтың жас құрылымы: | ||||
2.5.1 | 15 жасқа дейінгі балалар | мың адам/% | 27,08/30,4 | 35,92/30,7 | 45,09/31,1 |
2.5.2 | еңбекке қабілетті жастағы халық | -//- | 50,76/57,0 | 67,51/57,7 | 84,68/58,4 |
(ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас) | -//- | 50,76/57,0 | 67,51/57,7 | 84,68/58,4 | |
2.5.3 | еңбекке қабілетті жастан асқан халық | -//- | 11,24/12,6 | 13,57/11,6 | 15,23/10,5 |
2.6 | Отбасылар мен жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы | бірлік | 29571 | 36563 | 41429 |
оның ішінде: | |||||
2.6.1 | отбасылар саны | -//- | 29571 | 36563 | 41429 |
2.6.2 | жалғызбасты тұрғындар саны | -//- | - | - | - |
2.7 | Еңбек ресурсы, барлығы | мың адам | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
2.7.1 | Экономикалық белсенді халық, барлығы | мың адам/% | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
2.7.1.1 | экономика саласында жұмыспен қамтылған | -//- | - | - | - |
1) | қала түзуші топта | -//- | - | - | - |
оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық | - | - | - | ||
2) | қызмет көрсетуші топта | -//- | - | - | - |
2а) | оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық | - | - | - | |
2.7.1.2 | жұмыссыз | -//- | - | - | - |
2.7.2 | экономикалық белсенді емес халық | -//- | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
2.7.2.1 | өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар | -//- | - | - | - |
2.7.2.2 | экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық | -//- | - | - | - |
2.8 | Жұмыс күші, барлығы | % | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
оның ішінде: | |||||
2.8.1 | жұмыспен қамтылған халық | -//- | 95,3 | 96,1 | 97,0 |
2.8.1.1 | жалдамалы жұмыскерлер | -//- | 89,3 | 90,6 | 92,0 |
2.8.1.2 | өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер | -//- | 6,0 | 5,5 | 5,0 |
2.8.2 | жұмыссыз халық | -//- | 4,7 | 3,9 | 3,0 |
2.9 | еңбек нарығының негізгі индикаторларына жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдардың үлесі, барлығы | % | 27,5 | 25,8 | 23,9 |
2.9.1 | белсенді емес басқа адамдар | -//- | 9,4 | 9,1 | 8,7 |
2.9.2 | зейнеткерлер | -//- | 18,1 | 16,7 | 15,2 |
3 | Тұрғын үй құрылысы | ||||
3.1 | Тұрғын үй қоры, барлығы | жалпы ауданы мың м2 / % /*үй (пәтер) бірл. |
2294,36/ |
3276,00/ |
4350,00/ |
оның ішінде: | |||||
3.1.1* | мемлекеттік қор | -//- | - | - | - |
3.1.2* | жеке меншіктегі | -//- |
2294,36/ |
3276,00/ |
4350,00/ |
3.2 | Жалпы қордан: | -//- |
2294,36/ |
3276,00/ |
4350,00/ |
3.2.1 | көп пәтерлі үйлерде | -//- |
1399,34/ |
2267,77/ |
3332,85/ |
3.2.2 | меншікжай түріндегі үйде | -//- |
895,02/ |
1008,23/ |
1017,15/ |
| 70 %-дан астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы | -//- | - | - | - |
оның ішінде: | |||||
3.3.1 | мемлекеттік қор | -//- | - | - | - |
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы | -//- |
2294,36/ |
2280,28/ |
3209,05/ |
3.5 | Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу: |
2294,36/ |
3276,00/ |
4350,00/ | |
оның ішінде: | |||||
3.6.1 | аз қабатты | -//- |
1106,13/ |
1210,51/ |
1387,94/ |
оның ішінде құрылыста: | |||||
3.6.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түріндегі | -//- |
895,02/ |
1008,23/ |
1017,15/ |
3.6.1.2 | пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген | -//- | - | - | - |
3.6.1.3 | жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты | -//- | 211,11/9,2 | 202,28/6,2 | 370,79/8,5 |
3.6.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі | -//- |
1083,57/ |
1500,72/ |
2382,89/ |
3.6.3 |
көп қабатты | -//- | 104,66/4,6 | 564,77/17,2 | 579,17/13,3 |
3.7 | Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы | -//- | - | 14,08/100,0 | 81,03/100,0 |
оның ішінде: | |||||
3.7.1 | техникалық жағдайы бойынша | -//- | - | 14,08/100,0 | 55,57/68,6 |
3.7.2 | реконструкциялау бойынша | -//- | - | - | 4,39/5,4 |
3.7.3 | басқа да себептермен (өнеркәсіп орындарының СҚА, көлік жүйесін жақсарту және қаланың эстетикалық келбетін өзгерту) | -//- | - | - | 21,07/26,0 |
3.7.4 | төменде аталғандарға қатысты тұрғын үй қорының кемуі: | ||||
3.7.4.1 | қолданыстағы тұрғын үй қорына | % | - | 0,6 | 3,5 |
3.7.4.2 | жаңа құрылысқа | -//- | - | 1,4 | 3,8 |
3.8 | Жаңа тұрғын үй құрылысы, оның ішінде барлығы: | бірл. үй (пәтер) /жалпы алаңы мың шаршы м | - |
995,72/ |
2136,67/ |
3.8.1* | мемлекеттік қаражат есебінен | -//- | - | - | - |
| кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен | -//- | - | - | - |
3.8.3* | халықтың өз қаражаты есебінен | -//- | - |
995,72/ |
2136,67/ |
3.9 | Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы | -//- | - |
995,72/ |
2136,67/ |
оның ішінде: | |||||
3.9.1 | аз қабатты | -//- | - | 113,80/11,4 | 358,18/16,8 |
оның ішінде: | |||||
3.9.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түріндегі | -//- | - | 113,21/11,3 | 147,59/6,9 |
3.9.1.2 | пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген | -//- | - | - | - |
3.9.1.3 | жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты | -//- | - | 0,59/0,1 | 210,59/9,9 |
3.9.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі | -//- | - |
421,81/ |
1303,98/ |
3.9.3 | көп қабатты көп пәтерлі | -//- | - | 460,11/46,2 | 474,51/22,2 |
3.10 | Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасады: | -//- | - | - | - |
3.10.1 | бос аумақтарда | -//- | - | - | - |
3.10.2 | қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен | -//- | - | - | - |
3.11 | Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының жылына орта есеппен пайдалануға берілуі | мың. шаршы м | - | 142,25 | 152,62 |
3.12 | Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі: | ||||
3.12.1 | су құбырымен | тұрғын үй қорының жалпы % | - | - | - |
3.12.2 | кәрізбен | -//- | - | - | - |
3.12.3 | электр плитамен | -//- | - | - | - |
3.12.4 | газ плитамен | -//- | - | - | - |
3.12.5 | жылумен | -//- | - | - | - |
3.12.6 | ыстық сумен | -//- | - | - | - |
3.13 | Тұрғындардың пәтердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі | м2/адам | 25,8 | 28,0 | 30,0 |
4 | Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | ||||
4.1 | Мектепке дейінгі балалар мекемесі, барлығы/1000 адамға | орын | 3353 | 7290 | 12412 |
4.1.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 56,0 | 73,5 | 100,0 |
4.1.2 | 1000 тұрғынға | орын | 37,6 | 62,3 | 85,6 |
4.1.3 | жаңа құрылыс | -//- | - | 3937 | 5122 |
4.2 | Жалпы білім беру мекемелері, барлығы / 1000 адамға | -//- | 28050 | 32850 | 43570 |
4.2.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 157,5 | 138,5 | 145,7 |
4.2.2 | 1000 адамға | орын | 314,9 | 280,8 | 300,5 |
4.2.3 | жаңа құрылыс | -//- | - | 4800 | 10720 |
4.3 | Аурухана, барлығы/1000 адамға | орын | 1135/12,7 | 1535/13,1 | 1935/13,3 |
4.4 | Емхана, барлығы/1000 адамға | ауысымға келу | 3110/34,9 | 3410/29,1 | 3710/25,6 |
4.5 | Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйі) – барлығы/1000 адам | орын | |||
*5 | Әлеуметтік мақсаттағы мекемелер | объект | 3 | 9 | 9 |
4.6 | Ұзақ демалу мекемесі (демалыс үйі, пансионат, оқушыларға арналған лагерь және т. б.), барлығы/1000 адамға | -//- | |||
*5 | Балаларға арналған демалыс лагері | объект | - | 1 | 2 |
4.7 | Дене шынықтыру-спорт ғимараты – барлығы/1000 адам | га | 12,93/0,1 | 52,67/0,5 | 116,0/0,8 |
4.8 | Ойын-сауық, мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға | орын | 1178/13,2 | 5781/49,4 | 10513/72,5 |
4.9 | Сауда кәсіпорындары барлығы/1000 адамға | сауда алаңы мың м2 |
131,88/ |
147,36/ |
169,64/ |
4.10 | Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | отыратын орын | 8916/100,1 | 9903/84,6 | 11107/76,6 |
4.11 | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | жұмыс орны | 732/8,2 | 1055/9,0 | 1579/10,9 |
4.12 | Өрт сөндіру депосы |
автомоб./ | 12/1 | 16/2 | 28/4 |
4.13 | Мамандандырылған мектеп-интернаттар | орын | 1150 | 1150 | 1150 |
4.14 | Мектептен тыс мекемелер | орын | 1075 | 1932 | 2991 |
4.15 | Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары | оқушы | 4850 | 4231 | 5444 |
4.16 | Жоғары оқу орындары | объект | 1 | 2 | 3 |
4.17 | Кешкі мектептер | орын | 150 | 150 | 150 |
4.18 | Балаларды дамыту және білім беру орталықтары | объект | 12 | 13 | 15 |
4.19 | Медициналық жедел жәрдем станциялары | автомоб. | 14 | 14 | 15 |
4.20 | Дәріханалар | объект | 43 | 50 | 59 |
4.21 | Үлестіру пункті бар сүт ас үйі |
тәуліктік үлес/ | - |
6000/ |
12180/ |
4.22 | Облыстық психикалық денсаулық орталығы | орын | 200 | 260 | 260 |
4.23 | Соматикалық санаторий | төсек | 100 | 100 | 100 |
4.24 | ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық | ауысымда қабылдау | 50 | 100 | 100 |
4.25 | Облыстық қан орталығы | объект | - | 1 | 1 |
4.26 | Стоматология | объект | 11 | 12 | 13 |
4.27 | Дене шынықтыру-сауықтырумен шұғылдануға арналған үй-жайлар | жалпы ауданы мың м2 | 9,26 | 13,65 | 13,65 |
4.28 | Ортақ пайдаланымдағы спорт залдары | еден ауданы мың м2 | 5,89 | 8,11 | 11,19 |
4.29 | Ортақ пайдаланымдағы бассейндер | су беті м2 | - | 1650,0 | 3190,0 |
4.30 | Әмбебап спорттық-ойын-сауық залдары, оның ішінде жасанды мұз | орын | - | - | 1160 |
4.31 | Күнделікті бос уақытты өткізуге арналған үй-жай | еден ауданы мың м2 | 6,80 | 11,07 | 12,98 |
4.32 | Кітапхана | мың бірл. сақт. / оқырман орны | 202,00/217 | 352,00/257 | 623,50/334 |
4.33 | Музей | объект | 3 | 5 | 5 |
4.34 | Жастар сарайы | объект | - | 1 | 1 |
| Тілдерді дамытудың ресурстық орталығы | объект | 2 | 2 | 2 |
4.36 | Шығармашылық зиялы қауым ардагерлерінің үйі | объект | - | - | 1 |
4.37 | Қолданбалы өнер шеберлерінің үйі | объект | - | - | 1 |
4.38 | Амфитеатр | объект | - | 2 | 3 |
4.39 | Аттракцион мен аквапаркі бар ойын-сауық және демалыс саябағы | га | - | - | 9,3 |
4.40 | Ғибадат ету құрылысжайлары | объект | 10 | 11 | 11 |
4.41 | Монша-сауықтыру кешені | орын | 356 | 506 | 725 |
4.42 | Байланыс бөлімшесі | объект | 8 | 13 | 19 |
4.43 | Банк мекемесі | объект | 17 | 19 | 22 |
4.44 | Басқару ұйымы мен мекемесі | объект | 100 | 106 | 111 |
4.45 | Жобалау ұйымы және конструкторлық бюро | объект | 8 | 8 | 9 |
4.46 | Заңгерлік консультация | жұмыс орны | 46 | 46 | 46 |
4.47 | Нотариаттық кеңсе | жұмыс орны | 22 | 24 | 25 |
4.48 | Полиция пункті | объект | 3 | 7 | 8 |
4.49 | Халыққа қызмет көрсету орталығы | объект | 1 | 2 | 2 |
4.50 | Неке сарайы | объект | 1 | 1 | 1 |
4.51 | Тұрғын үй-пайдалану ұйымдары | объект | 25 | 25 | 25 |
4.52 | Қайталама шикізатты қабылдау пункті | объект | 5 | 5 | 7 |
4.53 | Қонақүйлер | орын | 380 | 630 | 870 |
5 | Көлікпен қамтамасыз ету | ||||
5.1 | Жолаушыларға арналған қоғамдық көлік желілерінің ұзындығы, барлығы | км | 41,90 | 57,80 | 65,50 |
оның ішінде: | |||||
5.1.1 | электрлендірілген теміржол | қос жол км | - | - | - |
5.1.2 | метрополитен | -//- | - | - | - |
5.1.3 | трамвай | -//- | - | - | - |
5.1.4 | троллейбус | -//- | - | - | - |
5.1.5 | автобус | -//- | 41,90 | 57,80 | 65,50 |
| Магистральдық көше мен жол ұзындығы, барлығы | км | 139,01 | 239,30 | 289,08 |
оның ішінде: | |||||
5.2.1 | жоғары жылдамдықтағы қозғалыс жолы | -//- | - | - | - |
5.2.2 | жалпы қалалық маңызы бар магистраль | -//- | 35,94 | 47,98 | 55,72 |
5.2.3 | аудандық маңызы бар магистраль | -//- | 21,61 | 29,63 | 35,24 |
5.2.4 | тұрғын көше | -//- | 67,32 | 127,85 | 157,94 |
5.2.5 | кент жолдары | -//- | - | - | - |
5.2.6 | өнеркәсіптік жол | -//- | 14,14 | 33,84 | 40,18 |
5.3 | Сыртқы көлік | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
5.3.1 | теміржол, | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
жолаушылар |
мың жолау./ | - | - | - | |
жүк |
мың тонна/ | - | - | - | |
5.3.2 | әуе, | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
жолаушылар |
мың жолау./ | - | - | - | |
жүк |
мың тонна/ | - | - | - | |
5.3.3 | автомобиль, | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
жолаушылар |
мың жолау./ | - | - | - | |
жүк |
мың тонна/ | - | - | - | |
5.3.4 | өзен, | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
жолаушылар |
мың жолау./ | - | - | - | |
жүк |
мың тонна/ | - | - | - | |
5.3.5 | теңіз, | - | - | - | |
оның ішінде: | - | - | - | ||
жолаушылар |
мың жолау./ | - | - | - | |
жүк |
мың тонна/ | - | - | - | |
5.3.6 | құбыржол желісі | мың м3/жыл | - | - | - |
5.4 | Көше-жол желісінің тығыздығы | ||||
5.4.1 | қалалық; кенттік құрылыс шегінде | км/км2 | - | - | - |
5.4.2 | қала маңы аймағының шекарасы шегінде | -"- | - | - | - |
6 | Инженерлік жабдықтар | ||||
6.1 | Сумен жабдықтау: | ||||
6.1.1 | жиынтық тұтыну, барлығы | мың м3/тәул | 74,79 | 41,539 | 52,273 |
оның ішінде: | |||||
6.1.1.1 | шаруашылық-ауызсу мұқтажына | -//- | 70,8 | 38,599 | 49,208 |
6.1.1.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | 3,99 | 2,940 | 3,065 |
6.1.1.3 | шаруашылық-ауызсу мұқтажына | маус./ мың м3 | - | 12 225,1 | 12 556,4 |
6.1.2 | басты су құбыры құрылысының қуаты | -//- |
жобалық қуаты | ||
6.1.3 | пайдаланылатын сумен жабдықтау көзі: | ||||
6.1.3.1 | жерасты су тартқышы | -//- | Үйтас-Айдос ЖАСТ | Есқұла, Үйтас-Айдос және Қожамсейіт ЖАСТ | |
6.1.3.2 | беткі су көздерінен су алу | -//- | Кеңгір су қоймасы | ||
6.1.3.3 | орталықтан тыс су көздері | -//- | - | - | - |
6.1.4 | МҚК бекіткен жерасты суларының қоры | мың м3 |
Айдос ЖАСТ 47,4 мың м3/ тәул | ||
(бекітілген күні, есепті мерзімі) | ҚР МҚК 2000 ж. 01.07. № 119-01-У | ||||
6.1.5 | тәулігіне орта есеппен 1 адамға су тұтыну | л/тәул | - | 335,0 | 341,0 |
оның ішінде: | |||||
6.1.5.1 | шаруашылық-ауызсу мұқтажына | -//- | - | 310,0 | 320,0 |
6.1.6 | суды қайтадан пайдалану | % | - | - | - |
6.1.7 | желінің ұзындығы | км | 123,37 | 166,02 | 194,57 |
6.2 | Кәріз: | ||||
6.2.1 | сарқынды сулардың жалпы түсуі, барлығы | мың м3/тәул | - | 54,926 | 71,819 |
оның ішінде: | |||||
6.2.1.1 | тұрмыстық кәріз | -//- | - | 31,726 | 40,519 |
6.2.1.2 | өндірістік кәріз | -//- | - | 23,200 | 31,300 |
6.2.1.3 | жерүсті нөсер сулары (орта жылдық мөлшері) | мың м3/жыл | - | - | 5 582,926 |
6.2.2 | кәріздік тазарту құрылғысының өнімділігі | -//- | 75 мың м3/тәул | ||
6.2.3 | желінің ұзындығы | км | 62,2 | 22,34 | 16,22 |
6.3 | электрмен жабдықтау: | ||||
6.3.1 | электр энергиясын жалпы тұтыну | кВт. сағ/жыл | - | 1365305,75 | 1484681,23 |
оның ішінде: | |||||
6.3.1.1 | коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | - | 231305,75 | 290645,23 |
6.3.1.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - | 1134000,00 | 1194000,00 |
6.3.2 | жылына орта есеппен 1 адамға электр тұтыну | кВт. сағ. | - | 11,67 | 10,24 |
6.3.2.1 | оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | - | 1,98 | 2,00 |
6.3.3 | жүктемелерді жабу көздері, | млн кВт | |||
6.3.3.1 | оның ішінде: ЖЭО, МАЭС | -//- | - | - | - |
6.3.3.2 | гидроэлектростанция | -//- | - | - | - |
6.3.3.3 | біріктірілген электр желісі | -//- | - | 462,71 | 503,94 |
6.3.4 | желілердің ұзындығы | км | 86,52 | 94,37 | 98,37 |
6.4 | Жылумен жабдықтау | ||||
6.4.1 | Орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы | Гкал/сағ | |||
6.4.1.1 | оның ішінде: ЖЭО | -//- | 564 | 964 | 1114 |
6.4.1.2 | аудандық қазандық | -//- | - | 90 | 200 |
6.4.1.3 | орамдық қазандық | -//- | - | - | - |
6.4.1.4 | жергілікті көздердің жалпы қуаты | -//- | 54,9 | 60 | 60,5 |
6.4.2 | жылу тұтыну, барлығы | -//- | - | 409,59 | 496,5 |
6.4.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | - | 381,2 | 454,67 |
6.4.2.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - | 28,39 | 41,83 |
6.4.3 | ыстық су тұтыну, барлығы | -//- | - | - | - |
6.4.3.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | - | - | - |
6.4.3.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - | - | - |
6.4.3 | жергілікті жылумен жабдықтау көзінің өнімділігі | -//- | - | - | - |
6.4.4 | желінің ұзындығы | км | 49,2 | 62,17 | 82,5 |
6.5 | Газбен жабдықтау | ||||
6.5.1 | табиғи газды тұтыну, барлығы | млн м3/жыл | - | ||
6.5.1.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа | -//- | - | 74,7043 | 55,780 |
6.5.1.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - |
154,6 |
222,6 |
6.5.2 | сұйытылған газды тұтыну, барлығы |
тонна/ | - | - | - |
6.5.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтарға | -//- | - | - | - |
6.5.2.2 | өндірістік мұқтаждыққа | -//- | - | - | - |
6.5.3 | табиғи газ беру көздері | млн м3/жыл | МГ Сары-Арқа | ||
6.5.4 | қаланың, басқа елді мекеннің отын балансындағы газдың үлес салмағы | % | - | - | - |
6.5.5 | желінің ұзындығы | км | - | 36,47 | 41,44 |
6.6 | Байланыс | ||||
6.6.1 | халықтың телевизиялық хабар таратумен қамтылуы | % халық | 100 | 100 | 100 |
6.6.2 | халықтың жалпыға ортақ телефон желісімен қамтамасыз етілуі | 100 отбасына нөмір | 44850 | 41687 | |
6.6.3 | желінің ұзындығы | км | 95,85 | 102,57 | 105,04 |
7 | Аумақтың инженерлік дайындығы | ||||
7.1 | Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы (арық жүйесі және нөсер суының кәрізі) | км | - | 150,4 | 143,8 |
7.2 | Аумақты су басудан қорғау: | ||||
7.2.1 | алаң | га | - | - | - |
7.2.2 | қорғау құрылысжайының ұзындығы | км | - | - | - |
7.3 | Үю және төгу, барлығы көлемі мен ауданы | млн м3, га | - | - | - |
7.4 | Жағалауды бекіту (жағалауды т/б плитамен беткейлік нығайту) | км | - | 16,7 | 16,7 |
7.5 | Жерасты суының деңгейін төмендету (көлденең дренаж) | км | - | 26,1 | 26,1 |
| Жер үсті және дренаж суларды жинауға арналған темірбетоннан жасалған резервуар-тұндырғыш – 8 000 м3 | дана | - | 6 | 3 |
7.7 | ЖТҚ (жергілікті тазарту құрылғысы) | дана | - | 6 | 3 |
8 | Халыққа салт-жоралғылық қызмет көрсету | ||||
8.1 | Зираттардың жалпы саны | га | 87,7 | 60,0 | 60,0 |
8.2 | Крематорийдің жалпы саны | бірлік | - | - | - |
9 | Қоршаған ортаны қорғау | ||||
9.1 | Атмосфералық ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері | мың т/жыл | 90,23854444 | 90,23854444 | 90,23854444 |
9.2 | Ластанған су ағызудың жалпы көлемі | млн м3/жыл | 20,048 | 26,214 | |
9.3 | Бүлінген аумақтарды қалпына келтіру | га | 13,0625 | ||
9.4 | Шу деңгейі 65 Дб-ден асатын аумақ | -//- | 139,01 | 239,3 | 289,08 |
9.5 | Экологиялық тұрғыда қолайсыз аумақ (химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизммен шекті мөлшердегі концентрациядан жоғары ластанған аумақтар) | -//- | 1665,5 | 1665,5 | 1665,5 |
9.6 | Санитариялық қорғау аймақтарында тұратын халық | -//- | 62,3 | 59,5 | 59,5 |
9.7 | Санитариялық қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру | -//- | 46,7 | 114,4 | 162,5 |
9.8 | Топырақ пен жер қойнауын қорғау | -//- | |||
9.9 | Аумақты санитариялық тазалау | -//- | |||
9.9.1 | тұрмыстық қалдықтың көлемі | мың т/жыл | 113,376 (2020-1-жартыжыл. 2023 ж.) | 55,702 | 68,8 |
оның ішінде қалдықты жіктеп жинау | % | ||||
9.9.2 | қоқыс өңдеу зауыты |
бірл./ | - | 1/100,0 | 1/100,0 |
9.9.3 | қоқыс өртеу зауыты | -"- | - | - | - |
9.9.4 | қоқыс тиеу станциясы | -"- | - | - | - |
9.9.5 | жетілдірілген қоқыс үйінділері (полигон) | бірлік/га | 13 | 21 | 21 |
9.9.6 | қоқыс тастау орындарының жалпы ауданы | га | |||
9.9.7 | оның ішінде стихиялық | -//- | |||
9.10 | Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де іс-шаралар | тиісті бірліктер | - | - | - |
10 | Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестициялардың болжамды көлемі*7 | млн теңге | - | 1377651,2 | - |
Ескертпелер:
1) қаланың, кенттің және ауылдық елді мекеннің бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері мынадай кезеңдерге келтіріледі:
жаңа Бас жоспардың бастапқы жылы;
бірінші кезең;
есепті кезең;
2) коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік мұқтаждық үшін электр энергиясына, жылу энергиясына, суға, газға сұраныс бойынша және сарқынды суларды ағызу көлемі бойынша көрсеткіштер тиісті облыстық және аудандық қызметтердің деректері бойынша қабылданады;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау;
* – ұсынымдық сипаттағы көрсеткіштер;
*1 – су қорғау аймағына кіретін және аумақтар балансына қосылмайтын аумақтар;
*2 – Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық стандарттарына негізделген статистикалық мәліметтерге сәйкес халықты жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұрғындардан тұратын жұмыс күшінің көрсеткішін анықтау арқылы белгіленеді;
*3 – халықтың тұрғын үй қорының жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі;
*4 – екі ауысымдық оқу режимінде;
*5 – тиісті бірліктері бар халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін ұқсас объектілер;
*6 – тиісті бірліктері бар қосымша тармақтар;
*7 – резервті есепке алғанда.
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының бас жоспарына (негізгі ережелерді қоса алғанда) қосымша |
Негізгі сызба |