Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 82 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – "Жіберуші Тарап" деп аталады) және Қатар Мемлекетінің Үкіметі (бұдан әрі – "Қабылдаушы Тарап" деп аталады), ал бірге "Тараптар" деп аталатындар,
олардың арасындағы достық байланыстарын нығайтуға ниет білдіріп,
Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін қажетті қағидалар мен нормаларды белгілейді.
Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді жалдау, олардың Қатар Мемлекетіне кіруі және онда жұмысқа орналасуы тиісті заңдармен және екі елде де қолданылатын рәсімдерге сәйкес реттеледі.
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру бойынша уәкілетті органдар:
а) Жіберуші Тараптың атынан – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
b) Қабылдаушы Тараптың атынан – Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігі.
1. Тараптардың уәкілетті органдары жұмысқа қабылдауға арналған өтінімдермен алмасады. Жіберуші Тарап мұндай өтінімдерді өзінде бар ресурстар мен құралдар шегінде қанағаттандыруға ұмтылады.
2. Егер Қатар Мемлекетіндегі жұмыс беруші Қазақстан Республикасынан ерекше біліктілігі бар жұмыскерлерді жалдауға және жұмысқа орналастыруға ниет білдірсе, ол өзінің өтінімінде Қабылдаушы Тарапқа осы біліктілікті көрсетуге тиіс.
3. Қатарлық жұмыс берушінің өзі не өз қызметкерлері қатарындағы уәкілетті өкілге, не Қабылдаушы Тарап уәкілеттік берген жұмысқа орналастыру бюросы арқылы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді іріктеу және олардың Қатар Мемлекетіне сапары үшін қажетті барлық рәсімдерді орындауға рұқсат етіледі.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініште талап етілетін біліктілік, тәжірибесі және мамандануы, еңбек шартының ықтимал ұзақтығы, жалдаудың егжей-тегжейлі шарттары, әсіресе жалақы, қызмет аяқталғаннан кейінгі сыйақы, сынақ мерзімі мен көлікке және тұруға қатысты шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерге еңбек шартына қол қою туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін барлық негізгі ақпарат көрсетілуге тиіс.
Жіберуші Тарап Қатар Мемлекетінде жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлер үшін медициналық қарап-тексеру, паспорттар мен жол жүруге рұқсаттар алу рәсімдерін жүргізуге жәрдемдесу үшін қажетті шараларды қабылдайды, сондай-ақ мұндай жұмыскерлерге Қатар Мемлекетіндегі жұмыс жағдайлары, шығыстар және өмір сүру деңгейі туралы ақпарат береді.
Қабылдаушы Тарап Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлердің еңбек шарттарының қолданылу мерзімі өткен соң олардың кез келген санын Отанына қайтару жөніндегі рәсімдерді қабылдай алады. Жұмыскерлердің жалақысы төленетін және олармен жасалған шартқа сәйкес немесе Қатар Мемлекетінің "Еңбек туралы" Заңына сәйкес оларда туындайтын басқа да құқықтар қорғалатын жағдайда, ол жұмысқа орналасу қажеттілігі аяқталған кезде осындай рәсімдерді еңбек шарттарының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қабылдай алады.
Қабылдаушы Тарап Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлердің кез келген санын, егер олардың Қатар Мемлекетінде болуы Қатар Мемлекеттің қоғамдық мүдделеріне немесе ұлттық қауіпсіздігіне қайшы келсе, Отанына қайтару жөнінде шаралар қабылдай алады. Бұл еңбек шарттарына немесе Қатар Мемлекетінің еңбек заңнамасына сәйкес өзге де жұмыскерлерге берілетін құқықтарға нұқсан келтірмеуге тиіс.
1. Жұмыс беруші жұмыскерлердің жұмысқа алғаш кіріскен кезде Қазақстан Республикасынан Қатар Мемлекетіндегі жұмыс орнына жол жүруі бойынша барлық шығыстарды көтереді және жұмыс аяқталған соң оларды Қатар Мемлекетінен қайтару бойынша қажетті шығыстарды көтереді. Жұмыс беруші демалыс кезеңінде жұмыскерлердің екі ел арасында жол жүру шығыстарын да көтереді. Мұндай шығыстар паспортты ресімдеу құнын немесе қандай да бір депозиттерді төлеуді қамтымауға тиіс.
2. Жұмыс беруші мынадай екі жағдайда:
A – егер жұмыскер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жұмыстан босаса;
B – егер ол Қатар Мемлекетінің "Еңбек туралы" Заңына сәйкес ескертусіз және қызметі аяқталған соң сыйақы төленбестен жұмыстан босатылуын талап ететін теріс қылық жасаса, Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерді Отанына қайтаруға байланысты шығыстардан босатылады.
1. Қатар Мемлекетінде Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді жалдау шарттары мен мерзімдері осы Келісімге қоса берілетін үлгілік еңбек шартқа сәйкес жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартында айқындалады. Еңбек шартта осы Келісімнің ережелеріне және Катар Мемлекетінің Еңбек заңнамасына сәйкес келетін міндеттер мен құқықтарға қатысты жұмыстың негізгі шарттары қамтылуға тиіс.
2. Еңбек шарты қазақ, араб және ағылшын тілдерінде төрт төлнұсқа данада ресімделеді, олардың біреуі жұмыс берушіде, екіншісі жұмыскерде сақталады, үшіншісі Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігіне, төртінші данасы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сақтауға беріледі.
Еңбек шартында жұмыс берушінің жұмыскерді тұрғын үймен және оның түрімен қамтамасыз ету немесе тұруға жәрдемақы төлеу және медициналық емдеу жөніндегі міндеттемелері туралы толық ақпарат болуы керек.
Үлгілік еңбек шартының арабша мәтіні Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігі, соттары және құзыретті органдары таныған мәтін болып табылады. Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлер үшін неғұрлым тиімді болатын жағдайларды қоспағанда және ол Қатар Мемлекеті Еңбек министрлігінің рұқсаты болғанда, Жұмыс берушінің еңбек шартының ережелеріне қандай да бір өзгерістер енгізуге құқығы жоқ.
Еңбек шарты, егер еңбек шарттар Доха қаласында жасалса Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігінде ратификациялануға және Доха қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде тіркелуге тиіс. Қазақстан Республикасында жасалған еңбек шарттарды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тіркеуге және Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі немесе Консулдығы ратификациялауға тиіс.
Жұмыс беруші мен Қазақстан Республикасынан келген жұмыскер арасында еңбек шартынан туындайтын дау туындаған жағдайда, шағым бейбіт жолмен реттеу үшін Қатар Мемлекетінің Еңбек министрлігіне беріледі. Егер бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізілмесе, дау Қатар Мемлекетінің құзыретті сот органдарына жіберілетін болады.
Еңбек шарты алдын ала хабарламастан аяқталуы белгіленген күні тоқтатылады. Егер жұмыс беруші шарт жасасуды жалғастыруға ниет білдірсе, ол шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде отыз күн бұрын Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерге өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерге жалақысының жинақтарын Қатар Мемлекетінде қолданылатын қаржы заңдарына сәйкес аударуға рұқсат етіледі.
Тараптар мынадай функцияларды орындау:
1) осы Келісімді орындау жөніндегі іс-қимылды өзара үйлестіру және осыған байланысты қажетті шараларды қабылдау;
2) осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге байланысты даулар туындаған жағдайда оны түсіндіру және іске асыру кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды шешу;
3) Қатар Мемлекетінің даму жоспарлары, осы жоспарлар шеңберінде жұмысқа орналасудың әлеуетті мүмкіндіктері, жұмыс күшінің түрлері мен санаттары және қажетті дағдылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлердің оларды пайдалануға дайындығы туралы жалпы ақпаратты қоса алғанда, Қатар Мемлекетінде бар жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыру;
4) қажет болған жағдайда Осы Келісімнің барлық немесе кейбір ережелерін қайта қарау немесе өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу үшін әр Тараптан үш мүшеден аспайтын Бірлескен комитет құрады.
Бірлескен комитет қажет болған жағдайда өз отырыстарын екі елде де жылына бір рет кезекпен өткізеді.
Әрбір Тарап осы Келісім шеңберінде делегацияларының сапарларымен байланысты шығыстарды тиісті ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес көтереді.
Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе іске асыру барысында туындайтын кез келген даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және осы Келісімнің 22-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін жазбаша нысанда өзгерістер енгізілуі мүмкін.
1. Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптан осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
2. Осы Келісім 3 (үш) жыл бойы, егер Тараптардың ешқайсысы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы тоқтатылғанға дейін 180 (бір жүз сексен) күн бұрын оны тоқтатуды талап етпесе, автоматты түрде бір немесе бірнеше ұқсас кезеңдерге ұзартылатын болады.
Осыны куәландыру үшін өздерінің тиісті үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
...................... қаласында хижра күнтізбесі бойынша ...../ ........., сәйкесінше .... / ...... әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей тең түпнұсқалы болып табылады. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым күшке ие.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Қатар МемлекетініңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қосымша |
Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жалдау туралы үлгілік еңбек шарты
____________ қаласы 20__ жылғы "___" _______
1. Шарт жасалған күн: _____________________________________
2. Шарт жасалған орын: ____________________________________
3. Бұдан әрі "Бірінші тарап" деп аталатын Жұмыс беруші
___________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы және өңірді, көшені және үйдің № қоса алғанда мекенжайы),
және бұдан әрі "Екінші тарап" деп аталатын Жұмыскер
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(Т.А.Ә., білімі, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі/визасы және, өңірі, көшені және үйдің № қоса алғанда тұрғылықты мекенжайы), бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
3.1. Екінші тарап Бірінші тарапқа өз кәсібі бойынша мынадай ретте жұмыс істейтін болады:
базалық жалақы **//** мөлшерінде;
тамақтану жәрдемақысы – **//**;
көлік жәрдемақысы – **//**;
тұру жәрдемақысы – **//**;
басқалары – **//**;
ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасы: **//**.
3.2. Жұмыс басталған күні: **/**/**** ж.
3.3. Шарттың қолданылу мерзімі: ****.
3.4. Сынақ мерзімі: Екінші тараптың жұмысы басталған күннен бастап (**) ай.
4. Жол жүру шығыстары: Бірінші тарап Екінші тараптың Қатар Мемлекетіндегі жұмыс орнына дейін жол жүру шығыстарын, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасына кері қайтуын өзіне алады.
4.1. Бірінші тарап демалыс кезеңінде (жыл сайын) Екінші тараптың баруға және қайтуға жол жүру шығыстарын да өз мойнына алады.
5. Тұру және тұрмыстық шығыстар: Бірінші тарап Екінші тарапқа министрліктердің талаптарына сәйкес кереуеттермен және жуынатын бөлмелермен жабдықталған қолайлы тұрғын үйді тегін беруге немесе Екінші тарапқа тұру жәрдемақысын беруге тиіс.
6. Көлік шығыстары: Бірінші тарап тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жүріп-тұруы және Екінші тараптың тұрғылықты жеріне қайтуы үшін қолайлы не көлік құралын не оған көлік жәрдемақысын береді.
7. Демалыс: Екінші тарап жыл сайын ресми демалыс алады (Ид аль-Фитр мерекесіне орай үш күн, Ид аль-Адха "Құрбандық шалу мерекесіне" орай үш күн, Ұлттық күнді мерекелеуге орай бір күн және Спорт күніне орай бір күн).
Екінші тарап сондай-ақ жыл сайынғы демалысқа қосымша ұзақтығы кемінде 3 (үш) апта болатын Бірінші тарап белгілеген үш күндік демалыс алады. Егер Екінші тараптың қызмет мерзімі Қатар Мемлекетінің еңбек заңнамасына сәйкес бес немесе одан да көп жыл болса, демалыс 4 (төрт) аптаға созылады.
7.1. Жұмыстан шығу жәрдемақысы Қатар Мемлекетінің еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Медициналық қызмет көрсету:
Бірінші тарап Қатар Мемлекетінде қолданылатын қағидалар мен нормаларға сәйкес Екінші тарапқа қажетті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
11. Жалдау төлемақысы:
Екінші тарап жалдауды төлеу жөніндегі шығыстарды көтермейді.
12. Қатар Мемлекетінің "Еңбек туралы" 2004 жылғы № 14 Заңы және оны қолдану жөніндегі шешімдер осы шарт ережелерінің құқықтық негізі болып есептеледі.