"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
2. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев және Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері міндетінен босатылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |