Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 наурыздағы № 190 қаулысы.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын жиһаз өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын машина жасау саласының тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О некоторых вопросах установления изъятия из национального режима

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2024 года № 190.

      В соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. При осуществлении государственных закупок установить изъятие из национального режима:

      1) товаров мебельной промышленности, происходящих из иностранных государств, за исключением товаров, не производимых на территории Республики Казахстан, а также работ, услуг, соответственно выполняемых, оказываемых иностранными потенциальными поставщиками;

      2) товаров машиностроительной отрасли, происходящих из иностранных государств, за исключением товаров, не производимых на территории Республики Казахстан.

      2. Допустить к участию в государственных закупках физические и юридические лица, находящиеся в реестре отечественных производителей товаров, работ и услуг.

      3. Министерству промышленности и строительства Республики Казахстан по согласованию с Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" в течение 10 рабочих дней со дня принятия настоящего постановления утвердить перечень товаров, работ, услуг, предусмотренных в пункте 1 настоящего постановления, с указанием кодов в соответствии с единым номенклатурным справочником товаров, работ, услуг и обеспечить представление данного перечня в уполномоченный орган по государственным закупкам.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и действует в течение двух лет.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов