"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 161-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 194 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 161-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – белгілі бір аумақта әлеуметтік қатынастар саласында адам шығынына, денсаулыққа зиян тиюіне, қомақты мүлік шығынына немесе тұрғындардың тыныс-тiршілiк жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
2) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен ғана ұсталатын коммерциялық емес ұйым;
3) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік (бұдан әрі – мүлік);
4) соғыс жағдайы – Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болғызбауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим;
5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру тәртібі
3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын қажетті мүлікке мұқтаждық туралы өтініммен (бұдан әрі – өтінім) мемлекеттік мекемеге жүгінеді.
Бұл ретте өтінімде мемлекеттік органның немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жедел штаб басшысының әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шешіміне сілтеме не Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы көрсетіледі.
Өтінім жіберілгенге дейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемеде қажетті мүліктің бар-жоғын нақтылауға жол беріледі.
4. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күннен аспайтын мерзімде өтінімді қарайды және мемлекеттік мекеменің мүлкін беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның өтінімді жазбаша келісуі мемлекеттік мекеменің мүлкін беру туралы шешім (бұдан әрі – шешім) болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің балансында болмауы, сондай-ақ егер мемлекеттік мекеменің мүлкін беру оның іркіліссіз қызметінің бұзылуына алып келетін болса мемлекеттік мекеменің мүлкін беруден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің мүлкін қабылдау-беру актісін (бұдан әрі – қабылдау-беру актісі) жасау арқылы шешім алынған күні жүзеге асырылады.
Мүлікті қабылдау-беру кезінде беретін және қабылдайтын тараптар оның физикалық және техникалық жай-күйін бірлесіп айқындайды, оның одан әрі пайдалануға жарамдылығын белгілейді, ол қабылдау-беру актісінде көрсетіледі. Мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз мүлік берілмейді немесе қабылданбайды.
6. Қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, оған беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары және материалдық жауапты адамдары қол қояды, оны беретін және қабылдайтын тараптардың бірінші басшылары немесе олар уәкілеттік берген адамдар бекітеді.
7. Қабылдау-беру актісі мемлекеттік мекеменің мүлкін есепке алуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелерге беріледі.
8. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар алған мемлекеттік мекеменің мүлкін қайтару әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы құқықтық режимі тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында айқындалған тәртіппен ресімделетін қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің бүлінген мүлкіне жасалған қабылдау-беру актісіне оның әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы құқықтық режимі кезінде бүлінгенін негіздейтін растау құжаттары (материалдары), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын мүліктің техникалық жай-күйі туралы акт қоса беріледі.
Мемлекеттік мекемеден алынған мүліктің жойылып кетуіне байланысты оны қайтару мүмкін болмаған жағдайда осы мемлекеттік мекемеге мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімге қол қойған басшысының қолымен тиісті хат жіберіледі, оған осындай жойылып кетуді растайтын құжаттар (материалдар) қоса беріледі.
Нысан
________________________________________________________ Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажетті мүлікке мұқтаждығы туралы өтінімі
Негіздеме:____________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай құқықтық режимін енгізу туралы шешімі не Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы)
Р/с | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Мемлекеттік органның (мекеменің) басшысы ______________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
____________________________________ Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Бекітемін Беретін тараптың мемлекеттік органының (мекемесінің) басшысы ____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылғы "____" _______ Мөр орны | Бекітемін Қабылдайтын тараптың мемлекеттік органының (мекемесінің) басшысы ____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылғы "____" _________ Мөр орны |
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қабылдау-беру актісі
Р/с | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Зауыттық нөмірі | Санаты | Баланс-тық құны |
Техникалық жай-күйі жарамды/ | Шыға-рылған жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Беретін тараптың лауазымды адамы:
____________________________________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдаушы тараптың лауазымды адамы:
____________________________________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның
_____ жылғы "__" _____ № ______ шешімі негізінде
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қабылданатын (берілетін) мүліктің атауы
____________________________________________________________________
_____________________________________________ қарап-тексеру жүргізілді.
Мүлікті берген:_______________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____ жылғы "_"_____________
Мүлікті қабылдаған:_____________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___ жылғы "__"_____________
Беретін тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі__________________________
Беретін тараптың бас бухгалтері______________________________________ қолы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдайтын тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі_____________________
Қабылдайтын тараптың бас бухгалтері____________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
Мүліктің техникалық жай-күйі туралы АКТ
Мына құрамдағы беретін тараптың комиссиясы:
_______________________________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________техникалық жай-күйін қарап-тексерді
(мүліктің атауы, маркасы, моделі, шығарылған жылы және т.б.)
Қарап-тексеру нәтижелері:________________________________________________
(мүліктің техникалық жай-күйі көрсетіледі)
_______________________________________________________________________
Комиссия құрамы:
_______________________________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________