Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң) 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы – Конституциялық заңның 35-бабының 1, 1-1 және 2-1-тармақтарына сәйкес отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берген судья;
3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағында көзделген тәртіппен отставкадағы судьяға төленетін ақшалай төлемдер;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
7-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.";
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша судьяның отставкасы тоқтатыла тұрған жағдайда;";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2024 жылғы 20 наурыздағы № 209 қаулысына қосымша Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларына 3-қосымша |
Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (тоқтата тұру, қайта бастау) не тағайындаудан бас тарту туралы қорытынды
20____ жылғы "__" ____________ № _________
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1. 20 ____ жылғы "____" ____________ бастап отставкадағы судьяға өмір бойғы ай
сайынғы қамтылым _______________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.
2. Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды тағайындаудан
__________________________________________ бас тартылсын.
(бас тартудың негізі)
3. Отставкадағы судьяға _____________________________ _____________
(тоқтата тұрудың негізі)
теңге мөлшерінде өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу 20 ____ жылғы "____"
____________ бастап тоқтатыла тұрсын.
4. 20 ______ жылғы "____" ___________ бастап ______________________________
(қайта бастаудың негізі)
_______________ теңге мөлшерінде отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы
қамтылымды төлеу қайта басталсын.
Кадр қызметінің басшысы (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Қаржы қызметінің басшысы (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)