"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 312 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларынан зардап шеккен адамға келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көзделген жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебінен және (немесе) ұйымдардың қаражаты, азаматтардың, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің ерікті жарналары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті шектерде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі:

      1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс;

      2) ауылшаруашылық жануарлары;

      3) тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;

      4) тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;

      5) ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);

      6) азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);

      7) киім күтіміне арналған заттар (кір жуғыш машина);

      8) сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш).

      Осы тармақтың 3) – 8) тармақшаларына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген нұқсанының мөлшерін бағалауға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1 Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген зиянды (нұқсанды) өтеу үшін жергілікті атқарушы орган Зардап шеккендерге келтірілген материалдық нұқсанды бағалау және өтеу жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия туралы ережені жергілікті атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1358 "Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2024 года № 312

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1358 "Об утверждении Правил возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера" следующие изменение и дополнения:

      в Правилах возмещения вреда (ущерба), причиненного пострадавшим, вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера, утвержденных настоящим постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Возмещение вреда (ущерба), причиненного пострадавшим вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера, осуществляется в пределах, необходимых для удовлетворения минимальных потребностей пострадавших, за счет бюджетных средств местных исполнительных органов, предусмотренных на ликвидацию последствий чрезвычайных ситуаций природного характера в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан, и (или) за счет средств организаций, добровольных взносов граждан, фондов и общественных объединений, иных источников, не противоречащих действующему законодательству Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Возмещению подлежит следующее имущество, необходимое для удовлетворения минимальных потребностей пострадавших:

      1) жилой дом, квартира или строение, предназначенное для временного (сезонного) проживания, предусмотренные пунктом 2 настоящих Правил;

      2) сельскохозяйственные животные;

      3) предметы для хранения и приготовления пищи – холодильник, газовая плита (электроплита) и шкаф для посуды;

      4) предметы мебели для приема пищи – стол и стул;

      5) предметы мебели для сна – кровать (диван);

      6) предметы средств информирования граждан – телевизор (радио);

      7) предметы для ухода за одеждой (стиральная машина);

      8) предметы средств водоснабжения и отопления (в случае отсутствия централизованного водоснабжения и отопления) – насос для подачи воды, водонагреватель и отопительный котел (переносная печь).

      Возмещение вреда (ущерба), причиненного пострадавшим вследствие чрезвычайных ситуаций природного характера, согласно подпунктам 3) – 8) настоящего пункта осуществляется в соответствии с оценкой размера причиненного ущерба, но не более 150 месячных расчетных показателей.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Для возмещения вреда (ущерба), предусмотренных пунктом 3 настоящих Правил, местным исполнительным органом создается комиссия по оценке и возмещению материального ущерба, причиненного пострадавшим (далее – Комиссия).

      Положение о Комиссии определяется местным исполнительным органом.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр Республики Казахстан О. Бектенов