Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 490 қаулысымен мақұлданған Жоба |
Жоғары мәртебелі,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары – Сыртқы істер министрі
Мұрат Нұртілеу мырзаға
Астана қ.
2024 жылғы "____" _________
Жоғары мәртебелі,
Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құрудағы өзара мүдделілікке сүйене отырып және Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілдігін ашу туралы келісімге (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) сәйкес оның құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасай алатын, шарттары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмек көрсететін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Сондай-ақ Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда баяндалғанмен келісетінін растайтын Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап хатыңызды алған кезде осы хат және Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіретінін және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметінен оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.
Оскар Фернандес-Таранко, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Дамуды Үйлестіру мәселелері жөніндегі көмекшісі |
Жоғары мәртебелі,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының
Дамуды Үйлестіру мәселелері жөніндегі көмекшісі
Оскар Фернандес-Таранко мырзаға
Нью-Йорк қ.
2024 жылғы "____" _________
Жоғары мәртебелі,
Сіздің 2024 жылғы ___ ___________ мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды мәртебе санаймын:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құрудағы өзара мүдделілікке сүйене отырып және Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары Қазақстан Республикасының Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілдігін ашу туралы келісімге (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) сәйкес оның құрамдас бөлігіне айналатын қосымша келісімдер жасай алатын, шарттары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметіне көмек көрсететін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Сондай-ақ Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда баяндалғанмен келісетінін растайтын Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап хатыңызды алған кезде осы хат және Жоғары мәртебелі, Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіретінін және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының Үкіметінен оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген ұсыныспен және Жоғары мәртебелі, Сіздің хатыңыз бен осы хат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісетінімді растауды мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алуыңызды сұраймын.
Мұрат Нұртілеу, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі |