ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 15-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
3. | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | |||
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметтерінің, орман орналастыру ұйымдарының жұмыскерлеріне, |
ЛА-дан | Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен |
".
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |