"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 шiлдедегi № 570 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      60-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-7) азаматтық қорғау органдарында байланысты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 140-1) және 140-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "140-1) жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;

      140-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 219-2), 219-3), 219-4) және 219-5 тармақшалармен толықтырылсын:

      "219-2) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын бекітеді;

      219-3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекітеді;

      219-4) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды;

      219-5) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;";

      мынадай мазмұндағы 228-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "228-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып (қажет болған кезде) айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 295-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "295-1) мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарының, тексеруді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актінің, мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы тексеру нәтижелері туралы қорытынды нысанын әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2024 года № 570.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 701 "Вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Министерстве по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      подпункт 60-7) изложить в следующей редакции:

      "60-7) разрабатывает и утверждает правила по организации связи в органах гражданской защиты;";

      дополнить подпунктами 140-1) и 140-2) следующего содержания:

      "140-1) утверждает правила конкурсного отбора военнослужащих срочной службы для получения образовательных льгот на поступление в высшие военные, специальные учебные заведения;

      140-2) утверждает правила конкурсного отбора военнослужащих срочной службы для получения образовательных льгот на поступление в организации высшего и (или) послевузовского образования по образовательным программам высшего образования в пределах квот, установленных законодательством Республики Казахстан, за исключением образовательных программ медицинского, фармацевтического и педагогического образования, по согласованию с уполномоченным органом в области науки и высшего образования;";

      дополнить подпунктами 219-2), 219-3), 219-4) и 219-5) следующего содержания:

      "219-2) утверждает форму акта о приостановлении деятельности или отдельных видов деятельности в области пожарной безопасности;

      219-3) утверждает инструкцию использования технических средств при осуществлении государственного контроля и надзора в области пожарной безопасности для фиксации фактов совершения нарушений и действий сотрудников органов гражданской защиты;

      219-4) определяет перечень требований в области пожарной безопасности, нарушение которых влечет применение мер оперативного реагирования, а также в отношении конкретных нарушений требований – конкретный вид меры оперативного реагирования с указанием срока действия данной меры (при необходимости);

      219-5) использует технические средства при осуществлении государственного контроля и надзора в области пожарной безопасности для фиксации фактов совершения нарушений и действий сотрудников органов гражданской защиты;";

      дополнить подпунктом 228-1) следующего содержания:

      "228-1) определяет перечень требований в области промышленной безопасности, нарушение которых влечет применение мер оперативного реагирования, а также в отношении конкретных нарушений требований конкретный вид меры оперативного реагирования с указанием срока действия данной меры (при необходимости);";

      дополнить подпунктом 295-1) следующего содержания:

      "295-1) разрабатывает и утверждает форму полугодового плана проведения периодических проверок, акта о назначении, продлении, приостановлении и возобновлении проверки, заключения о результатах проверки в области гражданской обороны в отношении государственных органов;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов