Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаржы қаражатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына ӨБТК-ге 5-қосымшаға сәйкес мердігердің 2023 – 2025 жылдар кезеңіне ӨБТК бойынша 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлуі туралы;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мұнай-газ операцияларының шотын, оның ішінде осы қаулыға, ӨБТК-ге 6-қосымшаның шарттарына сәйкес бөлінген жұмсалған және қалдық қаражат мөлшері бөлігінде жүргізуді жүзеге асыру туралы;";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 627 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 256 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларының тізбесі
Р/с | Жобаның атауы |
2023 – 2025 жылдар жиыны |
1 | 2 | 3 |
I. Бөрлі ауданын дамыту | ||
1 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласы Абай – Молодежная көшелерінің қиылысы мекенжайында Оқушылар және жастар сарайын салу | 17100000 |
2 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында 900 орындық мектеп салу | |
3 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қанай ауылында 60 орындық мектеп салу | |
4 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінің Облавка ауылында 60 орындық мектеп салу | |
5 | Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салу | |
6 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында спорт залын салу | |
7 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылында спорт залын салу | |
8 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қызылтал ауылында мәдени-спорт кешенін салу | |
9 | Бөрлі ауданының Ақсай қаласында ұлттық спорт түрлері орталығын салу | |
10 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының Железнодорожная көшесі, 129А мекенжайындағы "Жастар" стадионын реконструкциялау | |
11 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында Мәдениет үйін күрделі жөндеу | |
12 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылында Мәдениет үйін күрделі жөндеу | |
13 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылында Мәдениет үйін күрделі жөндеу | |
14 | Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласында "Наурыз" мәдениет және демалыс саябағын реконструкциялау | |
II. Жолдар | ||
15 | "Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы" 0-144 км" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 36-72 км учаскесін реконструкциялау | 40000000 |
16 | "Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы" 0-144 км" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 72-108 км учаскесін реконструкциялау | |
III. Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық желілерді жаңғырту | ||
17 | Медициналық желіні жаңғырту шеңберінде облыстың медициналық ұйымдары үшін медициналық жабдық сатып алу | 25300000 |
ЖИЫНЫ | 82400000 |
*Ескертпе: осы қаулыға сәйкес бөлінген 82400000000 (сексен екі миллиард төрт жүз миллион) теңге мөлшеріндегі жалпы сомадан ешбір жағдайда асып кетуге болмайды. Бұл ретте Бөрлі ауданын дамытуға арналған 17100000000 (он жеті миллиард бір жүз миллион) теңге сомасындағы жобалар осы тізбеден жобалау-сметалық құжаттаманың дайын болуына және сараптамадан өтуіне қарай іске асырылатын болады.