Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş." компаниясына "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау" акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын, сондай-ақ "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын "QazAir Investments LLC" компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуына рұқсат етілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |