ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"V. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер " деген бөлімде:
"V.II. Нысаналы даму трансферттері" деген кіші бөлімде:
"Бiлiм беру " деген 4-функционалдық топта:
224 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі" деген әкімші бойынша:
004 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарламада:
123 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері" деген бюджеттік кіші бағдарламада:
мына:
"
Ақмола облысы | 25 045 308 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ақмола облысы | 35 124 082 |
";
мына:
"
Атырау облысы | 20 399 976 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Атырау облысы | 22 149 708 |
";
мына:
"
Қарағанды облысы | 19 049 438 | ||||||
Қостанай облысы | 14 679 725 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қарағанды облысы | 23 314 382 | ||||||
Қостанай облысы | 15 228 906 |
";
мына:
"
Алматы қаласы | 72 606 338 | ||||||
Астана қаласы | 125 887 674 |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Алматы қаласы | 63 233 698 | ||||||
Астана қаласы | 118 617 683 |
".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізсін.
3. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |