1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа – Кавказ – Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көпжақты келісімнің 9-бабына және 2021 жылғы 21 қазандағы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы бекіткен ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ереженің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сапар Бектасов ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығын хабардар етсін.
3. "ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінің басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 553 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |