ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 705 қаулысымен бекітілген |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБМЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен оны жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – ЖБМЗЖ төленген жеке тұлғаларға ақша төлемдері;
4) ЖБМЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы активтері (бұдан әрі – зейнетақы активтері) – комиссиялық сыйақыны шегергенде ЖБМЗЖ, инвестициялық кіріс, өсімпұл және залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат;
5) ЖБМЗЖ – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
6) ЖБМЗЖ төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасында қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептейтін (есебіне жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға;
7) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тағайындалған жеке тұлға;
8) шартты жинақталған теңгерім (бұдан әрі – ШЖТ) – осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген шарттарға сәйкес зейнетақы төлемдеріне құқық басталған күнге ЖБМЗЖ, өзге де түсімдерді, инвестициялық кірісті қамтитын жеке тұлғаның шартты зейнетақы шотындағы сома;
9) шартты зейнетақы міндеттемелері (бұдан әрі – міндеттемелер) – БЖЗҚ-ның ЖБМЗЖ және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер есебінен зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелері;
10) шартты зейнетақы шоты – БЖЗҚ-да жеке тұлғаның атына ашылған, келіп түскен ЖБМЗЖ және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы ЖБМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот;
11) теңгерімдеу – шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қаржы теңгерімін қалпына келтіру процесі;
12) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МАОДБ" АЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
13) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Зейнетақы төлемдері жиынтығында кемінде күнтізбелік алпыс ай ЖБМЗЖ аударылған адамдарға:
1) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;
2) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға беріледі.
4. ЖБМЗЖ есебінен зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
5. Зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы айға жүргізіледі және оны қайтыс болған немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын барлық құжаттың, не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, не тұрақты тұрғылықты жерге шығуға не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат күшінің жойылуына байланысты, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы мәліметтерді алған айды қоса алғанда БЖЗҚ жүзеге асырады.
6. Зейнетақы активтері агенттің және (немесе) ЖБМЗЖ төленген жеке тұлғаның меншігі болып табылмайды.
2-тарау. ЖБМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
7. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында өтініш беруші:
1) Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ банк шоты туралы мәліметтерді ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен жүгінеді;
2) Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде БЖЗҚ-ға өзі жүгінгенде:
БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін);
банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті ұсынады.
БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы өтініш беру тәртібі БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен бекітіледі.
Өтініш пошта байланысы құралдары арқылы берілген кезде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ алушының өтініштегі қолын (нотариатта куәландыруды тұрғылықты мемлекетте жүргізу шартымен) нотариат куәландырады.
8. Егер алушылар бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар болса, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ алушыға мүгедектіктің белгіленгені туралы мәліметтерді "МАОДБ" АЖ-дан сұратады.
"МАОДБ" АЖ-да өтініш берушінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ өтініш беруші өтініш берген күні өтінішті қабылдаудан бас тартып, БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша бас тарту себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік алынған жағдайда зейнетақы төлемдері "МАОДБ" АЖ-дан мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтер алынған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Мүгедектікті алып тастау туралы мәліметтерді беру тәртібі мен мерзімдері БЖЗҚ мен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген.
9. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға, заңды өкіл):
1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін;
2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыруды тұрғылықты мемлекетте жүргізу шартымен);
3) заңды өкіл өтініш берген жағдайда заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
10. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында БЖЗҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш білдірген адамдардың цифрлық құжаттарын пайдалана алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған жағдайларда ұсынылады.
11. БЖЗҚ-ға өзі жүгінген кезде құжаттарды қабылдау кезінде алушыға немесе үшінші тұлғаға БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
12. Алушы осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасына, 9 және 10-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) жеке басын куәландыратын жарамсыз және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда БЖЗҚ өтініш берілген күні оны қабылдаудан бас тартып, БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.
13. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте:
Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтініші Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн зейнетақы төлемін алуға өтініш берілген күн болып есептеледі бұл ретте өтініш тіркелген болуға тиіс:
осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар орын алғаннан кейін өтініш тіркелген күн өтініш берілген күн болып есептеледі;
осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар орын алғанға дейін осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар орын алған күн өтініш берілген күн болып есептеледі;
Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – БЖЗҚ-ға құжаттардың қабылданған не түскен күні зейнетақы төлемін алуға өтініш берілген күн болып есептеледі.
Зейнетақы төлемдері Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушыларға осы Қағидаларда көзделген құжаттардың БЖЗҚ-ға қабылдаған не түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
14. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған алушылардың өтініштері бойынша Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде Мемлекеттік корпорацияда тіркелген алушылардың өтініштері туралы мәліметтер БЖЗҚ-ға беріледі.
БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес, бірақ ерте дегенде зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күні өтініште көрсетілген алушылардың банктік шоттарына аударады.
15. Осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап алушы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) жеке басын куәландыратын жарамсыз және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорация алушы өтініш берген күні оны қабылдаудан бас тартып, БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберу арқылы өтінішті орындаудан бас тартады.
16. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және (немесе) БЖЗҚ-дан алушының қайтыс болғаны, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын барлық құжаттардың не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты не Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыздығы туралы не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жойылуына не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына, не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты мәліметтердің алынуы оған БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін тоқтату үшін негіз болып табылады.
17. Зейнетақы төлемдерін оған БЖЗҚ Кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушының банктік шотына аударады, оның деректемелері өтініште көрсетіледі.
Аударуға, есепке жатқызуға және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. ЖБМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау тәртібі
18. ЖБМЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін мынадай параметрлер пайдаланылады:
1) ағымдағы құн факторы;
2) баланс коэффициенті;
3) жұмсартылған баланс коэффициенті.
19. Ағымдағы құн факторы – жасына, дисконттау факторына және тиісті дәрежедегі индекстеу мөлшерлемесіне байланысты өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алушының өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) көбейтінділерінің сомасы:
мұндағы:
– ағымдағы құн факторы;
- дисконттау факторы;
i – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
j – индекстеу мөлшерлемесі;
t px – өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алушының х жастан x+t жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы;
x – алушының өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу басталған күнгі жасы;
n – өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алған жылдар саны;
m – зейнетақы төлемдерінің кезеңділігі;
t – 0-ден n-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын айнымалы;
20. Теңгерім коэффициенті – зейнетақы активтерінің міндеттемелерге қатынасы:
мұндағы:
BTt – теңгерім коэффициенті;
зейнетақы активтеріt–1 – t -1 күнтізбелік жыл соңындағы зейнетақы активтері;
міндеттемелерt–1 – t -1 күнтізбелік жыл соңындағы міндеттемелер.
Егер міндеттемелер өткен күнтізбелік жылдың соңында зейнетақы активтерінен асып кетсе, теңгерімдеу процесі күнтізбелік жылдың басында іске қосылады.
Қаржылық теңгерімді қалпына келтіру қаржылық көрсеткіштер арасындағы оңтайлы қатынасты іздеу арқылы жүзеге асырылады.
21. Жұмсартылған теңгерім коэффициенті – бұл зейнетақы жүйелеріндегі активтер мен зейнетақы міндеттемелері арасындағы байланысты білдіретін сан. Бұл ретте бір жылдағы жұмсартылған теңгерім коэффициенті 1 плюс осы жылға белгіленген теңгерім коэффициенті мен 1 саны арасындағы айырманың үштен біріне тең және мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
– жұмсартылған теңгерім коэффициенті;
t – күнтізбелік жыл;
22. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін БЖЗҚ халықтың өлімі туралы деректер негізінде есептелген ағымдағы құн факторын, болжанатын инфляция деңгейінің орташа мәнін және кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшерін ескере отырып айқындайды.
Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ЗТ – зейнетақы төлемінің;
– ағымдағы құн факторы.
Зейнетақы төлемін есептеген кезде ағымдағы құн факторының барлық параметрлері жылдық мәнде пайдаланылады.
23. Болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құн факторын есептеген кезде БЖЗҚ мынадай параметрлерді пайдаланады:
1) өлім көрсеткіштері;
2) кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі;
3) төлемдерді индекстеу мөлшерлемесі.
ЖБМЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
24. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері:
1) теңгерімдеу процесі қажет болмаған кезде;
2) жұмсартылған теңгерім коэффициентін ескере отырып түзетілген, теңгерімдеу процесі іске қосылған кезде тиісті жылға бекітілген зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес жыл сайын ұлғайтылады.
25. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып жыл сайын қайта есептейді.
Егер t-1 күнтізбелік жылдың соңында міндеттемелер зейнетақы активтерінен асып кетсе, яғни BTt 1-ден аз болса, онда t күнтізбелік жылдың басында теңгерімдеу процесі іске қосылады:
1) тиісті күнтізбелік жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындаған кезде зейнетақы төлемдерін индекстеудің бекітілген мөлшерлемесі мынадай түзетуді қолдану арқылы ескеріледі:
мұндағы:
– күнтізбелік жылға зейнетақы төлемдерін индекстеудің түзетілген мөлшерлемесі t;
jt – күнтізбелік жылға зейнетақы төлемдерін индекстеудің бекітілген мөлшерлемесі t;
– жұмсартылған теңгерім коэффициенті.
2) кейінгі жылдары зейнетақы төлемдерін индекстеудің түзетілген мөлшерлемелері мынадай болады:
бұл ретте жыл сайынғы теңгерімдеу процесі
болып тұрған уақытқа дейін жалғасады.3) егер белгілі бір жылы t+n'
есептік өлшемі мәннен үлкен немесе оған тең болса , онда
және шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі теңгерімдеу процесі тиісті t+n’ күнтізбелік жылы аяқталады.