Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 96 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40202 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |