Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді (компьютерлік бағдарламаларды, жабдықтарды, байланыс құралдарын, ақпараттық жүйелерді), сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жөніндегі қызмет болып табылады.";
2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
55-1) және 55-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"55-1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін жеделдетілген тәртіппен бергені үшін бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;
55-2) құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, көші-қон процестерін есепке алу жұмысын автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеген кезде пайдаланатын бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 55-3) тармақшамен толықтырылсын:
"55-3) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін жеделдетілген тәртіппен дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;";
83) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"83) жеке басты куәландыратын құжаттардың: Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлiгiнің, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнің, жол жүру құжатының үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;";
83-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"83-5) халықты тіркеу тәртібін айқындайды;";
88) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 236-1) тармақшамен толықтырылсын:
"236-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"266) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды және қысқартуды не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 268-1) және 268-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"268-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визалар, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға рұқсаттар береді;
268-2) Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттар береді;";
276) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"276) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында болатын жері бойынша есепке алуды қамтамасыз етеді;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |