ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
63) және 64) тармақшалар алып тасталсын;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"66) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;";
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"69) мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;";
70) тармақша алып тасталсын;
71) және 72) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"71) конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілігі тізбесін әзірлеу және бекіту;
72) орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін әзірлеу және бекіту;";
74) және 75) тармақшалар алып тасталсын;
238) тармақша алып тасталсын;
386) тармақша алып тасталсын;
389), 390) және 391) тармақшалар алып тасталсын;
441) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 442-1), 442-2), 442-3), 442-4), 442-5), 442-6), 442-7), 442-8) және 442-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"442-1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, тәртібі мен көлемдерін әзірлеу және бекіту;
442-2) үлгілік конкурстық құжаттамаларға, аукциондық құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
442-3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығын айқындау;
442-4) мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізу;
442-5) электрондық әмиян пайдаланылып жүзеге асырылатын операциялар бойынша ақшаны орналастыру тәртібін айқындау;
442-6) тиісті саланың уәкілетті органдары әзірлейтін және бекітетін үлгілік конкурстық құжаттамаларды, аукциондық құжаттамаларды келісу;
442-7) ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ғылыми зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын келісу;
442-8) бірыңғай оператор айқындайтын электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптарды келісу;
442-9) бірыңғай оператор айқындайтын веб-порталға қойылатын талаптарды келісу;";
443), 444), 445), 446), 447), 448) және 449) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 591-1) тармақшамен толықтырылсын:
"591-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 643-1), 643-2), 643-3), 643-4), 643-5) және 643-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"643-1) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
643-2) ұлттық қаржылық есептiлiк стандарттарын және оларға қатысты әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеу және бекiту;
643-3) бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын әзiрлеу және бекiту;
643-4) есептiлiктің тiзбесiн, нысандарын және оны кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың ұсыну мерзімділігін әзiрлеу және бекiту;
643-5) консультациялық орган туралы ереженi әзiрлеу және бекiту;
643-6) жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) депозитарийге тапсыруы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысанын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 669-6) тармақшамен толықтырылсын:
"669-6) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
758-56) және 758-57) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"758-56) монополияға қарсы органмен келісу бойынша ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы бекітетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тiзбесiн келісу;
758-57) монополияға қарсы органмен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін келісу;".
2. Осы қаулы:
1) 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтарын;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, қырқыншы, қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |