"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 856 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;";

      14-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама, заңдардың жобалары мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2024 года № 856

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2025.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 1) пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "1) участие в формировании национального законодательства, направленного на обеспечение верховенства прав и свобод человека и гражданина, суверенитета Республики Казахстан, устойчивое и поступательное развитие казахстанского общества и государства, путем участия в разработке и реализации общегосударственной стратегии развития, координации, а также ведения законопроектной работы, анализа, совершенствования, систематизации законодательства Республики Казахстан, проведения юридической экспертизы проектов нормативных правовых актов, организации проведения научной правовой, научной лингвистической экспертиз по проектам законов, а также научной антикоррупционной экспертизы по проектам нормативных правовых актов;";

      подпункт 11) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "11) организация проведения научной антикоррупционной экспертизы проектов нормативных правовых актов, научной правовой, научной лингвистической экспертиз по проектам законов и международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектам международных договоров, подлежащих ратификации;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов