Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бірлік пен келісімнің 30 жылы" Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) есепті жылдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 878 қаулысымен бекітілген |
"Бірлік пен келісімнің 30 жылы" Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
I. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған негізгі іс-шаралар | ||||||
1 | Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай іс-шара өткізу (Алғыс айту күніне арналған форум) | іс-шара |
2025 жылғы 1 наурыз | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша) |
5 138,0 | республикалық бюджет |
2 | ҚХА 30 жылдығына арналған ҚХА ХХХІV сессиясын өткізу | сессия |
2025 жылғы сәуір | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
100 380,0 | республикалық бюджет |
3 | Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізу (Мемлекеттік және қоғамдық наградаларды, "Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту аясындағы мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстары үшін" және "Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін" сыйлықтарын табыстау) |
наградаларды табыстау |
2025 жылғы қазан | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
34 300,0 | республикалық бюджет |
4 | ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу | отырыс | 2025 жыл ішінде | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
6 236,0 | республикалық бюджет |
5 | ҚР Конституциялық Сотымен бірлесіп ҚР Конституциясы мен ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шара өткізу | іс-шара | 2025 жылғы 29 тамыз | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), ҚР КС (келісу бойынша) |
|
талап етілмейді |
6 | Саяси партиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың қатысуымен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу ("Бірлікті ту еткен" тақырыбында жастармен кездесу, "Мың алғыс саған, туған ел!" шығармашылық фестиваль, "Бірлік пен келісім – кемел келешек кепілі!" ғылыми-практикалық конференция, "Этнопедагогикадағы әкелердің рөлі" әкелер форумы, "Таза Қазақстан" партиялық жобасы аясында достық Аллеясына ағаш отырғызу, "Әлемді әлдилеген аналар!" қолданбалы өнер туындыларының көрмесі) |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде |
МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, | - |
талап етілмейді |
7 | Достық үйлерінің республикалық Конгрессін өткізу | конгресс | 2025 жыл ішінде | Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджет |
8 | "Анаға тағзым" республикалық форумын ұйымдастыру және өткізу | іс-шара |
2025 жылғы мамыр | Қызылорда облысының әкімдігі, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджет |
9 | Ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысын ұйымдастыру және өткізу | отырыс | 2025 жыл ішінде | Алматы қаласының әкімдігі, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджет |
10 | "Ассамблея жастары" РҚБ республикалық форумын өткізу | іс-шара | 2025 жылғы III тоқсан | Жетісу облысының әкімдігі, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджет |
11 | Этномәдени бірлестіктердің республикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу | конференция | 2025 жыл ішінде | Алматы қаласының әкімдігі, МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюжет |
12 |
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысын ұйымдастыру және өткізу | отырыс | 2025 жыл ішінде | МАМ, ҚЭЗИ (келісу бойынша), Алматы қаласының және Маңғыстау облысының әкімдіктері |
36 498,0 | республикалық бюджет |
13 | ҚХА 30 жылдығына арналған өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру | өңірлік жоспарлар | 2024 жылғы желтоқсан | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
ІІ. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар | ||||||
14 | Этномәдени бірлестіктердің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Соль Наль" ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды мерекелеу, "Ахыска" түрік ЭМБ фотокөрмесі, "Возрождение" неміс ЭМБ "Біз біргеміз! Wir sind zusammen!" концерті, ҚХА 30 жылдығына және "Қазақстан украиндарының радасы" ЭМБ 20 жылдығына арналған "Ми разом, ми одна сiм’я!" (Мы вместе, мы одна семья!) салтанатты концерті, ұйғыр ЭМБ "Бірлікке 30 жыл – 30 лет единства" жас суретшілердің байқау-көрмесі, татар ЭМБ халықаралық "Сабантуй") |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, республикалық және өңірлік ЭМБ (келісу бойынша) | ЭМБ меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
15 | Аналар кеңесінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт", "Салауатты сана", "Жасыл сертификат" жобалары, "Ана әлдиі" байқауы) |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - |
талап етілмейді |
16 | Ақсақалдар кеңесінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу (Елге қызмет – абыройлы міндет" акциясы, "Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие" жобасы, Ақсақалдар кеңесінің өңірлік өкілдерінің қатысуымен өңірлік отырыстар) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, Қорғанысмині, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), МҚІА (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - |
талап етілмейді |
17 | "Ассамблея жастары" РҚБ ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Көшбасшылар мектебі" білім беру платформасының іс-шаралары, "Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл" қайырымдылық акциясы, "Жастар-LIFE" және "Елім менің" жобалары, "Сыр елі – достық мекені" республикалық жастар форумы, "Бірлік-Единство.kz" жастар форумы, "Рақмет, Жер ана!" республикалық экологиялық акциясы) |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде |
МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), ОАМ, ҒЖБМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - |
талап етілмейді |
18 | Медиация кеңесінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Елдесу – татуласу", "Келісім аумағы" жобалары, "Бірлік дауысы" подкасты, "Медиация – татулық тірегі" форумы) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - |
талап етілмейді |
19 | ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу (Ұлт құрылысы туралы тұжырымдамалық-терминологиялық аппараттың (глоссарийдің) жариялануы, "Қазақстанның ұлттық бірлігі: тарих, қазіргі заман және жаңа үрдістер" монографиясы) |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде |
МАМ, ҚЭЗИ (келісу бойынша), |
36498,0 | республикалық бюджет |
20 |
ҚХА кафедралары қауымдастығының ҚХА |
іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, ҒЖБМ, ЕҰУ (келісу бойынша), ҚЭЗИ (келісу бойынша), "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - |
талап етілмейді |
21 | "Жомарт жан" орталығының ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу ("Жомарт жан" орталығының таныстырылымы үздік әлеуметтік жобалар байқауы, "Мектепке жол" акциясы) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджет |
22 | ҚХА республикалық және өңірлік Журналистер клубтарының ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу (ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырыстары, "Шаңырақ" этножурналистика саласындағы республикалық конкурсы, семинарлар, кездесулер, тренингтер) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде |
МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
6 640,0 | республикалық бюджет |
23 | Достық үйлерінің ҚХА 30 жылдығына арналған іс-шараларын өткізу (Достық үйлерінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Қазақстан – бірлік елі" ЭМБ шығармашылық ұжымдарының республикалық акциясы, "Ұрпақтар диалогы" конференциясы) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | көзделген қаражат шеңберінде | жергілікті бюджеттер |
24 | ҚХА 30 жылдығына арналған мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу ("Мың бала" конкурсының гала-концерті, "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" форумы, қазақ тіліндегі жалпыұлттық диктант) | іс-шаралар | 2025 жыл ішінде | МАМ, ОМ, ҒЖБМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
13 131,6 | республикалық бюджет |
25 | Этносаралық қатынастар және ұлт бірлігін нығайту мәселелері бойынша "Полиэтносты қоғамдардағы бірлік пен ынтымақтастық" атты жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу | конференция |
2025 жылғы ІII тоқсан | МАМ, ҚЭЗИ (келісу бойынша) |
12 483,0 | республикалық бюджет |
26 | "Бірлігіміз әралуандылықта" жобасын іске асыру (сынып сағаттары, ҚХА 30 жылдығына арналған семинарлар мен дәрістер, "Бейбітшілік пен келісім балалардың көзімен" балалар суретінің өңірлік конкурстары, "Менің Қазақстаным" фотоконкурстары, музейлердегі, кітапханалардағы экспозициялар мен көрмелер, театрлардағы қойылымдар) | іс-шаралар |
2025 жылғы мамыр |
ОМ, ҒЖБМ, МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | көзделген қаражат шеңберінде | республикалық және жергілікті бюджеттер |
27 |
"BIRLIK" көпұлтты ән және би ансамблінің концертін ұйымдастыру | концерт |
2025 жылғы қараша | МАМ, "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" МАКҰ" РМҚК (келісу бойынша) | "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" МАКҰ" РМҚК меншікті қаражаты есебінен | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
28 | Париж қаласындағы (Франция) ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде ҚХА қызметінің таныстырылымын ұйымдастыру | таныстырылым | 2025 жылғы мамыр | СІМ, МАМ | - | талап етілмейді |
ІІІ. Ақпараттық-имидждік іс-шаралар | ||||||
29 | ҚХА 30 жылдығын мерекелеуді жариялау жөніндегі республикалық және өңірлік медиа-жоспарларды әзірлеу | медиа-жоспар |
2024 жылғы қараша | МАМ, ОМ, ҒЖБМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
30 | Әлеуметтік желілерде жұмысты ұйымдастыру (ҚХА институтының дамуы туралы бейнероликтер, бейнесұхбаттар, подкасттар, тікелей эфирлер, ҚХА өкілдерінен стримдер, тақырыптық стикерлер мен маскалар жасау) | бейнематериалдар | 2025 жыл ішінде | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
31 | ҚХА-ның 30 жылдығына арналған брендбук, эмблема және өзге де көрнекі өнімдерді әзірлеу және дайындау | мерейтойлық брендбук эскизі |
2024 жылғы IV тоқсан | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | - | талап етілмейді |
32 | ҚХА 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдың дизайнын әзірлеу және дайындау | мерейтойлық медаль |
2024 жылғы IV тоқсан |
ҰБ (келісу бойынша), МАМ, |
20 048,0 | республикалық бюджет |
33 |
ҚХА 30 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгінің дизайнын әзірлеу және дайындау | төсбелгі |
2025 жылғы II тоқсан | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша) |
1 425,0 | республикалық бюджет |
34 | ҚХА 30 жылдығына арналған ҚХА антологиясын әзірлеу және шығару | антология басып шығару | 2024 жылдың соңына дейін | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша) |
17 500,0 | республикалық бюджет |
35 | "Жүректің сөзі – бірліктің көзі" электрондық дәйексөздер жинағын шығару | электрондық жинақ | 2025 жылғы I тоқсан | МАМ, "Қоғамдық келісім" РММ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
36 | ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және басқа да ғалымдардың зерттеу жұмыстарын қоса отырып, "Қазақстан халқы Ассамблеясы" электрондық библиографиялық көрсеткішін әзірлеу | электрон дық көрсеткіш |
2025 жылғы I тоқсан | МАМ, ҚЭЗИ (келісу бойынша) | - | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Ассамблея жастары" РҚБ – "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі;
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ЕҰУ – "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
КС – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты;
"Қоғамдық келісім" РММ – "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекеме;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
ҚХА – Қазақстан халқы Ассамблеясы;
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
ҚЭЗИ – "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
"Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" МАКҰ" РМҚК – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ЭМБ – этномәдени бірлестіктер.