Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Даңқ Кітабын жүргізу ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісіне, "Отан" орденіне не "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы жазбаларды Даңқ кітабына енгізуге сайып келеді. Жазба мемлекеттік тілде жүргізіледі.
5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілеріне, "Отан" орденіне не "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі марапатталған азаматтар туралы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын жазбаны Даңқ Кітабына келесі жылғы 1 мамырға дейін енгізеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |