Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 948 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-10-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 948 қаулысымен
бекітілген

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-10-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айрықша реттеу режимі шеңберінде енгізілетін қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) төлем қызметтеріне байланысты қаржы саласындағы қызметте инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерді қоспағанда, инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) инновациялық жоба – инновациялық қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын және жаңа немесе жетілдірілген өнімді немесе процесті жасауға және (немесе) енгізуге және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

      2) инновациялық қызмет – инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);

      3) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау тәртібі

      3. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимді (бұдан әрі – эксперименттік режим) енгізуге инновациялық жүйе, кәсіпкерлік, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, өзге де жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашы) бастама жасай алады.

      4. Эксперименттік режим 3 (үш) жылдан аспауға тиіс және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарды және өздеріне қатысты келісімді заңды өкілдері білдіретін 18 (он сегіз) жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, эксперименттік режимге қатысуға келісім білдірген адамдардың белгілі бір тобына қатысты енгізіледі.

      5. Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) бастамашы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді және эксперименттік режимге қатысатын адамдардың келісімін ұсына отырып, "Ұлттық инновациялық жүйе" бірыңғай терезесі" интернет-порталы арқылы уәкілетті органға енгізеді.

      6. Бастамашы өтінішті жұмыс күнінен тыс уақытта берген жағдайда ол одан кейінгі жұмыс күні тіркеледі.

      7. Бастамашы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанға сай келмейтін және (немесе) нысанда көзделген толық емес мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынған жағдайда уәкілетті орган өтініш тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, бастамашыға тиісті хабарлама жіберу арқылы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      8. Өтініштің тіркелгені туралы хабарлама бастамашыға "Ұлттық инновациялық жүйе" бірыңғай терезесі" интернет-порталындағы қолданушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      9. Өтініш тіркелген күнінен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күні мерзімде уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241241-10-баптарында, осы Қағидаларда және шеңберінде эксперименттік режимге бастама жасау жоспарланатын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ережелерге сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      10. Өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган тиісті саладағы уәкілетті органмен бірлесіп инновациялық жобаларды сынамалау кезіндегі ықтимал тәуекелдерді болғызбауға және (немесе) барынша азайтуға бағытталған шараларды тұжырымдау үшін жан-жақты талдау жүргізеді.

      11. Уәкілетті орган бастамашыға мынадай негіздер бойынша:

      1) өтініш Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, осы Қағидаларда және шеңберінде инновациялық жобаларды сынамалау жоспарланатын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген ережелерге сәйкес келмеген жағдайда;

      2) инновациялық жобаларды сынамалау кезінде қоғам мен мемлекет үшін ықтимал теріс салдары анықталған және адамның өмірі мен денсаулығына, жануарлар және өсімдіктер дүниесіне, қоршаған ортаға зиян және (немесе) залал келтірілген, оларды жою және (немесе) барынша азайту мүмкін болмайтын жағдайда;

      3) бастамашы жалған мәліметтер берген кезде;

      4) жобада инновациялық қызмет болмаған кезде;

      5) осыған ұқсас инновациялық жоба бойынша эксперименттік режимге бастама жасау туралы шешім қабылданған жағдайда эксперименттік режимге бастама жасаудан дәлелді бас тарту жібереді.

      12. Талдаудың оң нәтижесі болған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті заңнамалық актінің жобасын әзірлейді.

3-тарау. Тұлғалардың эксперименттік режимге қатысуға келісімін ресімдеу

      13. Тұлғалардың эксперименттік режимге қатысуға келісімі қағаз жеткізгіште еркін жазбаша нысанда ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эксперименттік режимге қатысуға келісім ресімделген күн;

      2) эксперименттік режимге қатысатын адам туралы мәліметтер:

      жеке тұлға – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, нақты тұрғылықты мекенжайы;

      заңды тұлға – толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның орналасқан жері;

      3) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім туралы белгі;

      4) эксперименттік режимге қатысатын адамның немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, заңды өкілінің немесе сенімхат көшірмесі қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде әрекет ететін оның сенім білдірілген адамының қолы.

  Инновациялық жобаларды
сынамалауға арналған
эксперименттік режимдерге
бастама жасау қағидаларына
қосымша

      Нысан

Инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау туралы өтініш

      Кімге __________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      Кімнен __________________________________________________________

      (бастамашының атауы (заңды мекенжайы көрсетіле отырып, заңды

      тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның

      мекенжайы

      1)________________________________________________________________

      (қызмет саласының атауы)

      саласындағы инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау (бұдан әрі – эксперименттік режим) туралы өтінішті қарауды сұраймын:

      2) өтінімнің эксперименттік режим шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтер;

      3) бастама жасалатын эксперименттік режимнің қызмет саласы туралы ақпарат;

      4) шеңберінде эксперименттік режим жүргізілетін аумақ туралы мәліметтер (осындай қажеттілік болған жағдайда);

      5) эксперименттік режимді іске асыру мерзімі туралы мәліметтер;

      6) инновациялық жоба, озық ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық әзірлеме, өнертабыс, жаңа технология туралы мәліметтерді көрсете отырып, эксперименттік режимнің сипаттамасы;

      7) оларды сақтау кезінде эксперименттік режимнен тыс инновациялық жобаны іске асыру мүмкін болмайтын немесе айтарлықтай қиындық туғызатын талаптарды, нұсқамаларды, тыйымдарды, шектеулерді қамтитын, эксперименттік режимді іске асыруға осындай ережелердің әсерін негіздей отырып, олардың құрылымдық элементтері (бөлімдер, тараулар, баптар, бөліктер, тармақтар, тармақшалар, абзацтар) көрсетілген нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер;

      8) тиімділік көрсеткіштерін қамтитын эксперименттік режимді өткізу мақсатының сипаттамасы;

      9) эксперименттік режим әсер ететін нарық пен әлеуетті тұтынушылардың сипаттамасы;

      10) жоспарланатын кірістер, шығыстар мен пайда, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджетке жоспарланатын салықтық және салықтық емес түсімдер туралы мәліметтерді көрсете отырып, эксперименттік режимді өткізуден болатын әлеуметтік-экономикалық әсерлердің сипаттамасы;

      11) тұлғалардың эксперименттік режимге қатысуға келісімі туралы ақпарат;

      12) эксперименттік режимді өткізу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер.

Об утверждении Правил инициирования экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2024 года № 948

      В соответствии с пунктом 5 статьи 241-10 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила инициирования экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 8 ноября 2024 года № 948

Правила инициирования экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила инициирования экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 241-10 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан и определяют порядок инициирования экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов, за исключением экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов в финансовой сфере деятельности, связанных с концентрацией финансовых ресурсов и (или) платежными услугами, которые вводятся в рамках особого режима регулирования в соответствии с законами Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан" и "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций".

      2. Для целей настоящих Правил используются следующие определения:

      1) инновационный проект – комплекс реализуемых в течение определенного срока времени мероприятий, осуществляемых в рамках инновационной деятельности и направленных на создание и (или) внедрение нового или усовершенствованного продукта или процесса и доведение его до потребителя;

      2) инновационная деятельность – деятельность (включая интеллектуальную, творческую, научную, научно-техническую, технологическую, промышленно-инновационную, инфокоммуникационную, организационную, финансовую и (или) коммерческую деятельность), направленная на создание инноваций;

      3) уполномоченный орган в области государственной поддержки инновационной деятельности (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в сфере инновационного и технологического развития, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию и участие в реализации государственной поддержки инновационной деятельности.

Глава 2. Инициирование экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов

      3. Введение экспериментального режима для апробирования инновационных проектов (далее – экспериментальный режим) может быть инициировано субъектами инновационной системы, предпринимательства, научной и (или) научно-технической деятельности, иными физическими и юридическими лицами (далее – инициатор).

      4. Экспериментальный режим не должен превышать 3 (три) лет и вводится в отношении определенного круга лиц, выразивших согласие на участие в экспериментальном режиме, за исключением лиц, признанных недееспособными по решению суда и несовершеннолетних, не достигших 18 (восемнадцать) лет, в отношении которых согласие выражается их законными представителями.

      5. Заявление об инициировании экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов (далее – заявление) оформляется инициатором по форме согласно приложению к настоящим Правилам и вносится в уполномоченный орган через интернет-портал "Единое окно "Национальной инновационной системы" с предоставлением согласия лиц, участвующих в экспериментальном режиме.

      6. В случае, если заявление подано инициатором в нерабочий день, то оно регистрируется в следующий за ним рабочий день.

      7. В случаях представления инициатором заявления, не соответствующего форме и (или) содержащего неполные сведения, предусмотренные в форме согласно приложению к настоящим Правилам, уполномоченный орган отказывает в приеме заявления в течение 3 (три) рабочих дней со дня его регистрации путем направления инициатору соответствующего уведомления с указанием причины отказа.

      8. Уведомление о регистрации заявления направляется инициатору в личный кабинет пользователя на интернет-портале "Единое окно "Национальной инновационной системы".

      9. Заявление в срок 35 (тридцать пять) рабочих дней со дня его регистрации рассматривается уполномоченным органом на предмет соответствия положениям, установленным статьями 241241-10 Предпринимательского кодекса Республики Казахстана, настоящими Правилами и иными законами Республики Казахстан, в рамках которых планируется инициирование экспериментального режима.

      10. При рассмотрении заявления уполномоченный орган совместно с уполномоченным органом в соответствующей отрасли проводит всесторонний анализ для выработки мер, направленных на исключение и (или) минимизацию возможных рисков при апробировании инновационных проектов.

      11. Уполномоченный орган направляет инициатору мотивированный отказ в инициировании экспериментального режима по следующим основаниям:

      1) в случае несоответствия заявления положениям, установленным Предпринимательским кодексом Республики Казахстана, настоящим Правилам и иным законам Республики Казахстан, в рамках которых планируется апробирование инновационных проектов;

      2) в случае выявления возможных негативных последствий для общества и государства и нанесения вреда и (или) ущерба жизни и здоровью человека, животному и растительному миру, окружающей среде при апробировании инновационных проектов, исключить и (или) минимизировать которые не представляется возможным;

      3) при предоставлении инициатором ложных сведений;

      4) при отсутствии инновационной деятельности в проекте;

      5) в случае, если по аналогичному инновационному проекту принято решение об инициировании экспериментального режима.

      12. При положительном результате анализа уполномоченным органом разрабатывается проект соответствующего законодательного акта в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Оформление согласия лиц на участие в экспериментальном режиме

      13. Согласие лиц на участие в экспериментальном режиме оформляется в произвольной письменной форме на бумажном носителе и содержит следующие сведения:

      1) дату оформления согласия на участие в экспериментальном режиме;

      2) сведения о лице, участвующем в экспериментальном режиме:

      физическое лицо – фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер, фактический адрес проживания;

      юридическое лицо – полное наименование, бизнес-идентификационный номер, место нахождения юридического лица;

      3) отметку о согласии на сбор и обработку персональных данных;

      4) подпись лица, участвующего в экспериментальном режиме, или законного представителя, с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) или его доверенного лица, действующего на основании доверенности, оформленной в соответствии с законодательством Республики Казахстан о нотариате, с приложением копии доверенности.

      _________________________

  Приложение
к Правилам инициирования
экспериментальных режимов
для апробирования
инновационных проектов
  Форма

Заявление
об инициировании экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов

      Кому __________________________________________________________________
                        (наименование уполномоченного органа)

      От кого ________________________________________________________________
      (наименование инициатора (полное наименование юридического лица с указанием его
            юридического адреса, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
                        физического лица, его адрес)

      Прошу рассмотреть заявление об инициировании экспериментальных режимов для апробирования инновационных проектов (далее – экспериментальный режим) в сфере:

      1)_____________________________________________________________________
                        (наименование сферы деятельности)

      2) сведения, подтверждающие соответствие заявки условиям экспериментального режима;

      3) информацию о сфере деятельности инициируемого экспериментального режима;

      4) сведения о территории, в рамках которой будет проводиться экспериментальный режим (в случае такой необходимости);

      5) сведения о сроке реализации экспериментального режима;

      6) описание экспериментального режима с указанием сведений об инновационном проекте, передовой научной, научно-технической и (или) информационно-коммуникационной разработке, изобретении, новой технологии;

      7) сведения о нормативных правовых актах, содержащих требования, предписания, запреты, ограничения, при соблюдении которых реализация инновационного проекта вне экспериментального режима невозможна или существенно затруднена, с указанием их структурных единиц (разделов, глав, статей, частей, пунктов, подпунктов, абзацев) с обоснованием воздействия таких положений на реализацию экспериментального режима;

      8) описание цели проведения экспериментального режима с показателями эффективности;

      9) описание рынка и потенциальных потребителей, на которых будет воздействовать экспериментальный режим;

      10) описание социально-экономических эффектов от проведения экспериментального режима с указанием сведений о планируемых доходах, расходах и прибыли, а также планируемых налоговых и неналоговых поступлениях в республиканский или местный бюджет;

      11) информация о согласии лиц на участие в экспериментальном режиме;

      12) иные сведения, имеющие важное значение для проведения экспериментального режима.

      __________________________________