Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы "Қазақстан Республикасындағы 2024 – 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)" жобасын іске асыру мақсатындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Нұрланұлы Шаймардановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы "Қазақстан Республикасындағы 2024 – 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)" жобасын іске асыру мақсатындағы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 1012 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы "Қазақстан Республикасындағы 2024 – 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)" жобасын іске асыру мақсатындағы келісім
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (бұдан әрі – ЮНИСЕФ), 1994 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры арасындағы Ынтымақтастық туралы негізгі келісімнің, сондай-ақ 2022 жылғы 10 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қоры елдік өкілдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде, "2023 – 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу – 7 (МИКС)" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру мақсатында,
Қазақстан тарапынан жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) болып табылатынын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыру үшін ЮНИСЕФ-ке республикалық бюджеттен бірлескен қаржыландыру негізінде бюджет қаражатын ұсынуға өзінің дайын екені туралы ЮНИСЕФ-ті хабардар еткенін назарға ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2024 жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде ЮНИСЕФ-ке 498276 (төрт жүз тоқсан сегіз мың екі жүз жетпіс алты) АҚШ доллары мөлшерінде салым (бұдан әрі – салым) беруге міндеттенеді. Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу бюджетінің есеп-қисабы осы Келісімге 1-қосымшада ұсынылған.
Салымға 003 "Халықаралық міндеттемелерді орындау және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайына мониторинг жүргізу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеу жүргізу" бюджеттік бағдарламасында (бұдан әрі – 003 бағдарламасы),
сондай-ақ 006 "Республикалық бюджеттен грантты қоса қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламасында (бұдан әрі – 006 кіші бағдарламасы) көзделген бюджет қаражаты кіреді.
2. Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023 жылы жобаға
8920 (сегіз мың тоғыз жүз жиырма) АҚШ доллары (теңгедегі баламасы
4046400 (төрт миллион қырық алты мың төрт жүз) теңге) мөлшерінде қосымша сома енгізгенін растайды. Қосымша сома 003 бюджеттік бағдарлама және 006 кіші бағдарламасы шеңберінде Бюроның шығыстарына бөлінген.
Тараптар 578347 (бес жүз жетпіс сегіз мың үш жүз қырық жеті) АҚШ доллары мөлшеріндегі салымды ЮНИСЕФ бөлетіні туралы келісті. Бұл сома жалпы шығыстарды есепке алуға және 003 бағдарламасы, 018 "Грант есебінен" кіші бағдарламасы, 159 "Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша көрсетуге арналған. Бұл ретте тараптар ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылмайтынын растайды.
Бюро мен ЮНИСЕФ-тің салымы мен қосымша сомалары жиынтығында "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының 2022 – 2025 жылдарға арналған балалар туралы деректерді жинау, өңдеу, жетілдіру және тарату жөніндегі жұмыс жоспарына" сәйкес 1085543 (бір миллион сексен бес мың бес жүз қырық үш) АҚШ доллары мөлшерінде жобаның жалпы бюджетін құрайды.
3. Тараптар салым бойынша 100 %-дық аванстық төлемді көздейді. 498276 (төрт жүз тоқсан сегіз мың екі жүз жетпіс алты) АҚШ доллары мөлшеріндегі, бірақ 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан аспайтын сомадағы (іс жүзіндегі сома Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем күніне белгілеген ресми бағам бойынша айқындалады) салымды Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісім күшіне енген күнінен бастап үш ай ішінде ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Салымды мына деректемелер бойынша ЮНИСЕФ-тің банктік шотына аударады:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры
JP Morgan Chase Bank
International Agencies Banking
277 Park Avenue, 17 th Floor
New York, N.Y. 10036-2708
In the following account:
UNICEF Cashier’s Account No 1.
Account No. 014-1-076224
CHIPS ABA 002 UID 259366
SWIFT code: CHASUS33
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЮНИСЕФ атына электрондық пошта (astana@unicef.org) арқылы хабарлама жіберу арқылы салымды жүзеге асырғаны туралы ЮНИСЕФ-ті хабардар етіп, мынадай ақпаратты ұсынады: мемлекеттік органның атауы, ЮНИСЕФ елдік офисі, жобаның атауы мен нөмірі. Осы ақпарат ЮНИСЕФ-ке қаражат аудару кезінде банктік төлемнің мақсатында көрсетілуі тиіс.
6. ЮНИСЕФ жобаны іске асыру кезіндегі шығындарды (валюта бағамының ауытқуын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмейтін) өтемейді. Тараптардың өзара келісуі бойынша мұндай шығындар жобадан алынады.
7. Жобаның қаржылық шығыстары туралы барлық есептер АҚШ долларымен көрсетіледі.
1. ЮНИСЕФ Атқарушы кеңесінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі 2020/24 шешіміне сәйкес Салым 5 % мөлшеріндегі әкімшілендіруге арналған шығындарды қамтиды. Егер мұндай шығындар жобаға тікелей қатысты болса, оны іске асыруға арналған барлық тікелей шығындар бюджеттің тиісті бабы бойынша жобаның бюджетінде көрсетіледі және тиісінше жобамен жабылады.
2. Тиісті әкімшілік көрсетілетін қызметтерді өтеуге арналған болжамды шығыстарды қоса алғанда, жобаның жалпы бюджеті осы Келісім шеңберінде жоба үшін қолжетімді салымның жалпы сомасынан, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін басқа қаржыландыру көздерінен ұсынылуы мүмкін қосымша қаражаттан аспауға тиіс.
1. Салымды әкімшілендіру ЮНИСЕФ жобаларын орындау үшін көзделген ЮНИСЕФ қағидаларына, нормаларына, директивалары мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды қаржылық есептілік осы Келісімнің қолданылуы аяқталғаннан күннен бастап он сегіз ай ішінде ұсынылады.
2. Жобаны басқару және жобалық шығыстар ЮНИСЕФ қағидаларына, нормаларына, директивалары мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Осы Келісімде және тиісті жобалық құжатта көзделген ЮНИСЕФ міндеттемелерінің орындалуы ЮНИСЕФ-тің осы Келісімнің I-бабының 3-тармағына сәйкес Салым алуына байланысты болады.
2. Шығыстардың немесе міндеттемелердің күтпеген ұлғаюы жағдайында (инфляцияға, айырбас бағамының ауытқуына байланысты) немесе еңсерілмейтін күш мән-жайларына байланысты ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметіне одан әрі қажетті қаржыландыруды айқындайтын қосымша сметаны уақтылы ұсынады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін күш-жігер салады.
3. Салым бойынша төлем түспеген немесе Қазақстан Республикасының Үкіметінен немесе басқа көздерден қосымша қаржыландыру қажет болған жағдайларда ЮНИСЕФ осы Келісімнің 11-бабына сәйкес жобаға көмек көрсетуді қысқартуы, тоқтата тұруы немесе іске асыруын тоқтатуы мүмкін.
ЮНИСЕФ салымынан қаржыландырылатын жабдыққа, материалдарға және өзге де мүлікке меншік құқығы жоба аяқталғаннан кейін Бюро балансына берілетін болады. ЮНИСЕФ-тен меншік құқығының ауысуына қатысты мәселелерді ЮНИСЕФ-тің саясаты мен рәсімдеріне сәйкес МИКС Басқарушы комитеті шешеді.
Салым ЮНИСЕФ-тің қаржылық ережелерінде, қағидаларында, директивалары мен рәсімдерінде көзделген ішкі және сыртқы аудит рәсімдеріне ғана жатады.
1. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, өз тиесілі жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей қол жеткізілген көрсеткіштерді сипаттай отырып, прогресс туралы талдамалық есепті ұсынады. Талдамалық есеп ЮНИСЕФ-тің есептілік рәсімдеріне сәйкес қалыптастырылады және іс-шараларды іске асырудың сипаттамасын, қойылған мақсаттарға сәйкес қол жеткізілген прогресті, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес жобаны орындаудағы негізгі кедергілер мен қиындықтарды қамтиды.
2. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес келесі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей әрбір жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша салым бойынша кірістер мен шығыстарды көрсететін, ЮНИСЕФ Бақылаушысы сертификаттаған жыл сайынғы қорытынды қаржылық есепті ұсынады.
3. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті кезеңде жобаның қаржылық шығыстары туралы есепті: 2023 жылғы – 2024 жылғы 30 маусымға дейін, 2024 жылғы – 2025 жылғы 2 қаңтарға дейін және 2025 жылғы – 2026 жылғы 2 қаңтарға дейін осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес ұсынады.
4. Балалар мен әйелдердің жағдайы туралы жиынтық деректер көрсетілетін статистикалық ақпараты бар зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есеп Тараптардың ресми сайттарында орналастырылады. Осы Келісім шеңберінде ешқандай жеке немесе құпия деректер берілмейді немесе зерттеу нәтижелерінің бөлігі ретінде жарияланбайды.
5. ЮНИСЕФ осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап он сегіз ай ішінде ЮНИСЕФ Бақылаушысы бекіткен қорытынды қаржылық есепті ұсынады.
1. ЮНИСЕФ жобалық құжатқа сәйкес бүкіл қызметтің аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етуге міндеттенеді.
2. Салым сомасынан қаржыландырылатын жобаның бүкіл қызметі аяқталғанына қарамастан, ЮНИСЕФ төлемі ұсынылатын салым есебінен жүзеге асырылатын қызмет процесінде алынған барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғанға және жоғарыда аталған барлық қызмет аяқталғанға дейін өз шотында пайдаланылмаған салым сомасын сақтауды жалғастырады. Салымның түпкілікті балансы сертификатталған қорытынды есеп бойынша айқындалады.
3. Егер салымның пайдаланылмаған сомасы осындай міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болып табылса, ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметін осындай міндеттемелерді орындау тәсілдерін хабардар етіп, онымен талқылайды.
4. Жобалық құжатқа сәйкес барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін қалған салымның кез келген пайдаланылмаған сомасын ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасының Үкіметімен келіскеннен кейін жоба шеңберіндегі басқа
іс-шараларға қайта бөлуі мүмкін немесе Үкіметтің сұрау салуы бойынша республикалық бюджетке қайтарылады.
Тараптар сыбайлас жемқорлықты болғызбау үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын мойындайды. Өз тарапынан ЮНИСЕФ персонал туралы ережелер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаларын, ЮНИСЕФ Қаржылық ережелері мен қағидаларын, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің сатып алу жөніндегі нұсқаулығын қоса алғанда, қағидаларда, хаттамаларда, саясаттар мен рәсімдерде көзделген тәртіппен шарттарды, гранттарды немесе басқа да төлемдерді беруге және жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық жағдайларын ескере отырып, персоналды басқару кезіндегі мінез-құлық нормаларын сақтайтын болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген қарарларына, оның ішінде S/RES/1269 (1999), S/RES 1368 (2001), және S/RES/1373 (2001) қарарларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ жалпы терроризмге қарсы халықаралық күресті және атап айтқанда, терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті айрықша қолдайды. ЮНИСЕФ терроризмге байланысты жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға тікелей немесе жанама қаржылық қолдау көрсетудің кез келген жағдайларын болдырмауға тырысады және осы Келісім шеңберінде алынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің ешқандай қаржы қаражаты жеке адамдарға немесе терроризмге байланысты ұйымдарға қолдау көрсету үшін пайдаланылмауы үшін тиісті шараларды қабылдайды.
1. Тараптар арасында консультациялар өткізілгеннен кейін және салым сомасы жобаны жүргізу үшін берілген басқа қаражатпен бірге жобаны енгізу кезінде қабылданған міндеттемелерді жабатын жағдайда осы Келісімнің қолданылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ЮНИСЕФ тоқтатуы мүмкін. Тараптардың бірі екінші Тарапқа осы Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап Келісім күнтізбелік отыз күн ішінде қолданыста болады.
2. Егер салымның пайдаланылмаған сомасы жоба үшін қол жетімді өзге де қаражатпен бірге міндеттемелерді орындау үшін жеткіліксіз болып табылған жағдайда ЮНИСЕФ осындай міндеттемелердің қалай орындалатынын Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабардар етуге және онымен талқылауға міндеттенеді.
3. Осы Келісімнің мерзімінен бұрын тоқтатылғанына қарамастан, ЮНИСЕФ салымның пайдаланылмаған сомасын төлем ұсынылатын салым есебінен жүзеге асырылатын қызмет процесінде алынған барлық міндеттер мен міндеттемелер орындалғанға және жоғарыда аталған бүкіл қызмет аяқталғанға дейін сақтайды.
4. Жоба мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жобалық құжатқа сәйкес барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін қалған салымның пайдаланылмаған кез келген сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына қайтарылады.
Осы Келісімде қамтылған немесе онымен байланысты шарттар ЮНИСЕФ үшін қандай да бір артықшылықтардан немесе қандай да бір иммунитеттен айқын немесе болжамды бас тарту ретінде қарастырыла алмайды.
1. Тараптар арасындағы хат-хабарлар мынадай мекенжайлар бойынша жіберіледі:
- жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның атынан Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев мырзаның мекенжайына,
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй,
"Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс,
тел.: +7 (7172) 74-90-16, +7 (7172) 74-90-19,
электрондық мекен-жайы: m.turlubaev@aspire.gov.kz;
Қаражатты алғаннан кейін ЮНИСЕФ-тің аударылған қаражатты алғанын растауы ретінде ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түбіртек жібереді.
- ЮНИСЕФ атына: доктор Рашед Мустафа Сарвар, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі,
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10А,
тел.: +7 (7172) 32-29-69, электрондық мекенжайы: astana@unicef.org.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісім оның күшіне ену үшін қажетті ішкі құқықтық рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 30 маусымды қоса алған мерзім бойынша қолданылады.
Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімге енгізілуі мүмкін.
20__ жылғы _____ "__" _____ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Мәтіндер арасында түсінбеушіліктер болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБалалар Қоры (ЮНИСЕФ) үшін |