"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар болатын жерінің бір бөлігін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы "Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 1014 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Жамбыл және Байзақ аудандары жерінің бір бөлігінің экспликациясы
Р/с | Жердің атауы | Жалпы ауданы (гектар) | оның ішінде: | ||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер (гектар) | елді мекендердің жері (гектар) | өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер (гектар) | су қорының жері (гектар) | босалқы жер (гектар) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Тараз қаласының бекітілген шекарасы (шегі) | 18 787,0 | 1912,0453 | 13 680,9547 | 3194,00 | - | - |
2 | Тараз қаласының шекарасына (шегіне) | 11 145,5 | 5 734,2 | 3 180,8235 | 128,6956 | 163,9925 | 1937,7574 |
Жамбыл ауданы Жамбыл, Қаратөбе, Гродеково, Қарой, Бесағаш, Полатқосшы, Ақбұлым ауылдық округтерінің жерінен қосылатын жер көлемі | |||||||
3 | Тараз қаласының шекарасына (шегіне) Байзақ ауданы Қостөбе, Ботамойнақ, Қызылжұлдыз, Бурыл ауылдық округтерінің жерінен қосылатын жер көлемі | 1 761,2014 | 796,203 | 806,5227 | 46,6243 | 21,7288 | 90,1226 |
4 | Тараз қаласының шекарасы (шегі) | 31 693,7 | 8442,4483 | 17 668,3009 | 3 369,3199 | 185,72 | 2027,88 |