Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
32. | Резеңке техникалық бұйымдар өндіру | 22191 | республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) "Орал "Зенит" зауыты" акционерлік қоғамы; | Қазақстан Республикасы | үнемі |
";
реттік нөмірі 132-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
132. | Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі | 35112 | республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) "Шардара СЭС" акционерлік қоғамы; | Қазақстан Республикасы | үнемі |
";
реттік нөмірі 166-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
166. | Су құрылысжайларын салу | 42910 | республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) "Кен-Кұрылыс-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; | Қазақстан Республикасы | үнемі |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |