"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Жамбыл ауданы – "Атом электр станциясы" ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |