Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 81-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
81 | 30.92.2 | Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалар шығару |
";
реттік нөмірі 192-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
192 | 47.76.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден кем болатын, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдердің, бөлме өсімдіктерінің бөлшек саудасы |
";
реттік нөмірі 195-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
195 | 47.76.4* | Сауда алаңы 2000 ш.м-ден асатын (2000 ш.м және одан жоғары), сауда объектілері болып табылатын мамандандырылған дүкендерде гүлдердің, бөлме өсімдіктерінің бөлшек саудасы |
";
реттік нөмірі 249-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
249 | 58.12.0 | Анықтамалықтар мен тарату тізімдерін шығару |
";
реттік нөмірлері 263 және 264-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
263 | 68.20.1 | Жекеменшік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
264 | 68.20.2*** | Жекеменшік немесе жалға алынған бизнес-орталықты, офистік құрылысжайларды, әкімшілік ғимаратты жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 264-1, 264-2, 264-3, 264-4, 264-5 және 264-6-жолдармен толықтырылсын:
"
264-1 | 68.20.4*** | Жекеменшік саудаға арналған жылжымайтын мүлікті және сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалға беру және басқару |
264-2 | 68.20.5*** | Жалға алынатын саудаға арналған жылжымайтын мүлікті және жалға алынған сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
264-3 | 68.20.6*** | Тұрғын үйлердегі жекеменшік немесе жалға алынған қосарлас, жапсарлас тұрғын емес үй-жайларды жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
264-4 | 68.20.7 | Жекеменшік немесе жалға алынған көрме залын, конференц-залдарды жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
264-5 | 68.20.8 | Жекеменшік немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
264-6 | 68.20.9*** | Басқа топтамаларға енгізілмеген жекеменшік немесе жалға алынған өзге де жылжымайтын мүлікті жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару |
";
реттік нөмірі 291-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
291 | 81.21.1 | Тұрғын үйлерді жалпы жинау |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-1-жолмен толықтырылсын:
"
291-1 | 81.21.2 | Коммерциялық ғимараттарды жалпы жинау |
";
реттік нөмірлері 312, 313 және 314-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
312 | 87.10.0 | Пациенттердің тұруы мен оларға орта медициналық персоналдың күтім жасауын қамтамасыз ете отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
313 | 87.20.0 | Психикасының бұзылуынан (ауруынан), ақыл-ой дамуының тежелуінен және дене кемістігінен, алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктен зардап шегуші адамдардың тұруын қамтамасыз ете отырып, оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
314 | 87.30.0 | Тұруын қамтамасыз ете отырып, егде азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
";
реттік нөмірі 316-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
316 | 88.10.0 | Егде азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға тұруы қамтамасыз етілмейтін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |