Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1.7-1-жолмен толықтырылсын:
"
9-1. | 7-1. | "Phystech II" акционерлік қоғамы | екі кезеңді ашық конкурс/электрондық конкурс/тікелей атаулы сату | 2025 |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |