Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8), 32-9) және 32-10) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-3) күзет қызметі саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
32-4) күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлейді және жаңартады;
32-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты бекітеді;
32-6) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
32-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
32-8) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
32-9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;
32-10) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;";
мынадай мазмұндағы 56-1) және 56-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"56-1) ішкі істер органдарының қызметкерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін бекітеді;
56-2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:
"78-1) азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тізбесін келіседі;";
82) тармақша алып тасталсын;
100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"100) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 114-1) тармақшамен толықтырылсын:
"114-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарайды;";
мынадай мазмұндағы 148-1) тармақшамен толықтырылсын:
"148-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысымен бірлесіп психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 175-1) тармақшамен толықтырылсын:
"175-1) құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ішкі істер органдарының Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық ұйымдарына жіберу тәртібін белгілейді;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;";
13) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |