"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 337 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік функцияларды іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-1) байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып, ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс желілері мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 118-1) және 118-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "118-1) пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлігімен тасымалдау тәртібін айқындау;

      118-2) пошта жөнелтілімдерін (пошта карточкасынан басқа) растаушы құжаттарды ұсыну арқылы беру кезінде жөнелтушінің олардың құнын жариялау тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 199-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "199-1) "Әлеуметтік әмиян" ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабарлау (хабардар ету), осындай шараны есепке алу және (немесе) алу және жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасын өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 226-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "226-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнаулы, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін компьютерлік және интерактивті жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 262-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "262-3) меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын келісу;";

      332) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "332) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыстың мұқтаждығын қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждығы үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2025 года № 337

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 13 дополнить подпунктами 24) и 25) следующего содержания:

      "24) осуществление стратегических, регулятивных, реализационных и контрольных функций в области почты в пределах своей компетенции;

      25) формирование государственной политики в области почтовой связи на основе и во исполнение основных направлений внутренней и внешней политики государства, определенных Президентом Республики Казахстан, и основных направлений социально-экономической политики государства, его обороноспособности, безопасности, обеспечения общественного порядка, разработанных Правительством Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 100-1) следующего содержания:

      "100-1) определение порядка обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам;";

      дополнить подпунктами 118-1) и 118-2) следующего содержания:

      "118-1) определение порядка перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом;

      118-2) определение порядка объявления отправителем стоимости почтовых отправлений (кроме почтовой карточки) при их подаче путем представления подтверждающих документов;";

      дополнить подпунктом 199-1) следующего содержания:

      "199-1) определение порядка извещения (уведомления) о мере государственной поддержки физических лиц, учета и (или) получения такой меры, осуществляемых посредством объекта информатизации "Социальный кошелек", и получения меры государственной поддержки физических лиц посредством иных объектов информатизации;";

      дополнить подпунктом 226-1) следующего содержания:

      "226-1) разработка и утверждение совместно с уполномоченным органом в области образования минимальных требований к компьютерному и интерактивному оборудованию для государственных организаций образования, реализующих образовательные программы начального, основного среднего и общего среднего, специального, технического и профессионального образования;";

      дополнить подпунктом 262-3) следующего содержания:

      "262-3) согласование правил установки видеокамер и проведения мониторинга видеонаблюдения в местах массового скопления граждан на территории города Туркестана при наличии согласия собственников;";

      подпункт 332) изложить в следующей редакции:

      "332) регулирование цен (тарифов) на предоставление линий и каналов связи, каналов в кабельной канализации и площадей, необходимых для размещения технических средств для нужд уполномоченных государственных органов, Службы государственной охраны (за исключением нужд президентской связи), органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, а также оператора информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов