Азаматтардың заңсыз сотталу фактілерін жою шараларды және негізсіз қылмысқа тартудан, соттаудан келтірілген залалдың орнын толтыру тәжірибесі туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1987 жылғы 23 ақпан N 2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999.07.09 N 7 қаулысымен. ~P99007s.

      Айыптау үкім бұзылып іс өндірістен қысқартылған қылмыстық істерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ заңсыз соттаудан азаматқа келтірілген залалдың орнын толтыру практикасын талқылай келіп, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы республика соттарының қызметінде азаматтарды негізсіз соттау фактілері әлі де орын алып отырғанын атап көрсетеді. Соттардың бәрі бірдей қылмыс жасаған әрбір адам әділ жазаға тартылуы, ал айыпты емес бірде-бір адам қылмыстық жауапқа тартылмау туралы заңдардың талаптарын дәлме-дәл әрі мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етпеген.

      Кейде сотталушының кінәлілігі және жазалау шарасын тағайындау туралы мәселені түпкілікті шешетін орган ретінде соттың ролі жете бағаланбайды. Бұл жағдай соттардың кей уақытта біржақты, толық тергелмеген істерді қарап, тергеу ағаттықтары мен олқылықтарын тиісінше сот мәжілісінде толықтырмай, үкім шығаруына әкеп соқтырады.

      Кейбір сот шешімдері анық айыптау бағытында шығарылады, күмәнді дәлелдемелер, егерде оларды жоюға мүмкіндік болмаса, әрдайым сотталушының пайдасына шешіле бермейді. Ақтау үкімін шығару бар жағдайларда істер негізсіз қосымша тергеуге жіберіледі.

      Кейбір жағдайларда азаматтар қажетті қорғану шегінен асып кетпей қорғану жағдайында жасаған іс-әрекеттері үшін негізсіз сотталады.

      Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту кейде қылмыстық жауапкершілікті болғызбайтын мән-жай ретінде емес, тек жазаны жеңілдету ретінде қаралады.

      Азаматтардың қаңғыбастықпен немесе тіленшілікпен шұғылданғаны не өзге де арамтамақтықпен өмір сүргені үшін олардың іс-әрекетінде аталған қылмыстың барлық нышандары болмаған жағдайда негізсіз соттауға жол берілген.

      Әкімшілік қадағалау ережелерін қасақана бұзу туралы істер бойынша ішкі істер органдары осындай қадағалауды заңсыз белгілегенде соттар айыптау үкімін шығарады.

      Совхоздар мен колхоздардан жалақы есебіне алынған ауыл шаруашылық өнімдерін базарда сатуды кейбір соттар алыпсатарлық деп дұрыс бағаламайды.

      Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар және бұзақылық туралы істер бойынша соттар айыпкердің қылмыстық ниетінің мазмұны мен бағытын, олар жасаған әрекеттің мақсаты мен себебін жеткілікті талдамайды, соның салдарынан өзара қарым-қатынас негізінде денені жеңіл түрде қасақана жарақаттаған адамдардың әрекеттерін бұзақылық деп дұрыс дәрежелемейді, мұндай адамдардың зардап шеккен адамнан шағым түспеген жағдайда қылмысқа тартылмайтындығы ескерілмейді. Ақтау үкімін шығарған кезде немесе іс өндірістен қылмыс оқиғасы, сипаты болмағандығынан әлде адамның қылмыс істеуге қатысқаны дәлелденбегендіктен қысқартылған жағдайларда Қазақ ССР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 30-1-статьясының талаптарына қарамастан соттар азаматтарға олардың бұзылған праволарын қалпына келтіру тәртібін түсіндірмейді, қылмыстық жауапқа заңсыз тартылуы және сотталуы салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруға шаралар қолданбайды.

      Кассациялық және бақылау тәртібімен істерді қараған кезде облыстық және Алматы қалалық соттары төменгі соттардың сот қызметін қадағалауды тиісінше жүзеге асырмайды, негізсіз соттауға кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қоймайды, мұндай үкімдерді өзгеріссіз қалдырып, көбіне заңның бұзылуына өздері жол береді. Кейде жеткілікті негіз болмаса да ақтау үкімдерін бұзып, істерді қосымша тергеуге жібереді, онда олар қандай да болсын тергеу ісі жүргізілмей, қысқартылады. Азаматтарды негізсіз соттаудың себептері зерттелмейді, заңдылықтың бұзылу фактісіне себеп болған мән-жайлар анықталмайды, оларды жоюға шара қолданылмайды.

      Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы

      Қаулы етеді:

      1. Республика соттарының назары социалистік заңдылықты өрескел бұзу, жеке адамның правосына нұқсан келтіру және сот әділдігінің беделін түсіру болып табылатын азаматтарды негізсіз соттау фактілеріне аударылсын.

      Соттардан қылмыстық істерді қараған кезде заңдарды қатаң сақтау, қызмет борышын орындау жолындағы жауапкершілік сезімін арттыру, жауапқа тартылған әрбір адамның тағдырын дұрыс, көңіл қойып және мұқият шешу талап етілсін.

      Сот әділдігін жүзеге асырған кезде заңның бұзылуы ешнәрсемен ақталмайды.

      2. Соттарға қылмыстық істерді қарау сапасын одан әрі арттыру, кінәсіз адамды негізсіз соттауға да, қылмыс жасаған адамдарды ақтауға да жол бермеу үшін іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелердің толық және объективті зерттелуін қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілсін.

      Азаматтарды негізсіз соттаудың әрбір фактісін азаматтардың конституциялық праволарының бұзылуы ретінде, төтенше оқиға ретінде қарау керек. Бұл фактілер бойынша мұқият тексеру жүргізіп, жол берілген сот қателіктерінің себебін анықтау және кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде мәселе қойылуы қажет.

      3. Соттар анықтама және алдын ала тергеу материалдарының сапасы мен толықтығына талапты күшейтуге тиіс.

      Анықтама немесе алдын ала тергеу ісінің толық еместігі анықталған жағдайда сот тергеудегі ағаттықтың орнын толтыру үшін өзіне қатысты шаралардың бәрін қолдануға міндетті. Егер тергеудің олқылықтарын сот мәжілісінде толықтыруға мүмкіндік болмаса іс қосымша тергеуге жіберілуге жатады.

      Сонымен бірге Пленум кейбір соттарда қалыптасып отырған айыпты дәлелдейтін дәлелдемелер болмаған, қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндіктер таусылған, соған байланысты ақтау үкімі шығарылуға тиіс болған жағдайда істерді қосымша тергеуге жіберу сияқты практиканы теріс практика деп есептейді.

      4. Соттардың назары Қазақ ССР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 30-1-статьясының ақтау үкімін шығарғанда, қылмыс оқиғасы немесе қылмыс құрамы болмағандықтан не азаматтың қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен қылмыстық іс қысқартылған кезде оған бұзылған праволарын қалпына келтіру тәртібі түсіндіруге және залалдың орнын толтыру үшін шаралар қолдануға сотты міндеттейтін талаптарының мүлтіксіз орындалу қажеттігіне аударылсын.

      5. Заңға және СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1981-жылғы 18-майдағы Указымен бекітілген, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен азаматтарға келтірілген залалдың орнын толтыру тәртібі туралы ережеге сәйкес залалдың орнын толтыру правосы ақтау үкімі шығарылған, толық ақтайтын негіздер бойынша, яғни қылмыс оқиғасы немесе қылмыс құрамы болмағандықтан (осы негіздер бойынша есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген адамға қатысты істерді қысқарту реттерінен басқа) азаматтың қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбегендіктен қылмыстық іс қысқартылған жағдайда пайда болады.

      Мыналардың орны толтырылуға тиіс:

      а) азаматтың тіршілік жасайтын негізгі қаражат көзі болып табылатын, заңсыз әрекеттер салдарынан айрылған жалақысы және басқа да еңбек табыстары;

      б) бас бостандығынан заңсыз айыруға байланысты төлеу тоқтатып қойылған пенсия немесе жәрдем;

      в) сот конфискелеген немесе мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік (оның ішінде ақша, аманат ақша және олардың проценті, мемлекеттік заем облигациялары және оларға түскен ұтыстар, өзге де бағалы заттар);

      г) сот үкімін орындаудан өндіріп алынған штрафтар, сот шығындары және заңсыз әрекеттерге байланысты азамат төлеген өзге де сомалар;

      д) заң көмегін көрсеткені үшін азаматтың заң консультациясына төлеген сомалары.

      Бұдан басқа еңбек, пенсия, тұрғын үй және басқа праволар қалпына келтіріледі (жұмысқа, оқу орнына қайта орналастыру, әскери және өзге атақтарын қалпына келтіру, ордендерін, медальдарын қайтарып беру, атына кір келтіретін мәліметтерді бекерге шығару), өзге залалдың орны толтырылады (өзіндік меншігіндегі бұзуға байланысты пәтер беру, осы үйдің, құрылғылардың, жеміс-жидек өсімдіктерінің құнын төлеу және т.б.).

      6. Өзі жөнінде заңсыз әрекеттер 1981-жылғы 1-июньнен кейін жасалған азаматтардың залалдың орнын толтыруға правосы бар екенін соттар ескеруі керек. 1981-жылғы 1-июньге дейін келтірілген залал ол келтірілген сәтте қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеледі.

      Азамат қайтыс болған ретте мүліктік залалдың орнын толтыру правосы оның мұрагеріне және асырауындағы семья мүшелеріне ауысады.

      7. Нұсқаудың 6-тармағына СССР Жоғарғы Соты Пленумының "Сот әділдігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты одан әрі нығайту туралы" 1986-жылғы 5-декабрьдегі N 5-Қаулысының 3-тармағына сәйкес залалдың орнын толтыру правосы мен тәртібін түсіндіретін жазбаша хабарламаны ақтау үкімін шығарған ретте де, істі жоғары тұрған сот кассациялық немесе бақылау тәртібімен қысқартқан жағдайда да істі бірінші инстанцияда қараған сот жібереді.

      Хабарлама нұсқауға қосымшада белгіленген форма бойынша жасалады.

      Қайтыс болған адамның мұрагері мен асырауындағы адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтер болмаған жағдайда хабарлама олар сотқа өтініштенген күннен бастап бес күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      8. Нұсқаудың 11-тармағына сәйкес азамат өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімде сот келтірілген мүліктік залалдың мөлшерін анықтау үшін қажетті документтерді сұратып алдыруға және Қазақ ССР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 356-статьясына сәйкес ұйғару шығаруға міндетті екені атап көрсетілсін, бұл ұйғаруда белгілі бір органға залалды өтеу міндетін жүктемей, тек қана төленуге тиісті сомамен толық есеп айырысуға тиіс.

      Ұйғарудың көшірмесі үш тәуліктен кешіктірілмей халық депутаттарының аудандық (қалалық) Советі атқару комитетінің финанс бөліміне тапсыру үшін азаматқа берілуге тиіс.

      9. Қазақ ССР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 319-статьясына сәйкес залалды өтеу туралы соттың ұйғаруына жеті тәулік ішінде жоғары тұрған сотқа шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін екені түсіндірілсін.

      10. Қылмыстық істер қараған кезде азаматтардың конституциялық праволары мен мүдделеріне қатысты және өзге де еріксіз шараларын қолданған, негізсіз тұтқынға алу жауапқа тарту фактілері анықталса соттар заңдылықтың бұзылуын болғызбауға шаралар қолдану және кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін тиісті органдар мен лауазымды адамдардың атына жеке ұйғару шығаратын болсын.

      11. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер қарайтын сот коллегиясы, облыстық және Алматы қалалық соттары қылмыс оқиғасы немесе қылмыс құрамы болмағандықтан, сондай-ақ азаматтың қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен істі қысқарта отырып кассациялық немесе бақылау тәртібімен үкім бұзған ретте үкім шығарған соттың Қазақ ССР-інің Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 30-1-статьясының заңсыз соттау салдарынан адамға келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талаптарын орындауын бақылауға тиіс.

      12. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының, облыстық, Алматы қалалық соттарының қылмыстық істер қарайтын сот коллегиялары бірінші инстанциядағы соттар жіберген қателіктерді, істерді кассациялық тәртіппен қараған кезде жою үшін кассациялық инстанциялардың қызмет деңгейін арттырсын.


      Сот практикасы ұдайы талданып, сот қателіктерін болғызбау жөнінде

      шаралар қолданылсын.

      13. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Соты

      Пленумының "Қазақ ССР сот органдарының қызметіндегі азаматтарды негізсіз

      соттау фактілерін жою жөніндегі шаралар туралы" 1965-жылғы 28-сентябрьдегі

      N 7-қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

      Оқыған:

      (Қасымбеков Б.А.)

О мерах по устранению фактов необоснованного осуждения граждан и практике возмещения ущерба, причиненного незаконным привлечением к уголовной ответственности и осуждением

Постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР от 23 февраля 1987 г. N 2. Утратило силу - Постановлением Пленума Верховного Суда РК от 9 июля 1999 г. N 7 ~P99007s.


      Обсудив результаты изучения уголовных дел, по которым обвинительные приговоры отменены с прекращением дел производством, а также практику возмещения ущерба, причиненного гражданину незаконным осуждением, Пленум Верховного Суда Казахской ССР отмечает, что в деятельности судов республики продолжают иметь место факты необоснованного осуждения граждан. Не все суды обеспечили точное и неуклонное исполнение законов с тем, чтобы каждый совершивший преступление был подвергнут справедливому наказанию и ни один невиновный не был привлечен к уголовной ответственности и осужден.
      Иногда недооценивается роль суда как органа, окончательно решающего вопрос о виновности подсудимого и назначении меры наказания. Это приводит к тому, что суды в ряде случаев рассматривают и выносят приговоры по делам, расследованным неполно, односторонне, не восполняя должным образом пробелы и упущения следствия в судебном заседании.
      Отдельные судебные решения выносятся с явно обвинительным уклоном, не всегда имеющиеся сомнения в отношении доказанности обвинения, когда не представляется возможным их устранить, толкуются в пользу подсудимого. В ряде случаев при наличии оснований для вынесения оправдательного приговора дела необоснованно направляются на дополнительное расследование.
      В некоторых случаях граждане необоснованно осуждаются за действия, совершенные в состоянии необходимой обороны без превышения ее пределов.
      Добровольный отказ от совершения преступления иногда рассматривается не как обстоятельство, исключающее уголовную ответственность, а как основание для смягчения наказания.
      Допускалось необоснованное осуждение граждан за занятие бродяжничеством или попрошайничеством либо ведение иного паразитического образа жизни при отсутствии в их действиях всех признаков указанного преступления.
      По делам о злостном нарушении правил административного надзора суды постановляют обвинительные приговоры в случаях незаконного установления органами внутренних дел такого надзора.
      Продажа на рынках сельхозпродуктов, полученных в совхозах и колхозах в счет заработной платы, неправильно расценивается отдельными судами как спекуляция.
      По делам о хулиганстве и преступлениях против личности суды недостаточно анализируют содержание и направленность умысла виновного, цель и мотивы совершенных им действий, вследствие чего неправильно квалифицируются как хулиганство действия лиц, причинивших на почве личных взаимоотношений умышленное легкое телесное повреждение, которые ввиду отсутствия жалобы потерпевших не подлежали уголовной ответственности.
      При постановлении оправдательного приговора, прекращении уголовного дела за отсутствием события, состава преступления или за недоказанностью участия лица в совершении преступления, суды вопреки требованиям ст. 30-1 УПК Казахской ССР не разъясняют гражданам порядок восстановления их нарушенных прав, не принимают мер к возмещению ущерба, причиненного в результате незаконного привлечения к уголовной ответственности и осуждения.
      При рассмотрении дел в кассационном и надзорном порядке областные и Алма- Атинский городской суды должным образом не осуществляют надзор за судебной деятельностью нижестоящих судов, не ставят вопросы об ответственности виновных в необоснованном осуждении, нередко сами допускают нарушения закона, оставляя без изменения такие приговоры. Иногда без достаточных на то оснований отменяют оправдательные приговоры и направляют дела на дополнительное расследование, где они без проведения каких-либо следственных действий прекращаются. Причины неосновательного осуждения граждан не изучаются, не выявляются обстоятельства, из-за которых стали возможными факты нарушения законности, не принимаются меры к их устранению.
      Пленум Верховного Суда Казахской ССР
      ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Обратить внимание судов республики на факты необоснованного осуждения граждан, являющиеся грубейшим нарушением социалистической законности, ущемляющим права личности и подрывающим авторитет правосудия.
      Потребовать от судов строжайшего соблюдения законов при рассмотрении уголовных дел, повышения чувства ответственности за выполнение служебного долга, правильное, чуткое и внимательное разрешение судьбы каждого человека, привлеченного к ответственности.
      Ничто не может быть признано оправдывающим нарушение законности при отправлении правосудия.
      2. Указать судам на необходимость дальнейшего повышения качества рассмотрения уголовных дел, обеспечения полного и объективного исследования всех собранных по делу доказательств с тем, чтобы не допускать как необоснованного осуждения невиновных, так и оправдания лиц, совершивших преступления.
      Каждый факт необоснованного осуждения граждан следует рассматривать как нарушение конституционных прав граждан, как чрезвычайное происшествие. По этим фактам необходимо проводить тщательную проверку, устанавливать причины допущенной судебной ошибки и ставить вопрос о привлечении виновных к ответственности.
      3. Суды должны повысить требовательность к качеству и полноте материалов дознания и предварительного следствия.
      При установлении неполноты дознания или предварительного следствия суду необходимо принять все зависящие от него меры к восполнению пробелов следствия. В случаях, когда неполнота следствия не может быть восполнена в судебном заседании, дело должно быть направлено на дополнительное расследование.
      Вместе с тем Пленум считает порочной сложившуюся в некоторых судах практику направления дел на дополнительное расследование, когда отсутствуют доказательства, подтверждающие предъявленное обвинение, все возможности для собирания дополнительных доказательств исчерпаны, в силу чего надлежало постановить оправдательный приговор.
      4. Обратить внимание судов на необходимость неукоснительного выполнения требований ст. 30-1 УПК Казахской ССР, обязывающих суд при постановлении оправдательного приговора, прекращении уголовного дела за отсутствием события или состава преступления, либо за недоказанностью участия гражданина в совершении преступления, разъяснить ему порядок восстановления его нарушенных прав и принимать меры к возмещению ущерба.
      5. Право на возмещение ущерба, согласно закону и Положению о порядке возмещения ущерба, причиненного гражданину незаконными действиями органов дознания, предварительного следствия, прокуратуры и суда, утвержденному Указом Президиума Верховного Совета СССР от 18 мая 1981 года, возникает при условии постановления оправдательного приговора, прекращения уголовного дела по реабилитирующим основаниям, т.е. за отсутствием события или состава преступления (кроме случаев прекращения по этим основаниям дела в отношении лица, совершившего общественно опасное деяние в состоянии невменяемости) или за недоказанностью участия гражданина в совершении преступления; прекращения дела об административном правонарушении. Возмещению подлежат:
      а) заработок и другие трудовые доходы, являющиеся основным источником средств к существованию гражданина, которых он лишился в результате незаконных действий;
      б) пенсия или пособие, выплата которых была приостановлена в связи с незаконным лишением свободы;
      в) имущество (в том числе деньги, денежные вклады и проценты на них, облигации государственных займов и выпавшие на них выигрыши, иные ценности), конфискованное или обращенное в доход государства судом;
      г) штрафы, взысканные во исполнение приговора суда, судебные издержки и иные суммы, выплаченные гражданином в связи с незаконными действиями;
      д) суммы, выплаченные гражданином юридической консультации за оказание юридической помощи.
      Кроме того производится восстановление трудовых, пенсионных, жилищных и других прав (восстановление на работе, в учебном заведении, воинских и иных званий, возврат орденов, медалей, опровержение порочающих сведений), возмещение иного ущерба (предоставление квартиры в связи со сносом находившегося в личной собственности дома, выплаты стоимости этого дома, строений, ягодных насаждений и т.д.).
      6. Судам следует иметь в виду, что право на возмещение ущерба имеют граждане, в отношении которых незаконные действия совершены после 1 июня 1981 года. Ущерб, причиненный до 1 июня 1981 г., возмещается в соответствии с законодательством, действовавшим на момент причинения ущерба.
      В случае смерти гражданина право на возмещение имущественного ущерба переходит к наследникам и членам семьи, находившимся на его иждивении.
      7. Согласно п. 6 Инструкции и п. 3 Постановления Пленума Верховного Суда СССР от 5 декабря 1986 г. N 15 "О дальнейшем укреплении законности при осуществлении правосудия" письменное извещение, разъясняющее право и порядок возмещения ущерба, направляется гражданину судом, рассмотревшим дело по первой инстанции, как в случае постановления им оправдательного приговора, так и при прекращении дела в кассационном или надзорном порядке вышестоящим судом.
      Извещение составляется по форме, установленной в приложении к Инструкции.
      При отсутствии сведений о месте жительства наследников и иждивенцев умершего извещение направляется им не позднее пяти дней со дня обращения их в суд.
      8. Указать судам, что согласно п. 11 Инструкции суд в месячный срок со дня обращения гражданина обязан истребовать документы, необходимые для определения размера причиненного имущественного ущерба, и вынести применительно к ст. 356 УПК Казахской ССР определение, в котором, не возлагая обязанность возмещения ущерба на определенный орган, должен произвести лишь подробный расчет подлежащих выплате сумм.
      Копия определения не позднее трех суток должна быть вручена гражданину для предъявления в финансовый отдел исполнительного комитета районного (городского) Совета народных депутатов.
      9. Разъяснить, что определение суда о возмещении ущерба, в соответствии со ст. 319 УПК Казахской ССР может быть обжаловано или опротестовано в вышестоящий суд в течение семи суток.
      10. Судам при рассмотрении дел в случаях установления фактов необоснованного привлечения граждан к уголовной ответственности, задержания и применения иных мер процессуального принуждения, затрагивающих конституционные права и интересы граждан, необоснованных арестов, выносить частные определения в адрес соответствующих органов и должностных лиц для принятия мер к предотвращению нарушений законности и решения вопроса об ответственности виновных лиц.
      11. Судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Казахской ССР, областным и Алма-Атинскому городскому судам в случае отмены приговора в кассационном или надзорном порядке прекращением дела за отсутствием события или состава преступления, а также за недоказанностью участия гражданина в совершении преступления следует контролировать исполнение судом, вынесшим приговор, требований ст. 30-1 УПК Казахской ССР о возмещении ущерба, причиненного лицу в результате незаконного осуждения.
      12. Судебным коллегиям по уголовным делам Верховного Суда Казахской ССР, областных, Алма-Атинского городского судов повысить уровень деятельности кассационных инстанций с тем, чтобы допущенные судами первой инстанции ошибки устранялись при рассмотрении дел в кассационном порядке.

    Систематически анализировать судебную практику и принимать меры по 
предупреждению судебных ошибок.
     13. В связи с принятием настоящего постановления считать
утратившим силу постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР
от 28 сентября 1965 г. N 7 "О мерах по устранению фактов
необоснованного осуждения граждан в деятельности судебных органов
Казахской ССР".
     
     
     
(специалист Р.Жантасова
      17.11.98 г.)